Сәби болғым келеді, сәби болғым

Күні: 09.02.2015.

Тақырыбы:  Сәби  болғым  келеді, сәби  болғым

Мақсаты: 1) М.Мақатаевтың өмір жолымен, балалық шағымен қысқаша таныстыру

 

2) Өлең – жырларды мәнерлеп оқуға, айтуға дағдыландыру.

 

3)Ақынның ойшыл – парасаттылығын әңгімелеу арқылы адамгершілікке         тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, репродуктивті

Көрнекілігі: Суреттер.

Түрі:  Ертеңгілік

Барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Кіріспе:

Ақниет:  М. Мақатаев ( 1931 – 1976)  Алматы  облысының Райымбек ауданында Қарасазда  Хантәңірі тауының баурайында туып өсті. Балалық  кезі

Отан  соғысына  тұспа – тұс келеді.

Мұқағали ақиық ақын. Ол  кісі бала кезінен – ақ өлең жаза бастапты.

Біз бұл атамызбен  мектепке  келген  күннен бастап  таныспыз.  Ілім білімнің  бастау, бұлағы көзі Әліппені не деп жырға қосты?

 

Ержанат: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден  басталған

Даналықтың данасы

 

Мектебің  мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай  болып шығасың

 

Ұлпан:      Аяз ұрған ақпанда

Аунайықшы ақ қарға

Қайтайықшы бір барып

Қайран бала шақтарға — дегендей  атамыздың бала кезінен білгендерімізді

ортаға салайық. Мұқағали атамыз балаларды хан  тұтып, өте жақсы көрді және балалық шақ бал дәуренін жиі еске алатын.  Сондықтан  да «Сәби болғым  келеді » өлеңін жазып бүлдіршін болған кезін аңсап өткен.

Ән: «Сәби болғым келеді » Ақниет

 

Данияр:      Мен таулықпын

Мен таулықпын

Таудан мен  жаратылғам

Бұлт  бүркеніп жай  отын ала туғам

Күн  алғашқы  сәулесін маған  шашты

Маған келіп түнейді қара тұман

Тау ұлымын, тау менің дәу бесігім

Мен  оның әуресімін сәулесімін

Асқар  шыңдар желпиді бесігімді

Бір орамын ағытып сәлдесінің

Ән: Мектебім – айтар әнім

Наз: Мұқағали өзі де 10 – 11 жасында өлең  жаза бастапты. Өлеңдері көбнесе асқар    таудай  әкесіне  арналады сағынышын  білдіреді.

 

Абылай: Мен  қасқа атпен тепеңдеп желемін кеп

Ойлаушы едім артыңнан еремін деп

Қанша жүрсем  жан  әкем жеткізбейсің

Атанып – ең  майданнан  келемін — деп

 

Айгерім: Өлең деген әкежан, өлең деген

Өлеңдесе  құлағым өлеңдеген

Күнде күтем сарғайып түнде күтем

Жауды жеңіп, батыр боп келем — деп ең

 

 Әліби:    Тауға шығып ойнаймын жуа аламын

Қолында аласы жоқ дуанамын

Көңілім шат  көркімді нұр ойнатып

Қашан мен  әкем келіп қуанамын

Бірте – бірте осындай өлеңдері қалың дәптерге айналады.

 

Айым:    «Он жастамын »

Онда мен он жастамын,  он  жастамын

Соғыспай-ақ   сұрапыл  жол  басқамын

Атаңнан   қалып  қалған  мұраңды  мен

Әжеңмен  бірге  жүріп  қорғасқанмын

Жерді   жыртып  тоңды  ашқанмын

Солай  менің  басталды  жол  дастаным

Ұлпан:       Мұқағалидың  өмір  баяны  өлеңдерін  де  өмір  оны  ерте  есейтті.  Мұқағали  балаларға  деген  сүйіспеншілігін  білдіріп бірсыпыра  өлеңдер жазған. Балалық шақтың бал  қызығын  сағыныш  сырындай  шертеді. Осындай  өлеңдерінің  бірі « Бәсіре »

Аружан:   Жылқышы атам  қамқоршы асыл  еді

Әкелді де ерттеді бәсірені

Үзеңгімді тең теуіп  орныққанша

Бәсірені құлақтан  басып  берді

 

Әлия:        Асау  тай мөңкитұғын   көрінбеді

Тебінбеді  немесе шегінбеді

Атам  тайдың  қоя беріп

Тізгін  шылбыр  ұстатып  «Тебін » деді

 

У. Дулат:  Сарт  еткізіп  мама ағашты

Әзер тұрған  асау  тай  ала қашты

Бір тентектің үстінде бір  тентек  бар

Екі тентек  әй-әй кеп  жағаласты.

