Шұғылалы Шалқар

Сабақтың тақырыбы:  Шұғылалы  Шалқар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Шалқар өңірінің тарихы, ондағы

біртуар перзенттер жайлы  және олардың еңбектерін

қадірлей білуге үйрету

2 .Сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін,дүниетанымын

кеңейту.

3.Оқушыларды елін,жерін,туған өлкесін сүюге,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Шалқар энциклопедиясы, туған жер туралы  жазылған кітаптар, Шалқардың суреттері.

Барысы

Мұғалім: Шалқар  Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы, қала ірі темір жол станциясы. Тарихқа жүгінсек, сонау 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік-батыс беткейіне, Шалқар көлінің жағасына қазақ шаруалары келіп, қоныс тебеді.Олар бұл өңірде мал шаруашылығымен айналысып, алғаш жеркепе үйлер салған. 1901-1903 жылдары осы өлкеде Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталып, алғашқы өнеркәсіп орны-Шалқар паравоз депосының іргетасы қаланды.

Биыл Шалқар ауданына 80 жыл толды. Осы мерекеге арналған «Шұғылалы Шалқар» атты  тәрбие   сағатымызды бастайық.

1-оқушы:

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбесіндей болса да,

Туып өскен жер қымбат.

2-оқушы:

Шалқардың құм деп жерін құмсынбаңыз,

Құмы-құт, суы-байлық, осында аңыз,

Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған,

Батырлар,бақыттылар осындамыз.

(Үмбетбай  Уайдин)

3-оқушы:

Уа, Дариға, алтын бесік – туған жер!

Қадіріңді білмей келсем, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам егер мен.

(Қасым Аманжолов )

4-оқушы:

Көл Шалқар жас құрақпен көмкерілген,

Көгіңнен зеңгір аспан  төңкерілген.

Серідей сегіз аққу-құс төресі,

Сайрандап бақыт тапқан кең төріңнен.

(Зиядин Әбдуалиев)

5-оқушы:Шалқыған Шалқар

Ағайын, көтерейін жыр мерейін,

Аманат-сөз қалдырып, үлгерейін.

Әйгілі тұлғаң болып тумасам да,

Әйгілеп, Шалқар жайын бір берейін.

6-оқушы:

«Шалқар»  деп, жырға қоссам, қала ма екен?!

Шектінің ел-жұртына дала-мекен.

Айнадай, аққу қонған, өзен-көлдер,

Айдынды, алпыс екі салалы екен.

7-оқушы:

«Шалқар» деп, жыр шығарсам, шаһар ма екен,

Қашаннан, қала,дала-қатар мекен.

Қорғаған Шалқар жерін ата-баба,

Қаңтардай дұшпанына қаһарлы екен.

8-оқушы:

Бұл Шалқар-жазық та екен, қырқа да екен,

Бәрін де, әнмен, жырмен шырқап өтем.

Шектінің ел қорғаған батырлары-

Шетінен Едігенің ұрпағы екен.

9-оқушы:

Ұрпақтар сабақтасып-ел өсулі,

Ұл-қыздың маңдайынан жел есулі.

Шалқардың тарихтағы бас батыры-

Бақтыбай – ұран баба, Төлесұлы.

10-оқушы:

Бұл Шалқар-құмды мекен, таулы мекен

Барымта, қарымталы даулы мекен.

Ақшидің ақ шағылды бұйраттары-

Арыстан, Көтібардың аулы ма екен?!

11-оқушы:Есенбай Дүйсенбаев

Шалқар

Әліби тұрған штаб-үй,

Нар мүсін Шалқар.

Жұбанов  жазған күшті әнім,

Армысың  Шалқар.

12-оқушы:

Мақтауыма сен  қалайда,

Сыясың,Шалқар.

Талмайтын қанат талайға

Ұясың,Шалқар

13-оқушы:

Бойыңа ерте бекіген,

Бұл дарын,Шалқар.

Талант боп туған  шетінен,

Ұлдарың,Шалқар

14-оқушы:

Елу жылда ел жаңа,

Деуші еді Шалқар.

Қайта бір туған кең дала,

Еңселі Шалқар.

 

15-оқушы:

Сынтастай сырлы таптым ой,

Сымбаттым Шалқар.

Аяққұм толы ақтылы қой,

Қымбат үн –Шалқар.

16-оқушы:

Тірлікті аңсап шөлдесең,

Шипа су-Шалқар.

