Өз ісінен бақыт тапқан ережесіз жекпе – жектің шебері Ардақ Назаровпен кездесу
Өз ісінен бақыт тапқан ережесіз жекпе – жектің шебері Ардақ Назаровпен кездесу
Мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, шеберлікке баули отырып, денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу, спортты сүюге тәрбиелеу, спортқа қызығушылығын арттыру — тәрбие сағатымыздың басты мақсаты .
Көрнекілік : Бейнетаспа, кубоктары, алтын белдіктері, видео кассеталары, медальдары т.б.
Әдіс – тәсілдер: сұхбат , сұрақ – жауап .
Тәрбие сағатының түрі : кездесу .
Кездесу кешін оркестрдің күмбірлеген күйімен ашу .
Тәрбиеші : Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгін бізде қонақта ережесіз жекпе – жектің чемпионы Ардақ Назаровты шақырып отырған себебіміз , атам қазақ айтқандай «жүз рет естігенше , бір рет көрсең » , есіңде мәңгілік сақталады деген . Ертеңгі күні сендердің іштеріненде елімізді әлемге танытатын ел намысын қорғайтын ер азаматтар шығады деп сеніп , Ардақ Құттығожаұлын кездесуге шақырып , осы спорт түріне қалай келді , кандай жетістіктерге жетті , қандай қиыншылықтар мен қуанышты кездері болды, осыны өз аузынан естіп білсек дейміз . Ендеше , Ардақ Назаровты ортаға шақырамыз .
Тәрбиеші: Ендеше, оқушылыр өздеріңді Ардақ Назаров туралы қысқаша мәліметпен таныстырып өтейін .
Ардақ Назаров Құттығожаұлы 1980 жылы 14 қазанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ селосында дүниеге келген. Жекпе – жектен спорт шебері. 41 рет айқасып, 38- ін жеңген, 2-еуінде тең түскен, 1 рет жеңілген. Ең ұзақ жекпе – жегі 23 минут, жеке бапкері Сағатбек Мұсаханов. Жеткен жетістігінің нәтижелеріне тоқтала кетсек Панкратионнан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2001 жылы Астана қаласында өткен ережесіз төбелестен Еуропа чемпионы. 2003 жылы Бішкек қаласында өткен ережесіз жекпе – жектен Азия чемпионы. 2003 жылы Ресей Федерациясы Санкт – Петербург қаласында «М1» версиясы бойынша халықаралық турнирдің жеңімпазы. 2005 жылы Кореяның Сеул қаласында «WXF» версиясы бойынша әлем чемпионы .
1 сұрақ: Спортқа қалай келдіңіз ?
Ардақ Назаров : 1991 жылы 4 сыныпта күрес мектебіне анам алып келген болатын . Ол кезде Жақсылық Үшкемпіров секілді Олимпиада чемпионы болу арманым еді . Кейін Алматы қаласына келіп , құрылыс коледжіне түстім. Сол жерде джиу- джитсумен айналысып , Қазақстан чемпионы атандым .
2004 жылғы Хабаровск қаласында өткен әлем кубогы үшін Ардақ Назаров пен Артур Умахановтың жекпе – жегін бейнетаспадан көрсету .
2 сұрақ : Ардақ ағай жеңіске жету үшін қандай әдіс – тәсіл қолданасыз ?
Ардақ Назаров: Қылқындыру әдісін қолданамын . Қылқындырған кезде адам әлсіреп , буындары босай бастайды да , бір сәтке есін жоғалтып алады . Сондай – ақ жекпе – жекте қарсыласымды зерттеуге тырысамын . Егер ол боксшы болса , күреседі . Егер күреспен айналысқан болса , онда ұрады . Өзім мұсылман болғаннан кейін , қарсыласымның да , өзімнің де денсаулығыма зиян келтірпейтін әдіс қолдануға тырысамын .
3 сұрақ : Ардақ ағай қандай ақын-жазушылардың кітаптарын сүйіп оқисыз?
Ардақ Назаров: Кітап – дүниеге есік ашады демекші, көптеген кітаптар оқыдым. Соның ішінде Қажымұқан атамыз жайлы және арқалы ақын Мұқағали Мақатаевтың кітаптарын сүйіп оқимын .
4 сұрақ: Ендеше, Ардақ ағай Мұқағалидың бір шығармасынан үзінді айтып бере аласыз ба ?
Ардақ Назаров: Олай болса мен Мұқағали аталарымыздың Райымбек ауданының киелі жері «Қарасаз » туралы мына өлеңін айтып берейін :
Мен бақыттымын ,бақытты жерде туылдым .
Айналайын Қарасаз қасиетіңнен суыңның
Сенің әрбір бұлағың , менің әрбір қантамырым емес пе ?
Қасиетті тұрағым , қасиетіңнен суыңның !
Көктемде үйрек ұшып , қаз қонып ,
Қараушы едім тырналарға мәз болып ,
Анау жатқан асқар тауды көлденең
Алғаш рет ес білгенде көрген ем!
Ардақ Назаровқа арнап Белағашева Әлияның орындауында «Ағажан » әні .
5 сұрақ: Ардақ ағай Мұсылман қауымының орындайтын бес парызы бар . Соның қайсысын орындайсыз ?
Ардақ Назаров: 2003 жылдың 6 маусымынан бастап намазға жығылдым . Ресейдегі бір турнирге кетіп бара жатқанымда ішімнен : «Е, Алла , көмектесе гөр ! Елге оралғанда міндетті түрде намазға жығыламын », — деп тілеген болатынмын . Алла тағала ниетімді қабыл алып , жеңімпаз болып оралдым . Содан бастап дін жолына бет бұрдым . Сонымен қатар ораза тұтамын .
6 сұрақ : Сіздің спорт мектебіңіз бар ма ?
Ардақ Назаров : Иә. Өз спорт мектебім бар . Онда 60-70 жеткіншек тәрбиеленуде . Оның ішінде туған бауырым Бейбіт те бар .
Оқушылардың орындауында «Ауылым » әні
7 сұрақ . Алдағы жоспарыңыз қандай немесе қандай мақсатқа қол жеткізбекшісіз ?
Ардақ Назаров : Енді бір ғана белес қалды . Соны бағындырсам , ережесіз жекпе – жектің биік шыңына жеткенім болар еді . Ол – АҚШ- та өтетін UFC тұжырымы бойынша обсолютті чемпион атану . Негізі ол жақта мені екі рет шақырған . Бірақ белгілі бір себептерге байланысты елшіліктер жібермей отыр . Алла қаласа алдағы күзде Америкаға баруым керек . Өйткені өзімнің чемпиондық атағымды төртінші мәрте қорғайтын уақыт таяп қалды .
Күй : «Адай »
8 сұрақ . Ардақ ағай сіз бақыттысыз ба , бақыт дегенді қалай түсінесіз?
Жапырағы шіріп жүдеген бақтың
Кебі екен деймін бұл тірлік
Бақытты болып күледе алмаппын
Бақытсызбын деу күпірлік . Ал бақыт дегенді мен мұзарт шыңның мұзбалағы Мұқағали ақынның мына өлеңімен тұжырымдасам .
Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақыты сол – тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара!
Бақытың – мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім.
9 сұрақ: Сіздің армыныңыздың бірі АҚШ- қа барғанда қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, тұғырлы туын көкте желбірету еді. Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші, домбыра тартуды үйрендіңіз ба ?
Ардақ Назаров : Домбыра тартуды үйреніп жатырмын . Толығымен меңгергенде сендерге міндетті түрде орындап беремін !
Тәрбиеші: Енді, қазақтың намысын көтеріп, әлем аренасында көк туды желбіретер қазақтың біртуар тұлғалары Ардақ пен Бейбіт Назаровтарға арнап намысына намыс , жігеріне жігер қосар «Қазақ жігіттері » әнін «Жалын» тобының орындауында тыңдаңыздар .
Қорытынды: Ардақ Құттығожаұлы, сіздің қамқор, үлгі болып жүрген осы оқушыларға алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге тәрбиешілер атынан, оқушылар атынан алғысымызды айтамыз. Осы оқушылар атынан орамал жол болмайды, тон болады деп кішкене қара домбырамызды тұмар ретінде сыйлап, осы домбыра сізге сәттілік, бақыт, жеңіс әкелсін деп тілейміз .
Хор: Атамекен.