«Доссыз өмір бос» 4- сыныпқа арналған
Тақырыбы: «Доссыз өмір бос» 4- сыныпқа арналған
Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу
Сабақтың әдісі: тренинг
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың мазмұны:
Жүргізуші: Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.
Біз бүгін жас ұрпақ арасында «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».
Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Назгүл: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Феруза:Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Абылай: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.
1 – көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
— Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
— Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
— Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
— Мамаң ұрыспай ма?
— Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
— Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді)
Жүргізуші: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі !Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?
Т а л д а у
Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл – өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», – демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.
2-көрініс
Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрстіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л д а у
Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштырының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» – деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
3-көрініс
2-ші көріністегі қайталанады. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң…
Жеке оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің кіммен жүретінін айтты…»
Бәрі шығып кетеді.
Жүргізуші: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», – деген екен. Жаңағы көріністегі кімдікі достық?
Т а л д а у
Айдос: Достық – әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» – деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.
Абылай: Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Мөлдір: Ал меніңше Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен»,- деген нақылды білмеген үлкен қателік.
Анаргүл: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық.
Фариза: Халықта: «Досыңнан тап!» – деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», – деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», – дейді. Жан-Жак руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», – дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т а л д а у
Жүргізуші: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», – деген екен. Тағы да көрініске назар аударалық.
4-көрініс:
Ұл мен қыз дос еді. Бір күні екеуі келіспей қалды. Ұл өзінің досына көңілін айтып келді.
Ілияс:Таңат, досым болған соң келдім. Мен жүріп жүрген қызыммен келіспей қалдым. Ақыл айтшы, енді мен не істеймін?
Әділхан:Қиналма, кеткен қыз өзі келеді. Нағыз болмаса қыз көп емес пе?
Ілияс:Мен оны жақсы көремін ғой. Одан басқа қыздың қажеті жоқ.
Әділхан:Ақыл айтайын ба? Анаше шек. Мен де шегіп жүрмін. Кайф. Бәрін де ұмытасың. Мә!
Екеуі шегеді. Ыржалақтап шығып кетеді. Бір аптадан соң Ілияс «Ақша! Ақша керек!» деп ұрлық жасап жүр.
Жүргізуші: Ілиястың досының ісі достық па? Оның орнында сен болсаң не істер едің? Қандай ақыл айтар едің?
Т а л д а у
Жүргізуші: «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы». Ал енді бір көрініске назар аударалық.
5-көрініс:
Екі достың мектеп бітіргендеріне де бір жыл болыпты. Көптен кездескен жоқ еді. Екеуі кездескенін арақпен жуып, арты екеуінің төбелесіне айналды.
Жүргізуші: Түркі ғалымы Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді» Достарымызды ұмытпайық достар.
Қорытындылау.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.
Жақын өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.