Ақынның илан,сен десем,

Ұйқасы,Шалқар.

17-оқушы:

Айғағы соның айнымас,

Осы өлең Шалқар.

Көсегең көктеп,жай құлаш,

Өсе бер,Шалқар.

18-оқушы:

Шалқар ауданы Ақтөбе облысының оңтүстігінде Ақтөбе қаласынан 363 шақырым жерде орналасқан.Аудан экологияға қолайсыз. Арал аймағына жатады.Жердің көлемі 61,2 мың шаршы км. яғни облыстағы ең ірі аудан болып табылады. (Шалқар суреттері)

19-оқушы:

Топырағы ашық қоңыр, жылжымалы құмды. Өсімдіктен жусан басым. Жануарлар әлемі бай- киік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян. Құстардан-бүркіт, көкқұтан,қасқалдақ,аққу,үйрек, т.б мекендейді.

(табиғатын, жануарларын, құстарын слайдпен көрсету)

20-оқушы:

Тау-кен геофизик инженері, ҚР құрметті геологиялық барлаушысы Е.И.Книжниктің ақпаратына сүйенсек, Шалқар ауданы аумағында көптеген пайдалы қазбалар, кен орындары бар.

«Шалқар суы» минералды суы Ақтөбе облысында Шалқар минералды кен орнында өндіріледі.

21-оқушы:

Ас тұзы:

Асханалық-емханалық Шалқар минералды сулар, құмды алқаптардағы тұщы ауыз су, термальды сулар.

Емдік балшықтар:

Әртүрлі сәндік тастар: жұмырсай яшмасы, Жалғызтау ағашы.

22-оқушы:

Шалқардың төл перзенттері:

Т.Жаманұлы, И.Р.Доценко, Ж.Мекебаев, Л.Мюльгаузен,П.Ознобин, Ы.Карагулин, Ж.Дүйісов, Ж.Бекқұлов, Ж.Таушанов, А.Сүйрамин, А.Невский, Н.Князев, С.Ролдыгин т.б азаматтарымыз төңкерілістеріміздің бел ортасында жүрді.

1917 жылы Ұлы Қазан төңкерілісі де Шалқар жерін айналып өткен жоқ. Шалқар жерінде ақ гвардияшылармен күресте Ә.Т.Жангелдиннің еңбегі айрықша.

23-оқушы:

Қан майданда кешегі ауыл мұғалімі, рота порторігі сержант Ідіріс Үргенішбаев Отан үшін қаза тапты. Днепр бойындағы ерлігі  үлгі өнегесі және көрсеткен инициативасы үшін І.Үргенішбаевқа 1644 жылы 11 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен наградталды.

Батырдың денесі Ганель облысының Лаев ауданындағы Деракичи деревнясындағы туысқандар биітінде жерленген. Жерлестері оның есімін қастерлеп есте ұстауда. Батырдың ескерткіші қалада орнатылған. Оның есімімен Шалқардағы №40 қазақ орта мектеп, қалалық орталық көше аталады. (Слайдпен батырлар суреті)

24-оқушы:

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Әбдіжәміл Кәрімұлы Нүрпейісов Шалқардағы білімнің қара шаңырағы №1 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін  1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ә.Нүрпейісовтың күрделі туындысы- «Қан мен тер» трилогиясы; «Ымырт» (Ә.Нүрпейісов суреті)

25-оқушы:

Шалқар көлі

Шалқар жоғарғы және төменгі Шалқар көлдерінен тұрады. Жоғарғы Шалқардың суы тұщы 1927 жылы көлдің екі арасына шлюз құрылысы салынды. Көл сыйымдылығы- 28,0 млн текше метр. Жыл сайын көктемде Мұғалжар тауынан Қауылжыр өзені арқылы 10,0 млн текше метр су келіп, көлге құяды. (слайдпен көрсету)

26-оқушы:

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі – Шалқар қаласындағы №8 орта мектеп. 3 қабатты, 1200 орындық мектеп ғимаратының жалпы аумағы 21056 шаршы метр. Кітапханада 10 мың кітап қоры бар.

Аудандажаңаемхана мен аурухана   бой көтерді

2007 жылыаудандықауруханаданденсаулықсақтауМинистрлігініңбұйрықтарынасәйкесемханадербес бөлінді.2007жылдың қазанайындааудандықемханажаңадансалынғантиптіекіғимаратқакөшті; емханақұрамында 12 дәрігерлікамбулаториялар, 12 медициналық пункт қарайды. Халыққадәрігерлікмедициналықкөмеккөрсетудіңдеңгейікөтерілді, жаңаданзаманғасаймедициналыққұрал-жабдықтаралынды, тұрғындардыңемделуіне, медициналыққызметкерлергебарлықжағдайжасалынған.

