Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ

Тақырыбы: «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ»

Мақсаты:Оқушыларды рухани,зерделік жағынан тәрбиелеу,мақал-мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату,сөз  өнеріне баулу,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:Мақал-мәтелдер.

Барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушыларды жарысқа дайындау.

ІІ.Мұғалім:

-Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгінгі біздің «Мақал-мәтел сөз мәйегі»

сайысындағы мақсат мақал-мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату,әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білімдеріңді шыңдау.

Балалар,мақал дегеніміз не? Мәтел дегеніміз не?

Мақалда қорытынды,тұжырымды түйін болады.Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады.Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады»

Мәтелде ой тікелей білдірілмей,тұспалдап,жанамалап айтылады.Мысал: «Көппен көрген – ұлы той»

Бүгінгі «Мақал – мәтел сөз мәйегі» тақырыбында сыныптан тыс

ашық деп жариялаймыз.

Сайыс ІY- кезең тұрады.

І-кезең.Таныстыру.

(Әр оқушы өздерін мақал-мәтел арқылы таныстыру)

ІІ-кезең.

Жалғастыр

(Мақал –мәтелдерді жалғастырады)

ІІІ-кезең.

«Жасырдым жұмбақ»

Жұмбақ шешіп,сол сөз кездесетін мақал -мәтелдер айту және жұмбақ шешуін орыс тілі аудару.

ІY-кезең.

«Шешен болсаң,шешіп көр»

Өлең жолдары оқылып,баламасы мақал-мәтелмен айтылады

Әділқазылар алқасын сайлау

І.Кезең . Таныстыру.

(Әр оқушы өздерін мақал-мәтел арқылы таныстыру)

ІІ.Жалғастыр.

1)Айбар керек,әл керек,

(Әлсіз айбар не керек.)

2)Өзін-өз білмеген ер бақытты,

(Өзін-өзі билеген ел бақытты)

 

3)Білімсіз адамның сөзі білектей,

(Білімді адамның сөзі жібектей)

4)Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі,

(Жамандыққа жақсылық нағыз адамның ісі)

5)Әлсіз адам сүріншек

(Ақылсыз адам еріншек)

6)Ақылдыға айтқан сөз-

Қолға ұстаған тумен тең

(Ақымыққа айтқан сөз

Ағып жатқан сумен тең)

ІІІ сайыс.

«Жасырдым жұмбақ»

Жұмбақ шешіп,сол сөз кездесетін мақал-мәтелдер айту

ІV.Сайыс. «Шешен болсаң,шешіп көр»

Өлең жолдары оқылып,баламасын мақал-мәтелмен қажет .

1)»Ана» тақырыбы бойынша

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым,күнім» дейтін.

2)Ақ киімді, денелі , ақ сақалды,

Соқыр мылқау,танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау ,түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

3»Ана тіл» тақырыбы бойынша

Сүйемін туған тілді –анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

4) «Туған жер» тақырыбы бойынша

Уа,дариға,алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр!

Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей,

Ақын болмай,тасың болсам мен егер.

5) «Еріншектік» тақырыбы бойынша

Еріншектен – салақтық,

Салақтықтан надандық

Бірінен бірі туады.

Жоғалар сөйтіп адамдық.

6) «Отан» тақырыбы бойынша

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Қорытынды.

Әділқазыларға сөз беру.

Марапаттау.

Қорытынды.