Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің !

Тақырыбы: Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің !

Мақсаты:  Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кештің көрермендері! Баршаңызды Көктем мерекесімен құттықтаймын! Кемеңгер, кең жүрек, мол мейірлі асыл әжелер, тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы-Аналар, Қырмызы гүлдер-Арулар мерекелеріңіз құтты болсын! Мағыналы ғұмыр, бақытты болашақ тілеймін. Бүгінгі күні асыл әже, аяулы ана, ақылшы жеңеше, сүйкімді қыз болып, «Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің» атты пікіралмасуға қош келдіңіздер.Бүгінгі аналар мерекесіне арналған кешімізге тарту ретінде мектеп оркестрінің орындауындағы күйлерді ұсынамыз.

Орындалатын күйлер: «Тойбастар», «Балбырауын», «Қос алқа», «Кеңес»

Жүргізуші:  

Көз керек-ананың өнерін, парасатын көруге,

Көз керек-арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге,

Көз керек-ұйқысыз түндер мен уайымды түндер салған,

Әжімдердің сырын ұғуға.

Көз керек-бесік жыры мен ана әлдиінің

Құдіретін толық біліп, ұғынуға.

Сөз керек-ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге,

Сөз керек-дүниенің алтын діңгегі

Ана екенін әйгілеуге.

Сөз керек-жылына бір рет болса да,

Ана мен әйелдің көкіректі кернеген

Сезім мен көңіл- күйін білдіруге –деп ортаға

Алтын, Күміс алқа иегерлері, көп балалы аналарды, яғни сүйікті әжелер мен ардақты аналарды шақырамыз. (аналар ортадан орын алады)

Жүргізуші: Әжелеріміз бен аналарымызды қатыстыра отырып, қыз бала, отбасындағы ана туралы ой өрбітсек. Ол үшін мына сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Аналарға қойылатын сұрақтар.

  1. «Қызым- үйде, қылығы-түзде» деген ойға сіздің көзқарасыңыз?

2.«Немерені бауырға басу» дегенді қалай түсінесіз?

  1. Қыз баланың басына ақ, қара орамал тартқызбаған, неге?
  2. Балаға бас, шеміршек ұстатпаған, неге?

5.Анасының аясында қамсыз өскен қыз, бүгін міне келін болды. Енді оның көңілін мұң торлап, көкірегіне қасірет сызы ерте түспесін, күрсінбесін. Осындай болмауына тек өзің ғана баскөз бола аласың, ене! Сіздің ой-пікіріңіз.

  1. Бесік жырын айтып берсеңіз.

Жүргізуші: Осындай ақыл- кеңестеріңіз бен өз ойларыңызды айтқандарыңыз үшін сіздерге рахмет айта отырып, мерекелік сый-сияпатымызды ұсынамыз.

Жүргізуші: Бүгінгі әже, аналарымыздың айтқанынан ой қорытқанымыз:

 

Ардақты               дана                      сүйікті

 

әже, ана                     кемеңгер

 

жол көрсетуші       ақылшы       тірек

 

Әжелерге, аналарға арналған әндер орындалады.

Жүргізуші:

Сырымды айттым, ойымды айттым,

Құлағың сал, жеңеше.

Ақыл қосып, ойыңды айтшы,

Айдай ару жеңеше,-деп, өз ойларын ортаға салу үшін асыл жеңешелер мен қымбатты келіндерімізді шақырамыз.

(ортаға келіндер мен жеңгелер шығады)

Жүргізуші: Енді бір сәт бүгінгі тақырыбымызды жеңгелер мен келіндердің ой-пікірлері арқылы дамытайық.

Сұрақтар:

1.Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

2.Ақырған алмас, иілген қалмас.

  1. Сіз қандай жеңгесіз?

Жүргізуші:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Сөйлесе сөзі әдепті һәм мағыналы,

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

Жұп-жұмыр, ақ торғайдай мойыны бар,

Үлбіреген тамағын күн шалмайды.  (Абай)

  1. Табиғи сұлулықтың көздің жауын алары анық, әйтсе де бүгінгі жастар тек тән сұлулығына бой алдырып бара жатқан жоқ па?
  2. Келін боп ақ босағадан аттағаннан кейін нені білу керек деп ойлайсыз ?

