Сырмақ оюын дайындау. Сырмақ үшін екі қабат матаны оюлау.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия
Тақырыбы: Сырмақ оюын дайындау.
Сырмақ үшін екі қабат матаны оюлау.
Пән мұғалімі:Оралбаева Клара
Шымкент 2010 жыл
Сабақтың тақырыбы: Сырмақ оюын дайындау.
Сырмақ үшін екі қабат матаны оюлау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік- оқушыларға сырмақ оюын
дайындау жолдарын түсіндіру.
Сырмақтың ою бастырған,оюластырған
түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық- сырмақ тігу
технологиясын терең меңгере отырып,
қазақтың ұлттық үй жиһаздарының
жасалу жолдарын үйрете отырып,
өнерге деген ынта, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік- ұлттық қол өнерді
қастерлеуге үйрету,бұйымга сәндік талап
қоя білуге тәрбиелеу және ұқыптылыққа,
ұлттық мәдениетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, іс-әрекет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын жасалған сырмақтар,
суреттер, альбомдар, буклеттер, ою-өрнек
түрлері, кітаптар, сөзжұмбақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих , сызу, бейнелеу, геометрия,
биология.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу, кезекші жауап береді.
3.Сабаққа қажетті оқу жабдықтарының түгелдігін қадағалау
- Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау.
- Сырмақтың түрлері
(үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ, төсек сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, бөстек сырмақ)
- Сырмақтың жасалу жолдары.
(екі түсті киізден ойып жасалады және киізге барқыттан, шұғадан ою ойып жапсырып тігеді)
- Ою-өрнек неше топқа бөлінеді
(төрт топқа бөлінеді)
- Сырмақ сөзі кайдан шыққан.
(«сыру» деген сөзден шыққан)
5) Сырмақтың түрлерін ата.
(көш сырмақ,төр сырмақ,төсеніш сырмақ)
6) Сырмаққа қандай маталардың түрлері керек?
(шұға, барқыт,жібек матасы.)
7) Сырмаққа қандай оюдың түрлерін қолданылады?
(қошқар мүйізді,арқар мүйізді,т.б)
8) Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. ( сырмақ)
9) Халқымыз «жыланбас» оюын қандай ырыммен қайда
қолданған?
( жыланбас оюын балалардың тақиясына көз тимесін деген
ырыммен жасалған)
10) Әдіптеу деген не?
( заттың не киімнің шетін екінші түсті мата не терімен
жапсыра тігу, жиектеу)
- Жаңа сабақты түсіндіру.
Сырмақ киізден сырып оюлап жасалған төсенгіш. Оны жасаудың атадан балаға таратылып, дәстүр болып келе жатқан өзіндік ерекше салты бар. Сырмақты түрлі түсті киізден ойып, өрнек салып та, сондай-ақ шымқай ақ киіздің бетіне кызыл, сары маталардан оюлап бастырып та тігеді. Сырмақ жасау үшін алдымен ою өрнек салынған үлгісі дайындалады. Мұндай үлгіні жасау үшін қалың қағаз, жұқа пластмассаларды пайдаланса көпке шыдайды. Сырмақ үшін біркелкі жұқа басылған киіздер, шұға және оюлары сетінемейтін маталарды пайдаланған ыңғайлы, әрі жұмыс өнімді, төзімді болады.
Қазақ халқының шеберлерінің қолынан шыққан сырмақтардың бояулары бір-бірімен үйлесімді, оюлары жатық, әсіресе төсегі мен оюы арасына жүргізілген жиек (суы) жүргізу тәсілі ерекше көз тартады. Сырмақ жасау өнерінде «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», т.б. ою-өрнектер көп қолданады. Олар өте дәлдікпен орналасып, бір-бірімен жалғасып, ұласып жатады.
Сырмақ сырылады, жиектелінуі астарланады. Сырмақтың осы түрі әрі жеңіл, әрі әдемі болады. Сәндік үшін аң мен мал терілерін сырмақ ортасына тұтастай жапсырған түрін жеңіл маталармен астарлайды. Көшпелі халқымыз әр сырмақтың пайдаланатын орнына байланысты, мысалы, үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр сырмақ, төсек сырмақ, от киіз, от сырмақ, жамбас сырмақ, төрткүл сырмақ, тері сырмақ, тері бөстек деп атаған. Ол түр-түсіне қарай ақ сырмақ, қара сырмақ, қара ала сырмақ, қызыл сырмақ, сары ала, көк ала сырмақ деп атала береді. Жасалуына тән-бастырмалы, кестелі, ойма-нақышты т.б. түрлендірсе де болады.
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге келе жатқан өнер. Шеберлердің қолымен шыққан қолөнер туындылыры, халықтың өмірімен, тұрмыс тіршілігімен, табиғатпен, эстетикалық талғамымен байланысты болған. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі жүн.
Екінші схема бойынша жүн өңделеді,боялады,сабалады.
Сөйтіп ши бетіне бір тегіс етіп жүнді салады да, бетіне ыстық суды мол шашып, ұқыптап орайды, екі шетін тұйықтап орап жабады, шиді 4-5 жерден қатты буып байлайды да, үш –үштен алты адам қарама-қарсы тұрып, арлы-берлі тартып қатайғанша тебеді.
Сырмаққа жұқа басылған киіз таңдалады. Түскиіз бен сырмақтың айырмашылығы сырмаққа екі киізді беттестіру арқылы ою жапсырылады. Сырмақ кәделі үй жиһаздарының бірі болғандықтан бетіне барқыт, шұға маталардан ою бастырған. Әшекейлеу үшін зер жіпті гүл өрнек түсірілген ,төңірегіне құңдыз ұсталынған, кей жерлеріне күміс теңгелермен, меруерт, маржан қадалған.
Сырмаққа өрнектелген ою-өрнектер әр түрлі формада болған.Тұтас өрнек, кіші өрнектер қолданылады.
Ою-өрнектердің түрлері көрсетіледі.
- Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушыларды 2 топқа бөліп сөзжұмбақ шешу арқылы тапқырлықтарын байқаймыз.
1 Жастанатын жұмсақ бұйым ( жастық )
2 Құстың жүнінен жасалған үй жиһазы. ( құстөсек )
3 Сырып тігілетін төсеніш ( сырмақ )
4 Жүннен талдырып түр салынған төсеніш ( текемет )
5 Текемет басуға арналған бұйым ( ши )
6 Сәндік әрі үй жиһазы ( кілем )
7 Қой жүнінен жасалған үй бұйымы ( киіз )
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
7
- Төсектің тұсына ұстайтын үй жиһазы. ( Түскиіз)
- Сырмаққа қажет құралдардың бірі. ( Қайшы)
- Сырмақ, түскиіздің сәні. ( Ою-өрнек )
- Жүннен талдырып түр салынатын төсеніш ( Текемет )
- Өрнекке тоқылатын бұйым. ( Алаша )
- Ісмерлікке пайдаланған зат ( Оймақ )
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
6
Ал енді осы топ бойынша ұлттық өнеріміз туралы мақал-мәтелдер жарысын өткізейік.
1 Жеті рет өлшеп, ……… рет кес. (бір)
2 Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің ……. алтын. (сөзі)
3 Ою ойсаң ойланып,
Өсер сенің …….. (өрісің)
4 Кедейлік деп қысылма,
Өнерің болса …….. (қолында)
5 Өнер таусылмас азық,
Жұтамас ……… (байлық)
6 Еңбек үйренемін десең ерінбе,
Өнер үйренемін десең …….. (жерінбе)
7 Талаппен бастап талғаммен ……. (аяқта)
8 ……. тымақтың үлгісі,
Өнер еңбектің жемісі. (Бас)
9 Шебер …… , өнер сөнбес. (өлмес)
10 …… өнері кілемде,
Сөз өнері өлеңде. (Қол)
11 Олақ адам …….. жаға алмас. (от)
12 Шеберді жеңген ……. жоқ. (жұмыс)
13 Сабыр мен …… бәрін де жеңбек. (еңбек)
14 Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің …… ортақ. (сөзі)
Жарайды, мақал-мәтелді жақсы біледі екенсіңдер, енді ұлттық өнеріміз туралы өлеңмен жарысайық.
Ою-өрнек қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал (сызған) ізіңмен.
Сырмақ төрде ілінген,
Ою қандай әдемі.
Өрнегі ашық білінген,
Ұлттық бұйым (кәделі).
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер
Қиюға (пысық) жан керек.
Оюды ойдан жинаймын,
Апама оны сыйлаймын.
(Сырмаққа) тіксе оларды,
Басуға оны қимаймын.
Ал енді жұмбақ жасырып жарысайық.
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап жалаңаш өзі безді. (Ине)
Екі басты жалмауыз,
Керіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен өзі қашады. (Қайшы)
- Сарамандық жұмыс
Енді біз сырмаққа оюды дайындаймыз. Оны матаға салып қиып аламыз.
- Сабақты қорытындылау
Сырмақты жасау жолдарын үйрендік. Сендер үлкен шеберлікке жету үшін іскерлік пен төзімділік, шыдамдылық керек.
- Оқушылардың білімдерін бағалау.
1.Жақсы жұмыстарын атап өту.
2.Сабаққа жақсы қатысып жауап берген оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма: Оюды матаға салу.