Жасуша құрылысының органикалық заттары туралы алған білімдерін қорытындылау және бекіту.
Сыныбы: 9 сынып Пәні: БиологияМұғалім:Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Жасуша құрылысының органикалық заттары туралы алған білімдерін қорытындылау және бекіту.
Сабақтың міндеттері:Тест тапсырмалары және деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы тарау бойынша алған білімдерін көрсете алады. Бір-бірін әділ бағалауға үйренеді. Логикалық ойлауы дамиды , сөздік қорлары молаяды, сұрақ қою дағдылары жақсарады.
Әдіс-тәсілдері:, Тесттік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, АКТ, диологтық оқыту әдісі.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет, электронды оқулық.
Ресурстар: Интербелсенді тақта.Электрондық оқулық.
№ | Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Бағалау |
1. | Ұйымдастыру | 2мин | Психологиялық ахуал туғызу.
| Жақсы тілектер айту. | Оқушының сабаққа деген ынтасы артады | |
2 | Тест жұмысы | 10мин | Тарауға байланысты тест сұрақтары таратылады. | Тест орындайды .
| Оқушылардың теориялық білім деңгейін қаншалықты меңгергенін байқау. | Оқушылар өздері жұптарымен ауыстырып бір-бірін бағалайды. Критериилер тақтада ілінеді. Әр дұрыс жауапқа 1 балл. |
3 | Дегейлік тапсырмаларды орындау.
1.Сәйкестендіру тапсырмалары. 2.Есептер бұрышы. 3.Электронды оқулыққа сүйене отырып материалдарды талдау. | 20 мин.
| Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды тарату. Электронды оқулықтағы матеиалдарды пайдалана отырып, ауызша орындату түсініктеме бергізу.
| 1.Оқушылар таратылып берілген жеке тапсырмаларды орындайды. 2.Есептер шығарады. Жеке жұмыстарын мұғалімге өткізеді. 3. Интербелсенді тақтада Электронды оқулықпен жұмыс жасайды. | Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады.
Түсінбеген материалдарды қайта қарастырады. | Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.
|
4 | Ыстық орындық әдісі | 10мин | Қорытындылау.Ыстық орындық тәсілі. Тақтаға 1 оқушы шығып, орындыққа отырады. Қалған оқушылар сұрақ қояды. Сұрақ саны 5. Жаңа тақырып бойынша. Бірнеше оқушылар шығады.
| Бір-біріне сұрақтар қояды. | Оқушылардың өткен тарау бойынша алған білімдеріні анықтау. Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.
| Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.
|
5
| Рефлесия
| 2мин
| 2. Кері байланыс. Екі жұлдыз бір тілек.
| Стикерге жазып, тақтаға ілу.Ойларын жүйелейді, қорытындылайды,
| Кері байланыс арқылы тапсырмалардың қиын немесе жеңіл болғандығын білу.
| |
6
|
Үйге тапсырма
|
1мин
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады |