Ана – тіршіліктің тірегі

Тақырыбы:  Ана – тіршіліктің тірегі

Мақсаты:

Білімділігі:  Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру.

Дамытушылық:  Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу

Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта,ұанатты сөздер

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

Тренинг

Оқушыларды екі топқа бөлу

ІІ. Әдеби сазды мантаж

ІІІ. Сайыс

  1. Таныстыру
  2. Ой қозғау
  3. Сен білесің бе?
  4. Мақалды жалғастыр
  5. Сәйкестендіру (ата – аналарға саұрақ – жауап)
  6. Ұорытынды

ІҮ. Тренинг (жүректен – жүрекке)

 

 

Құрметті Ұстаздар,ата – аналар,оқушылар ҮІ сыныпта өткізгелі отырған «Ана тіршіліктің тірегі!» атты ашық өнеге сағатына қощ келдіңіздер.

Ашық өнеге сағатымызды бастамас бұрын оқушылармен тренинг өткіземіз.

Менін есімім Гүлдерім сіздерге Германия қаласынан гүл алып келдім

Менін есімім Наргиз сіздерге Норвегиядан нан алып келдім

Менін есімім Айда сіздерге Алматы қаласынан алма алып келдім

Менін есім Айгүл  сіздерге Астана қаласынан алмұрт алып келдім

Менін есімім Сымбат сіздерге Сарыарқа қаласынан сағат алып келдім

Менін есімім Айдос сіздерге Ақмоладан астық алып келдім

Менін есімім Мырзаш сіздерге Мәскеуден мақта алып келдім

Менін есімім Малика сіздерге Малдова қаласынан моншақ алып келдім

Менін есімім Зульфия сіздерге Зайсаннан зығыр алып келдім

Менін есімім Сабина сіздерге Сағыздан сағыз алып келдім

Менін есімім Эльнара сіздерге Эстониядан электрондық оқулық алып келдім

Менін есімім Шапағат сіздерге Шанхайдан шана алып келдім

Менін есімі Жанболат сіздерге Жамбылдан жібек мата алып келдім

Менін есімім Олжас сіздерге Омбыдан орамал алып келдім

Менін есімім Дина сіздерге Дассордан доп алып келдім

 

 

 

Осымен тренигіміз аяқталды әдеби сазды мантаж бөліміне кезең береміз

Сөз оқушыларда

  1. Малика
  2. Наргиз
  3. Зульфия
  4. Айда
  5. Жанболат
  6. Сымбат
  7. Эльнара
  8. Айдос
  9. Айгүл
  10. Сабина
  11. Шапағат
  12. Мырзаш
  13. Олжас
  14. Дина

 

Келесі бөлімімізде сайыс.Оқушыларды екі топқа бөліп қойғанбыс.Сөз кезегін Олжас пен Динаға береміз.

 

Адамды дүниеге әкелетін,өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдңрет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз!

Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегіміз келеді.Сіздерге балалық жүректерімізден мыңда бір алғыс.

 

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істейік әр қадамды

 

Сынып оқушыларын өз орындарына шаұырамыз

1 топ «Ұландар»                                               2 топ «Ардақтылар»

Наргиз                                                                   Малика

Айда                                                                      Зульфия

Сабина                                                                  Айгүл

Сымбат                                                                 Эльнара

Айдос                                                                    Шапағат

Мырзаш                                                                 Жанболат

 

 

 

 

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін

 

Сайыстың жоспары

 

Армысыздар,айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын

Ата – баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру – парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер сыныптастар

Сәт те келіп қалғандай таныстырар

 

І топ                                     ІІ топ

 

Сайысымыздың 2 – ші бөлімі «Ой қозғау» мұнда екі топқа тақырып беріледі сол тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

І топ                                                ІІ топ

«Отан – ана»                                «Ана – тілі »

«Жер – ана »                                 «Ана – қайраткер »

«Табиғат – ана »                            «Ана – тіршіліктің тірегі»

 

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық,алтын бақ

 

Бүкіл әлем аналардың ақ сүтімен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған

Әлемде сен болмасаң осылайша,

Туар ме еді жүрегімде биік мақсат,игі арман

 

Сайысымыздың 3 – ші бөлімі «Сен білесің бе?»

І топ

  1. Баладан тәтті не? (Бала)
  2. Тәрбие мен білім ордасы (Мектеп)
  3. Үйлегі алтын қазық кім? (Ана)
  4. Бес асылды атаңдар (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)

 

ІІ топ

  1. 18 жасқа толмаған адам (Бала)
  2. «Өзін — өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (Сара Назарбаева)
  3. Қара жаңырақ иесі кім? (Кенже ұл)
  4. Үш арсызды атаңдар? (Ұйқы,тамақ,күлкі)
  5. Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)
  6. Үйде кім,елде кім қадірлі? (Үйде халық,қарт,бала қадірлі,елде хан,әкім,ұстаз қадірлі)

 

 

 

Ана деген – адамзаттың данасы,

Ана деген  — сәбилердің панасы

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың

Ана деген — өмірдегі қамқорың

Ана деген – сүйенерің,жан құрбың

 

Аналарды ардақтайық мәңгілік,

Сіздер үшін жыр жазамын ін қылып,

Барлық ана қамқор болған балаға

Құрметтемей аналарды болар ма?!

 

 

Сайысымыздың 4 – ші бөлімі «Мақалды жалғастыр»

І топ

  1. Ата – бәйтерек

Бала жапырақ

  1. Ана тілін білмеген

Ана сүтін татпаған

  1. Ұлы бар үйде қуат бар,

Қызы бар үйде шуақ бар

  1. Әкеге қарап ұл өсер

Шешеге қарап қыз өсер

  1. Адам ақылымен сымбатты,

Ұрпағымен қымбатты

  1. Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер

 

ІІ топ

  1. Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар

  1. Әке – асқар тау

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала жағасындағы құрақ

  1. Қызы анадан үйренбей өнеге алмас

Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес

  1. Ұрлық түбі қорлық
  2. Отан елдің – анасы,

Ел – ердің анасы

  1. Отан үшін күрес

Ерге тиген үлес

 

 

 

 

 

 

 

Сайысымыздың 5 – ші бөлімі «Сәйкестендіру»

Алдымен сүй ардақты ата – анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейіріміне ата – ананың жасалады

Ата – анасын сағынар жырақ жүрген баласы,

Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен

Екеуінің қуанышы тілегі

Әрқашанда бір арнадан табылған

 

 

Екі топқа берілетін тапсырма сәйкестендіру кестесі

 

Отбасының қорғаны кім?5Ана
Үйдегі алтын қазық кім?1Ұстаз,ата – ана
Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?6Қонақ,қарт адам,бала
Үйде кімдер қадірлі?3Ата – ана,ұстаз,дос
Қоғамда кімдер қадірлі?2Әке
Адамға ақыл беретін кім?4Ана

 

 

Аналарды құрметтейміз,елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теғейміз

О,аналар,сіздерді үлгі тұтып

Бақытпенен денсаулықты тілейміз.

 

Ата – анаға айтқан рахметің

Елден алған алғысың

Ата – анаңды сыйламағаның

Елден алған қарғысың

 

 

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз

 

Ата – аналарға,ұстаздарға арнап би «Қара жорға»

 

Тренинг  «Жүректен – жүрекке »

Қорытынды