Ардақты атамекенім
Сабақтың тақырыбы: Ардақты атамекенім
Сабақтың мақсаты:
- оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, білімдерін тереңдету және қазақша дұрыс сөйлеуге дағдыландыру мақсатында өтілді.
Әдісі: оқушылар екі топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: рәміздер, Қазақстан картасы, буклеттер, мақал-мәтелдер, Отан, Жер туралы қанатты сөздер, топтың аты, ұраны.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
а) кіріспе бөлімі:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағаты сайыс түрінде өтеді. Екі команда өздерін таныстырады.
1-команда капитаны:
Команданың аты «Жас қырандар»
Команданың ұраны: «Жас қыранның ұланы, үнемі алда тұрады.»
Команданың эмблемасы:: көкке самғап ұшып бара жатқан қыран суреті.
2-команда капитаны:
Команданың аты: «Жас өрендер»
Команданың ұраны: «Арманы биіктің — алмағы биік»
Команданың эмблемасы: Қолында кітабы бар, тауға өрмелеп шығып бара жатқан бала суреті.
Жүргізуші: Командалар өздерін таныстырып болды. Ендігі кезекте мақал-мәтел сайысы. Бұл жерде екі команда өздері дайындап келген мақал-мәтелдерін айтады. Әр команда 10 мақалды жатқа айтады және алғышқы сыңарын айтып келесісін қарсы топ айтады. Мақал –мәтел Отан, туған жер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы болуы керек.
Мысалы: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
Жүргізуші: Келесі тамашалайтыныңыз әдеби – музыкалық тақпақтар.
1-оқушы: Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
2-оқушы: Ел тарихы – жер тарихы, өзіміз.
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз,- дегендей ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштықболып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын деп тілейміз.
3-оқушы:
Халықтың енді міне жетілгені,
Құрыштың білінбейді кетілгені.
Аталып Қазақстан ел боп туып,
Үй тігіп, ірге қалап бекінгені.
4-оқушы:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы
Бесігін болып тербеткен
Отаным- Қазақстаным.
5-оқушы:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл даланы
Ардақты ата мекенім,
Отаным- Қазақстаным.
6-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды. Бұл күн халықаралық мереке күні болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілді.
7-оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Отбасында шаңырақ
Мемлекеттік туымнан
Күн шығып тұр жарқырап.
(Елтаңба мен туды көрсетеді.)
8-оқушы:
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
9-оқушы:
Қазақ жері – Қазақстан
Мөлдіреген ашық аспан
Алыс кетсем сағынамын
Менің Отаным- Қазақстан.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші: «Жас қырандар» мен «Жас өрендер» топтарының сахыналық қойылымдарын көруге шақырамыз.
1-топ: «Дүниеде не өлмейді ?» атты қойылымды көрсетеді.
2-топ: «Тапқыр жауап» атты қойлымды көрсетеді.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Бабаңнан саған не қалған ?» деп аталады. Бұл сайыста:
1-топ: Жеті санына байланысты Бөлтірік шешенннің сөзін айтады.
2-топ: Жетелі жұрттың жеті белгісін айтады.
Жүргізуші: Келесі бөлімде командалар жарысы болады. Мұнда екі команданың дайындап келген сұрақтары бір-біріне екзектесіп қойылады. Бұл сұрақтарды жүргізуші оқып тұрады. (Жауаптардың немесе бұрысын әділқазылар белгілеп отырады)
Сұрақтар:
- Қазақстанның жалпы жер көлемі ? (2717 мың шаршы шақырым)
- Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі ? (5 мемлекетпен шектеседі.)
- Шекараның жалпы ұзындығы қанша шақырым ? Ол қай теңіздер арқылы өтеді ? (Ұзындығы 15 мың км және 3 мың км. Каспий, Арал теңіздері арқылы өтеді.)
- Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген ? (жоғарыда 5 бұрышты жұлдыз, төменде Қазақстан деген жазуы бар)
- Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды ? (1991 жылы 16 желтоқсанда.)
- ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын қосқан кім ? (Абылай хан)
- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ қасырдың басында Қазақстан жерін зерттеген зеттеушілер кімдер ? (Ш. Уалиханов, Семенов-Тянь – Шанский, Н.А. Свертцов, И.В.Мушкетов т.б)
- Қақазстандапайдалы қазбалардың қанша түрі бар, кез келген бесеуін ата. (25-26 түрі бар. Олар: көмір, мұнай, алтан, күміс т.б)
- Егемендік туралы декларацияға қашан қол қойылды ? (1990 жылы 25 қазанда)
- Қазақстанда қанша облыс бар ? (14 облыс)
- Тіл туралы заң қай жылы қабылданды ? (1989 жылы 22 қыркүйекте)
- Қазақ хандығының негізін құрған хандан ? (Керей мен Жәнібек)
- Соңғы Конституция қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
- Қазақстан Жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында? (9 орында)
- Қазақстанның ең үлкен облысы? (Қарағанды облысы)
- Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? (1920 жылы Орынбор тұңғыш астана болып жарияланды)
ІІІ Қорытынды