Әдептілік-әдемілік

Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкенд сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсеанділігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың жүру барысы: 1.Ұйымдастыру

1.1.Сайыстың шарты:

1.Таныстыру

2.Мен әдепті баламын

3.Қай топ шапшаң

4.Шығармашылық жұмыс

  1. «Сөзден сөз ойла»
  2. «Жалғасын тап…»

7.Қорытындылау.

Кіріспе: Бүгінгі тәрбие сағатымыз күнделікті сағатымыздан ерекше болмақ. Сабағымыз әдептілік жайында болмақ. Сондықтан балалар бүгінгі ашық тәрбие сабағымыздың тақырыбы «Әдептілік-әдемілік» деп аталады. Сабағымызда әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында әңгіме қозғаймыз.

 

Әдептілік-ар-ұят

Адамдықтың белгісі

Әдепсіз өскен адамнан

Тәртіппен өскен топ жақсы-дегендей әдепті деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтіміз, адамның әрбір іс-қимылын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауы оның әдептілігін, мәдениеттілігінен хабар беріп тұрады. Енді балалар, сіздердің әдептілік жайында не білетіндеріңді тыңдағым келіп тұр. Оқушылар бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңіл-күймен өткізу үшін мен сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Балалар бір-біріне гүл сыйлау арқылы жақсы тілектер айтып гүл сыйлайды. Балалардың қолдарына алған гүлдеріне қарап топқа бөлінеді.

1-топ «Бірлік»

2-топ «Ынтымақ»

1-Бөлім: «Сәлем сөздің анасы» әр топ өздерінің ұрандары мен топ аттарын таныстырады.

2-Бөлім: «Мен әдепті баламын»-бұл бөлімде оқушылар әдептілік, тазалық, адамгершілік жайында өлеңдерін жатқа айтады.

«Бірлік» тобына «Азамат» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ән: Дәулетқалиева Елнұр «Мен әдепті баламын»

«Ынтымақ» тобына «Жақсы мен жаман» дегенді қалай түсінесің?

3-Бөлім: «Қай топ шапшаң»-бұл бөлімде оқушылар әдептілік, адамгершілік жайында мақал-мәтелдер айтып жарысады. Қай топ мүдірмей шапшаң айтып көп мақал айтса қоржындарына да сонша ұпай жинамақ. Олай болса топтарға сәттілік тілеп, бастаймыз.

4-Бөлім: Шығармашылық жұмыс. Әр топқа сюжетті сурет беріледі. Соған қарап отырып топпен әңгіме құрастыру. Жазылған шығарманың мағынасына аса мән беріледі. Сондықтан балалар ойымызды жинақтап, бір-біріміздің ойымызды ұштастырып мағыналы етіп құрауға кірісейік. Олай болса сіздерге тағы да сәттілік!

5-Бөлім: «Сөзден сөз ойла»-бұл бөлімде екі топқа бірдей сөз беріледі.  Сөз АДАМГЕРШІЛІК. Бұл сөзден бірнеше сөз құрау керек.

6-Бөлім: «Жалғасын тап» ойыны

  1. «Бірлік» тобына

-Үлкендердің алдынан ______________________

-Кішкене баланы__________________________

-Құстарды________________________________

-Сабақтан________________________________

-Сыныптың ішінде________________________

 

  1. «Ынтымақ» тобына

-Үлкен кісіні ___________________________

-Үлкеннің тілін_________________________

-Үлкендерге___________________________

-Оқу құралдарын ______________________

 

Қорытындылау: Топты марапаттау

 

Жақсы әдепті бала болу үшін өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман қасиеттерден арылуымыз керек. Өз ниетің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жылы сөз айтсаң өзіңе қайтып келеді екен балалар. Олай болса, әрқашан бір-бірімізге жылы сөз айтсақ, өзіміз де біреуден сол жақсы сөзді естиміз.

Ақыл, сана, біліммен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет!

Адамдыққа сенемін!-дей келе, адам әрқашан бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен әдемі. Сондықтан да сендердің әдепті бала болып өсетіндеріңе сенемін, балалар!

Хор: «Дос болайық бәріміз!»