Наурыз көктем!

Наурыз көктем!

Мақсаты: Қазақтың салт- дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқуға  дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу; балаларды ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріледі, қабырға газеттері, нақыл сөздер, ұлттық киім , т.б.

I.Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып , Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын!  Ақ мол болсын!  Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

  1. Уа халайық, халайық.

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке , бұл тойдың

Шашуларын шашайық.  (Шашу шашылады)

I.Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім  көптен бері- деп Қыдыр атадан бата алайық.

Қыдыр ата:Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Әр күндерің көңілді болсын.

Мерейлерің тым биік болсын

Білімдерің аса терең болсын

Жетістіктерің орасан зор болсын,

Бағаларың өте жақсы болсын.

Аспандарың ашық болсын,

Дұшпандарың қашық болсын,

Әумин!                                                                                                                       (Қыдыр ата —      сынып оқушысы ————————————

II.Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Арнауымен бастап берсін тойдың басын,

Күміс көмей әншіні қарсы алайық!

Ән: орындайтын  —  сынып оқушысы———————————

I.Жыр сыйлаған , нұр сыйлаған тірлікке ,

Қастерледік қадіріңді білдікте.

Құтты болсын,Ұлыс күні жұмылдыр,

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

Наурыз!

II.Әнім де саған, биімде

Құт қонақ өзіңсің үйімде

Шарықтап көңілім асқандай,

Биге бір жаным басқандай.

Биші қыз билей жөнелсе,

Шаттықтың нұры тасқандай.    Қазақ биін орындайтын —————————

I.Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде Наурыз күлімде.

Күнменен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.                  Көрініс: Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдызы көп түнмін

Екеуі:    Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін

Түн: Ал ертең күн ұзақ

КҮн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі:   Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап

(Күн  ————————————  ;         Түн    —————————-)

II.Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен

Мейірім танысын деп тасып өткен

Наурыз сән- салтанат, ұлттық рух

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

I.Наурызнама- шат –шадыманды ойын- сауық тойы. Бұл күні үлкен- кіші түгел ойын- сауық жасайды. Мұнда шарап ішу , ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тиым салынған.Тойға ат жарыс , палуан күрес , басқа спорт бәсекелері ,айтыс, т. б. түрлі ойындар ойналып , ән салынып, өлең айтылып, наурыз жырлары да айтылады. Олай болса біз де асық ойнап,арқан тартып, күш сынасып, ұлттық ойын  өнерін тамашалайық.

7- сынып оқушылары ортаға шығып, асық ойынын көрсетеді.

II.Ұлыс күні айтылар                                                                                                                           Наурыз айтыс тағы бар

Қазақ елі тұрғанда                                                                                                                                      Той болмайды айтыссыз

8- сыныптан Жаннұр мен Әуелханды қыз бен жігіт айтысына ортаға шақырамыз.

Киелі қазақ рәсімдерінің ішінен «Тұсау кесу» рәсімін 10- сыныптың көрсетуінде тамашалайық.

I.Құлақтан кіріп бойды алар ,

Әсем әнмен тәтті күй – деп —————————— орындауында әсем ән тыңдаймыз.

Ұлыс бақыт әкелсін,

Әркүніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын              Көрініс: Төле бидің билігі.

І. Біз айтсақ «Жарапазан» әдет-ғұрып,

Айтады 6-сынып қажет қылып.                    (Жарапазан айтылады)

 

ІІ. Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын  некен-саяқ.

Ән шырқап би билейік, қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

 

Би: «Қара жорға»   (түгел билейді)

 

І. Енді қазақ елі Наурызды қалай қарсы алғандығына тоқталсақ.

Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп тазартып қоятын болған.

 

ІІ. 21-наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды. Сондықтан әр отбасы дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қойған.

 

І. Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқы ашар» — деп аталатын дәм дайындаған.  Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіс су сияқты сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селт еткізер»  деп атаған.

 

ІІ. Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен адамдар татуласқан.

 

І. Наурызда ойналатын ойындарды жалғастырып 9-11 сынып ұлдары арасында «Арқан тарту», «Қол күшін күрестіру»   ойындарын көреміз.

 

ІІ.  —  сынып оқушысы  ———————————————- наурыз тойына өз шашуын жырдан шашып «Көктем» атты өлеңді оқып береді.

 

І.    – сынып оқушысы ————————————  «Қасиетті жеті сан» өлеңін оқиды.

І. Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Бір таласып көріңдер.     Келесі кезекте «Сен білесің бе?» викториналық сұрақтардың жауабын тауып шешейік.

 

ІІ.  —  сынып оқушысының орындауында би тамашалаймыз.

І.   Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы  — «Наурыз көже». Наурыз көже кем дегенде 7 түрлі дәмнен жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ жағы мол болады, өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп ақ молайады. Сондықтан да тойшылар бір-біріне «Ақ мол болсын», «Сауар көбейсін» деген тілектер айтады.

 

ІІ. Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық қона берсін.

Береке күннен-күнге ьола берсін,

Ырыс-құт басыңыздан аса берсін.

Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,

Еліміз ілгері аяқ баса берсін.

 

І. Наурыз сыйлап қуаныш бақыт нәрін,

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің.

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің! – деп біз де өзіміз дайындаған дастарханнан көже ішіп, той тойлайық.