Өнеге отбасынан басталады

Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан басталады

Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі басының ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен» ,

«Ата – бәйтерек, бала — жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.

 

Түрі:  викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу

 

 

І. Ұйымдастыру.

  1. Викториналық сұрақтар

III. «Бақытты отбасы» суреті.

IV.Тығырықтан шығу

V.«Сөз тапқанға-қолқа жоқ».

  1. Қорытындылау:

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана алдында нәзік те қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

 

І бөлім  Таныстыру.

1 топ  «Алтын ұя»

2 топ «Берекелі отбасы »  

 

ІІ бөлім.

«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топқа

  1. ҚРтәуелсіздіктіқашаналды. (1991ж. 16-желтоқсан)
  2. Қандайұлттықтағамдардыбілесің?«қазықарта, жалжая,бесбармақ,

     қымыз, шұбат.»

  1. «Қаракемпір», «Қарашал»«Бозторғай» әндерініңавторыкім? (әншісазгерА.Қоразбаев).

4.Ұлттықкиімдерқалайаталады?  ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешект.б)

5.Беташарқашанайтылады?  ( келінтүскенде)

6.Қазақхалқыныңсалтдәстүрлеріната? ( шілдехана, бесіктой, тұсаукесу, құдатүсу, келінтүсіру, қызұзату. т.б.

7Әкеденбалаңаберілетінзат( мұра)

  1. Үйдегіалтынадамкім?( ана)
  2. Бесдұшпандыатаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекермалшашпақ)

ІІтоп

1.Тәрбиеменбілімніңордасы( мектеп)

2.18жасқатолмағанадам( бала)

3.«Өзінөзітану»бағдарламасыныңавторыкім? ( С.Назарбаева)

4.Екіадамныңбірбірінедегенадалдығы ( достық)

5.Қазақстандақандайбілімалуміндеттітүрде( орта)

6.Бесасылдыатаңыз  (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым)

7.Үшарсыздыата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

8.Үшқуаныш( алғысалу, өзіңдікөптіңіздеуі, ісіңніңөшпеуі)

9.Мемлекеттікрәміздердіата  ( елтаңба, ту, гимн)

 

 

ІІІ бөлім .

«Бақытты отбасы » суретін  салу және қорғау

ІV бөлім

 «Тығырықтан шығу»

Жағдаяттық сауалдар беру.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
  2. Ұзақ тоқсан,досыңсабақоқуыназайтып, сабақүлгерімітөмендепкетті, ал сен не істейсің?
  3. Сеніңсабақүлгеріміңорташа.Сыныптастарыңсенібіліміңбойыншабағалап, адамгершілікқасиеттеріндікөребілмейді.сен не істейсің?
  4. Пәнмұғалімдерісеніңжауапкершілігіңдібағалапертеңгебіржұмыстапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
  5. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

  V бөлім

 «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

  1. Ананың көңілі балада, …………………….. (баланың көңілі далада)
  2. Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқандасоныілерсің)
  3. Ананыңсүті – бал, …………………………..( баланыңтілі – бал)
  4. Туғанүйдіңтүтініжылы, ………………………( туғанананыңкүтіміжылы)
  5. Анаңаауырсөзайтпа, ………………………….( артыңаауыржүкартпа)
  6. Бала – бақшадағыгүлің, ———————-(оны тәрбиелеуүлкенғылым)
  7. Құсбалапаныүшін——————————(тұзаққатүседі,)
  8. Анасүтінақтамағанды —————————(ешкімжақтамайды).
  9. Әдепті бала ата-анасынмақтар ————- (әдепсіз бала ата-анасынқақсатар).

VI.Бейнематериалкөрсету

VІІ бөлім 

Қорытындылау:

Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.

Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұлата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой саладыдепойлаймыз. «Жұмылакөтергенжүкжеңіл» демекші, балалардыбірлесетәрбиелейік, ойнайық, күлейік.

Ал құрметті ұстаздар,ата –аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға  алғыс білдіре отырып,  балаларымыз біздерді  тек  жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін!- деп, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.