 

 

 

Ж. Дулат:Құлаймын – ау  деген бір қауыппенен

Шауып  келем  ызғытып , шауып  келем

Атам  таққан құйысқан  түсіп  қапты – ау

Әттеген – ай қай  жерден тауып  берем

Наз: Н. Тілендиев  Мұқағалидың көптеген  жырларына ән  жазды.  Оның ішінде балаларға арналған  «Көгершіндер әні »,  Қырқыншы  жылдар «Бесік  жыры », «Құттықтаймын мама  туған  күніңмен », «Сәби болңым  келеді ».

 

Томирис:  Қысқа ғұмыр  кешсе  де  мінезі  бала

Мұқағали  ата  бал  дәуренін  аса  бір

Ілтипатпен   есіне  алады

 

Дияр:        Қоңырау күлкім  айналам

Қошақандарым  ойнаған

Сәнді  шағымды жайнаған

Сәби  кезімді ойға  алам

 

Н. Әли:    Балғын  ем  мен де ақ бала

Орнатқан мен де аққала

Ырзамын  бала  шаққа да

Ырзамын  бола  шаққа да

 

Маржан: Бала дәурен  өтті  ғой  құйындаған

Балы мен  шекері  бұйырмаған

Өзін – өзі 10  жастар  қорғамаса

Өзгелерді  қорғауы  қиын балам

 

Шұға:      Сезілген  сөзінен

Мінезі  жайдарман

Өмірдің  өзі ол

Өлеңге  айналған.

 

Б. Әли:     Құрметтеп  елі оны

Өшірмес санадан

Өлеңі  өйткені

Аумайды  анадан

Аумайды  ағадан

Аумайды  баладан

Аумайды  даладан

 

Ақниет: Шеше сен  бақыттысың, жыламағын

Жай  түсіп  жатқанда да құламадың

Мен  едім тәңіріңнен  сұрағаның,

Сондықтан жыламағын,  жыламағын

Бармын ғой , тірімін ғой,  қасыңдамын

Өлмеймін, мен де өзіңдей асылданмын!

Таусылып  өз – өзіңнен  шашылмағын

Байырғы  берекеңді  қашырмағын!

 

Мен  сенің  қанықпын  ғой   көз  жасыңа

Өзім  кепіл  тот  басып тозбасыма

Екі жыр жазсам  саған, бірін  арнап

« Шеше »  деп  жаздым ылғи сөз  басына

 

Тәңірім  кеше  көрсін  кесірімді

Аспанға  жазам  сенің  есіміңді

Ана, сен  бақыттысың  тербете  бер,

Иілген құба талдан бесігімді.

 

Ұлпан:   Ең бірінші бақытым- Халқым  менің

Соған  берем  ойымның  алтын  кенін

Ол бар болса, мен  бармын , қор  болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан   нарқым

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас  жүректі тілімнен  тілімдедім

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен  түңілмедім

Бақытым бар үшінші  — Отан деген,

Құдай деген кім  десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда  жан  барсың ба ?

Ойланбай – ақ кел  дағы от ал  менен.

Томирис: Түтін  түтет, өс – өрбі, көгере  бер,

Немерелер көбейсін,  шөберелер

Жадыңда ұста, жақсылық  күтпегейсің!

От  емес, оқ сұрасаң менен  егер!

Қорытынды:

Аружан: Кірпікке  кір  жуытпай құндақтаған

Мыны өмір, мына дәуір қымбат  маған

Бұл  ғасыр  сірә  менің  жүрегім – ау

Танысын  қыбыр  етпей тыңдап бағам.

Мына  дәуір  менікі,  мына  ғасыр

Минут  сайын  керемет  ұлан – асыр

Мәңгілікке  ғасырың  бара  жатса

Бірге  кетпей  қалайша  тұра аласың

Қарасаз, қара шалғын өлеңде   өстім

Жыр  жазсам  оған  жұртым  елеңдестің

Өлсе өлер  Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре  алмас  алайда  өлеңді  ешкім

 

Ұлпан:М. Мақатаев – қазақ  халқының  Фарабиден Абайға , Абайдан  Мағжанға,  Мағжаннан  бүгінге  дейін  жалғасып  келе  жатқан  жыр  кешеніндегі өзіндік  орны  бар  біртуар  талант  иесі.  М. Мақатаев

халықты қалай  сүйсе,  халықта  оны  солай  сүйеді.

 

Мұқағали  атамыз  туралы,  ақындық  өнері  туралы ,  балалық  шағы  туралы  мәлімет  алдық.  Халқымыздың  тіл  өнерін,  сөз  қудіреті,  ақындық  өнеріне биік  шыңға  көтеріп  кеткен  атамызды еске  ала  отырып  ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.