Тәрбие сағаты. Тәуелсіздікке 20 жыл
Тәрбие сағаты. Тәуелсіздікке 20 жыл
Мақсаты.
1.Еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуы, тәуелсіздікке қалай жеткені туралы білім беру.
2.Сөйлеу, ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Елін, халқын, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматтарды қалыптастыру.
Көрнекілігі: ҚР республикасының рәміздері, картасы, суреттер, Қазақстан туралы суреттер, кітаптар.
Әдістері: сұрақ-жауап, ой қозғау,түсіндіру, әңгімелеу,
Барысы.
І Қызығушылығын ояту.
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылар өз ойларын айтады)
ІІ Мағынаны тану.
- Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылғы 16 – желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады.Екі жүз жылдай Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егеменді ел болды.Бұл күн – Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республиасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.
Қазақ жері – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан – ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық республикасымен, оңтүстігінде Қырғыз, Өзбек, Түрікмен елдерімен, ал батысында Әзербайжан республикаларымен шектеседі.
- Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала… Төсі толқыған егін
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді аңсатып, алыстан армандатып
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Ең бірінші бақытым – Халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің!
Көк байрақ – Туымыз
Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, күн, қыран – сәні бар
Көк байрақ – ашық көк кеңісім,
Алтын күн – белгісі жеңістің.
Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де.
Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
ІІІ Ой толғаныс.
20 жыл тәуелсіздікте өмір сүрген елімізде қандай өзгерістер болды?
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет тәуелсіздігі туралы» Жарлығы жарияланысымен – ақ, дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады. Алғашқылардың бірі болып, тәуелсіздігімізді таныған Түркия мемлекеті. Содан бері әлемнің жүзден астам еліменҚазақстан емін – еркін достық байланыс жасап үлгерді. Бұл күнде Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше, Бірінші қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.Қазақстан Қарулы күштері құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына кірді. Ұлттық теңгеміз өмірге келді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы салынды.
ІІІ Қорыту.
Мақтанам кең байтақты елім үшін
Құнарлы, мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінген деп,
Тілегім, о туған жерім, пейілім шын!