Тақырыбы. Әдептілік – әдемілік

Тақырыбы. Әдептілік – әдемілік.

Мақсаты:1) оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға

үйрету;

2)танымдық  қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін

дамыту;

3) адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер, кеспе әріптер.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Қызығушылығын ояту.

Мазмұнды  суреттер бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау. (Үлкенге жол беру, орын беру, сәлемдесу.

2.Мағынаны тану.

  1. «Әдептілік — әдемілік».Тақырыппен таныстыру

2.Топтарға бөлу.

1-топ «Сыпайылық» тобы

2-топ «Ізгілік» тобы

3-топ «Инабаттылық» тобы

  1. Әр топқа мазмұнды сурет беріледі . Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып , айтып береді.

1-топ. Автобуста үлкенге орын берген бала туралы сурет.

2-топ. Ата-анасына үйде көмектесіп жатқан балалар туралы сурет.

3-топ. Әжеге көмектескен бала туралы сурет.

Әр топ өз әңгімесін ауызша айтады.

4.Сұрақтарға жауап:

-Сен жүгіріп келе жатып біреуге соғып кеттің. Не деу керек?

-Таңертең мұғалімді көргенде не деу керек? «Көршіңді, досыңды, танысыңды т.б.»

-Бір кісі автобусқа міне алмай жатыр екен. Не істейсің?

  1. Әр топ сыпайылық, ізгілік, инабаттылыққа байланысты «алтын» сөздер жазады.Оны оқып береді. Мысалы:рақмет, кешіріңіз, рұқсат па? т.б.
  2. Ой толғаныс

Әр бала тәрбие сағатында не үйренгенін, сабақтан не түсінгенін өз тобында жолдастарына айтып береді

  1. Қорыту.

Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.

1.Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

2.Әдептілік, ар – ұят  — адамдықтың белгісі.

3.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.

4.Үлкенге құрмет – кішіден ізет.

5.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

  1. «Сіз» деген – әдеп,

«Біз» деген – көмек.

 

 

 

 

 

Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік!