Ойнайықта, ойлайық
Тақырыбы: Ойнайықта, ойлайық
Мақсаты: Оқушылармен «Ойнайық та, ойлайық» атты сыныптан тыс жұмысын орындау. Оқушылардың математика пәні бойынша алған білімдерін тексеру, тереңдету.
Көрнекі құралдары: нақыл сөздер, маркер, плакат
Сабақтың барысы:
Кіріспе.
-Балалар! Бүгін сендер математиканың қызық та, жұмбақты әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Біздің сайысымыз топтар арасында өтеді. Сайыста сендерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып жауап беріп, тапсырмаларын орындауларың керек. әр дұрыс жауап үшін әр топ жұлдызша алып отырады. Ол жұлдызшалар екі конвертке салынады, жұлдызшалардың саны арқылы ойын соңында жеңмпаздар анықталады.
Сыныпты екі топқа бөлеміз.
І топ – «Алғырлар», ІІ топ – «Тапқырлар»
Төмендегі бөлімдер бойынша сайысымыз өтеді.
І. Сәлемдесу. «Алғырлар» тобы:
Шақырып жарыстарға сан-саналы
«Алғырлар» топ жарғалы зер салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
«Тапқырлар» командасын қарсы алады.
«Тапқырлар» биіктерде қалықтасып
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы желбіреп алауласын
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
Әділқазыларға сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл.
«Алғырлар» тобы:
Осындай алғыр достар кез келгенде
Жетсін-ау жарыстарды жеңгенге не
Қарсылас болғанымен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де.
Құрметпен «Алғырларды» ой саналы
«Тапқырлар» сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыста достарына
Қашанда тапқыр бол деп жар салады.
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қарақылды қақ жарып әділқазым
Еңбегін тапқырлықтың әділ сына.
ІІ. Әдеби монтаж.
Сіздерді апталыққа шақырамыз.
Есеппен бастарыңды қатырамыз.
Математиканы ұғындырып
Аз да болса білімдеріңізді толтырамыз.
Ойын бүгін басталды.
Ұмыт болғанды еске салды.
Қиын да болса өызық сабақ
Жұмыс істетейік бастарды.
Қиын есеп оңай-ақ шығар,
Миды егер шынықтырсаң.
Жеңмпаздар алға озар,
Математиканы болса ұғар.
Архимедтей жаңалық ашар,
Болса үміткер от кешке үлес қосар.
Ұлы математик ізін басар
Біздерде жоқпа талапкер.
Қатысушылар! Қолдаңыздар!
Есептен шет қалмаңыздар! Ойланыңыздар! Ойнаңыздар!
Есеп додасы басталды.
Кірісейік жұмысқа, жайбарақат болмаңыздар.
Қатыратын бастарыңызды,
Ойын міне, басталды.
- Арифметика математиканың, ал математика ғалымдарыдың патшасы.
- ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
- математика ақылдың әлемі
- анық математик ақын адам.
- мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін.
ІІІ. Цифрограмма, ребус шешу:
әр топқа екі екі ребустан беріледі.
ІҮ. Көңілді шумақтар
2 топқа 2 өлең оқуға беріледі.
Ү. «Әр қолда өзінің ісі»
Оқушылар ілінген плакатқа бір мезетте оң қолмен үшбұрыш, сол қолмен шеңбер салу керек.
ҮІ. Көңілді «балық аулау» ойыны.
Қолдан жасалған аквариумнан балық аулайды. әр балықтың артында тапсырма берілген.
ҮІІ. Ойын. «Жаңылмаймын»
2 топтан 2 оқушы шығарып, оларға сұрақтар беріледі.
ҮІІІ. Санап көріңдер.
Мына сызбаларда қанша үшбұрыш бар. Жазып шығу. әр топтан екі оқушыдан шығады.
ІХ. «Баспалдақ» ойыны
Қай топтың мүшелері бірінші болып баспалдаққа тезірек шығар екен.
Х. «Ойлан, тап»
Әр топқа 2 математикалық жұмбақ, 2 логикалық тапсырма беріледі. Және әр топ мүшелері бір-біріне жұмбақ жасырып, жаңылтпаш айтады.
Сайыс соңынан әділқазыларға сөз беріледі. Конвертке салынған жұлдызшаларды санау. Жеңген топты анықтап, марапаттау