27-оқушы :Аурухана

2006 жылыАудандықауруханағимаратысалынып, ауруханажаңағимаратқакөшірілді, бұрынғыауруханағимаратына туберкулез ауруларынақарсыжаңаданашылған 60 койкілік (төсек) ауруханаорналасты.

Тағыбіржаңалығымыз — биылШалқарауданындакеліпоқитынбалалардыңкөптігінебайланысты, ауданорталығынанжергіліктіәкімшілікпенкелісеотырып, жаңаБәйішевколледжісалынды. БұлШалқар мен оғанжақынорналасқанаудандардыңбалаларыүшінүлкенқуаныш.

28-оқушы:Бүгіндеқаламыздакөптегенжаңағимараттарбойкөтеріпжатыр.

М. ШыманұлыменІ. Үргенішбаевкөшелерініңқиылысынан 2216,5 шаршыметржердіалыпжатқанелкөңілінқуантареңселімешітбойкөтеруде. БұлмешітДілдәҚоқанованыңдемеушілігіменжәнеқолдауыменбойкөтеріпжатыр.

Бұл жерде 250 орындық мешіт үйі, 30 адамдық медресе, 400 адамдық ас беру орталығы, ер және әйел адамдарға арналған дәрет алатын орын салынуда. Мешіт құрылысын бұрын осындай қасиетті орындарды салып маманданған, қырық адамнан тұратын құрылыс бригадасы сапалы жүргізуде. Имандылыққа бет бұрған, адамгершілікті, адалдықты жанына серік еткен жандар үшін Алланың бұл үйі жамағатқа үлкен қуаныш болды.

29-оқушы:Шалқар қаласындағы Мырзағұл Шыманұлы көшесінің бойынан салынған Қазанғап атындағы саз мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жаңа ғимарат та кәсіпорын демеушілігімен жүзеге асып отыр. Оған еліміздегі «Тетис Сервис Қазақстан» компаниясы қаржылай демеушілік жасаса, құрылысын қаламыздағы «Ерзат» өндірістік кооперативі жүргізген. Жалпы аумағы 418 шаршы метр болатын жаңа саз мектебінің ішін компания толықтай жаңа жиһаздармен жабдықтаған.  300 балаға арналған бұл мектепте қазір баян, домбыра, қобыз сыныптары секілді 12 үйірме жұмыс істейді.

Би:Қара жорға

Ән: Туған  өлкем

Қорытынды

Мағыналы Шалқар деген,ат  қандай,

Маңғаз  далам мәңгі  шалқып  жатқандай.

Күннің  көзі Шалқар жақтан шыққандай

Таңның  өзі Шалқар  жақтан  атқандай .

Палуан  тұлға, ұлдар  өскен шат  қандай,

Қыздары  бар,алма  мойын ,ақ  маңдай,

Жер жаннаты бәлкім,Шалқар  даласы,

Жанарлардың жауын  алған мақпалдай,- дей  отырып Шалқар ауданының 80  жылдығына  арналған «Шұғылалы Шалқар» атты  тәрбие  сағатымыз  аяқталды.Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  көп-көп  рахмет!

Ән: Шалқар вальсі

Сөзі: Ү.Уайдиндікі

Әні:Е. Терековтікі

Шаһарда Шалқар деген болдыңыз ба?

Осында ер жігіттер, өңді қыздар.

Көлі  бар құралай көз мөлдіреген.

Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба?

Қайырмасы:

Шалқар құмы көзімізге,

Күндей ыстық теп-тегіс.

Шалқар көлі өзімізге,

Шағалалы көк теңіз.

Өшпеген осы құмда жатыр  белгі,

Комиссар ер Әліби өткен іздер.

Жолаушы жолың болсын  деп тілейміз,

Сімірмей Шалқар суын кетпеңіздер.

Қайырмасы:

Шалқардың құм деп жерін қомсынбаңыз,

Құмы-құт,  суы-байлық, осында аңыз.

Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған,

Батырлар, бақыттылар осындамыз.

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы №6 орта  мектебінің бастауыш  класс мұғалімдері Нұрмашева.С.Қожағұлова.Г