6.Ерін сыйлаған әйел бақытты болады.

 

Жүргізуші: Осы қонақтарымыздың ойларын мына көрініспен ұштастырсақ.(«Фатима ханымның ер таңдауы» көрінісі көрсетіледі)

Жүргізуші: Осы көрініс туралы өз ойыңыз.

Қонақ кәде: (келіндер өз өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші:Жақсы ой-пікірлеріңіз үшін рахмет.

Жүргізуші: Әжелеріміздің, аналарымыз бен жеңгелеріміздің ой-пікірлерін мына жолдармен қорытындылайық.

 Қорытынды

-Табалдырықтан сеніммен, мен осы жанұяның гүлі, нұры, бақыты боламын деп атта.

-Тірегің -сүйіп қосылған ерің.

-Атаң мен енең- қос қанатың.

-Ел-жұртың- айдының.

-Келін- болашақ ана. Сіздің үйдің шаңырағын шайқалтпай ұстайтын түп қазық. Сондықтан, босағаңа, өздеріңе кісі болам деп келген адамға үлкен құрмет, мейірімділікпен қарау керек. Босағаға келген жас балаға қытымырлығыңнан бұрын, шуақты мейіріміңді төк.

Жүргізуші: Ендігі кезекте аналарымыз бен жеңгелерімізге арналған ән шашуларға кезек берсек. (Ән шашу.)

Жүргізуші:

Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,

Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен.

Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,

Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген,-деп, аруларды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Бүгінгі  аруларымыздың ой-пікірлерін білсек.

Сұрақтар:

Қыз Жібек пен Баян сұлудың сіңлілері қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойларына сақтай алды ма?

Қиылған қасың, қарақат көзің,

Жүректі баурап оятар сезім.

Тал бойың нәзік, қызғалдақ гүлдей,

Дидарың нұрлы шуақты күндей.

Жанарың қайта жаңғырып көктем,

Ләззат алар көрген жан сенен,

Көркіңнен сенің айналдым, еркем,

Қазақтың салтын сақтаған көркем.

(Қ.Қазыбеков)

1.Біз бүгінгі күнделікті теледидар арнасынан шет елдің жартылай жалаңаштанған, сұлуландырылған қыздарын көріп, соған қарап еліктеуіміз басым емес пе ?

  1. Көше тәрбиесіне қалай қарайсың? Не себептен еліктейді деп ойлайсың?
  2. «Өзім білем», «сіз араласпаңыз»- деп ана ақылына құлақ аспайтын құрбы туралы не айтасыз?
  3. Теледидар бағдарламасына талғамың қандай?
  4. Кей қыздар телефонның «қожайыны» болды деген пікір бар, осыған сіздердің пікірлеріңіз қандай?
  5. «Алтын уақытыңды» бағалай білесің бе?

Жүргізуші: Аруларымыздың есіне мына жолдарды ұсынар едік.

Қорытынды:

-Қыздар! Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар!

-Сәнқойлықтан сақтаныңдар! Саңылаусыз адам сәнқұмар келетінін есте ұстаңдар.

-Қыздар-халықтың бойындағы ұлттық асыл қасиеттерді әрмен қарай жалғастырушы.

Жүргізуші: Қорытынды:

Сұлулық                         Көктем

 

 

Әдептілік      Қыз         Нәзіктік

 

Сән                                   Гүл

 

Махаббат

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге арнап, өздеріңіздің тілектеріңіз.

Жүргізуші: Аруларымызға арналған әндерімізді тарту етеміз.

Жүргізуші: Бүгінгі «Өмірдің гүлі, өмірдің нұры-өздерің» атты пікіралмасуымыздан түйгеніміз:

1.Бойжеткен

2.Әпке

3.Сіңлі

4.Қайын әпке

5.Қайын сіңілі

  1. Жар

7.Келін

  1. Жеңге
  2. Абысын

10.Ана

  1. Әже

Жүргізуші: Бүгінгі ой-пікірлерден көрермендеріміздің де түйгені мол болды деген оймен кешімізді аяқтаймыз.