Биология сабақтарында жеке оқушымен жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістері

Биология  сабақтарында жеке  оқушымен  жұмысты   тиімді  ұйымдастыру  әдістері

Смаилова  Шолпан

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.  Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.

Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады.  Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.

Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.

Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.

Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды.

«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», — деген болатын.

Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», — деп ерекше атап өттi.   Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн     Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi

Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің негізгі бағыты – жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.

Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.

Оқу – танымдық іс — әрекет – бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс — әрекеттер түрлері болып табылады.

Оқу – танымдық   іс — әрекет    педагогикалық    процестің    құрамды    бөлігі. Оқу – танымдық іс — әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар:  философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс — әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл – ой, ерік-күш жігерін, психикалық   процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.

Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту – оның мінез – құлқында тұрақтылықты, өзін — өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне — өзі талап қоя білуді, т.б. үйретеді.

Оқушының танымдық іс — әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық   іс- әрекеттен   тұрады.   Оқушы   қоғам   өмірінде  маңызды іс — әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу – танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс — әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі  оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс — әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы – кітаптар, лабораториялық құрал – жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады.

Танымдық  белсенділік  пен  қызығу

Оқыту үрдісінде балалардың сыртқы дүние нәрселері мен құбылыстарын саналы түрде қабылдауының нәтижесінде балалардың сезгіштігі күшейіп, түйсігі дамиды. Оқушылардың оқу материалын қабылдауын дұрыс қйымдастыру үшін мұғалім оқыту үрдісінде көрнекілікті кеңінен пайдалануы керек.

Таным-адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.

«Таным» — философиялық ұғым: «айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі». Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады.

Қызығу — әр қырынан алып қарауға болатын курделі ұғым, адамның белгілі 6ip объектіні ұнатып, білуге ұмтылган ic-әрекетін қуаттандыратын психикалық, ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М. Беля­ев, Н. Морозова, С. Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адам­ның қызығуы 6ip icпен шұғылданғанда, әр турлі әрекеттерде көрініс табады.

Оқыту әдістері оқушылардың танымдық белсенділіктерінің дамуына зор ықпал етеді. Өйткені оқыту әдістерінің білімдік, тәрбиелік қызметтерімен қатар, дамытушылық қызметінің маңызы ерекше.

Оқыту әдістері — мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше, оқыту әдістері — оқушылардың оқу — танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі.

И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушының оқу — танымдық әрекетіне байланысты былай жіктейді:

а) түсіндірмелі иллюстративтік немесе ақпаратты рецептивтік (рецепция — қабылдау) әңгіме, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, кино, диафильмдерді демонстрациялау, т.б;

ә) ішінара – іздену немесе эвристикалық әдіс;

б) зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырма беріліп, оны өз бетінше, қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегемен орындау.

Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 негізгі топқа бөлді:

а) оқу — танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері;

ә) оқу — танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері;

б) оқу — танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

Дидактикалық тұрғыдан алып қарағанда М.А.Данилов және Б.П.Есиповтың жүйелеуі тиімді. Егер бұл әдістер оқушының дидактикалық мақсаттары мен танымдық міндеттерін шешуде оқыту әрекетін ұйымдастыру ретінде көрінсе, онда оларды мынадай топтарға бөлуге болады:

а) жаңа білімді игеру әдістері;

ә) білімді практикада қолдану білігі мен дағдысын қалыптастыру әдістері;

б) білімді, білік және дағдыны бағалау, тексеру әдісі.

Көптеген жүйелеулер оқытудың негізгі міндеттерімен сәйкес келіп, олардың негізгі белгіленген қызметін жақсы түсінуге көмектеседі. Егер көрсетілген жүйелеулерге дәлдік енгізсек, онда түрлі әдістерді мынадай 5 топқа бөлуге болады:

а) мұғалімнің білімді ауызша баяндауы мен оқушының танымдық әрекетін белсендіру әдісі: әңгіме,түсіндіру, мектеп дәрісі, әңгімелесу, оқу материалын ауызша түсіндірудегі иллюстрациялау, демонстарциялау;

ә) материалды бекіту әдісі: әңгіме, оқулықпен жұмыс;

б) жаңа материалды игерудегі оқушының өзіндік жұмыстары;

в) білімді практикада қолдану және біліктер мен дағдыларды бекіту әдісі: жаттығулар, зертханалық сабақтар.

г) оқушының білімдері, біліктері мен дағдыларын бағалау және тексеру әдістері: оқушыны күнелікті бағалау, ауызша сұрау (жеке, фронтальді), сабақ кезінде балл қою, бақылау жұмыстары, үй тапсырмаларын тексеру, бағдарламаланған тексеру,  тест арқылы тексеру. Оқушыларға сапалы да тиянақты білім берудің негізгі-өз пәніңді жан — жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.

 

Оқушы белсенділігі оқушының ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың дербестігін дамытуға тырысады. Оқушының белсенділігі әр түрлі болады.

Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар.

1-дәрежежаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.

2-дәреже – түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәрежеге тән көрсеткіш — оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарынан қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.

3-дәрежебелсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздеструге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі- мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.

Жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық белсенділігінің 4 деңгейін анықтауға болады.

  1. Жоғары – белгілі құбылыстың маңыздылығына қызығушылығы бар, белсенді оқу-танымдық ұмтылыстың болуы. Білімін практикалық жағдайда оңтайлы қолдана отырып, оқу-танымдық тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, жаңа нәтижеге жетудің нұсқаларын өз бетінше айқындайды. Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, белсенді іс-әрекет дербестігін сақтап, өз әрекетін бақылап, өздігінен бағалайды. Зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.
  2. Жеткілікті – оқу-танымдық материал мазмұны мен тапсырма мақсатына байланысты шығармашылық ізденістер ұйымдастырады. Объектіні таниды және сипаттай біледі: ішкі және сыртқы құбылыстарға қатынасын, байланысын табады; дәстүрлі жағдайларда білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.
  3. Орташа – оқу-танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады. Ынталылық пен бейімділіктің өзара байланысы толық емес, білімді меңгеруді, проблеманы шешуді үлгіге қарау арқылы немесе мұғалімнің көмегімен орындайды.
  4. Төмен – оқушы оқу-танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді. Танымдық тапсырмаларды үлгі бойынша баяу орындап, кейін нәтижесін талдайды. Танымдық әрекеттің қандай да бір түріне ынтасы қалыптаспаған, оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы толымсыз.

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.

Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық белсендiлiк» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.);

—       психологиялық (Б.Г.Ананьев, М.Я.Басов, Л.С.Выготский, Б.Ф.Ломов т.б.);

—       педагогикалық (Ш.А.Амоношвили, Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Г.И.Щукина т.б.).

Биологиялық аспект– белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама – қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Белсендiлiк бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.

Психологиялық аспект— тұрғысынан белсендiлiк С.Л.Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.

С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:

— объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,

— объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,

— тапсырмаларды қою,

— iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы,

— мәселенi шешуге бағытталуы.

Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.

Әлеуметтiк тұлғалық аспектмәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен  байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.

Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс — әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады (Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке  тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.

Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектiдегiбелсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:

—       белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi

—       белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив, ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.

—       Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты – объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi. Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу – орындау арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге асады.

Мен  биология  сабақтарында  оқушылардың танымдық  белсенділігін мен қызығушылығын  арттыру үшін  түрлі  тапсырмалар  мен  қызықты  биологиялық  ойындарды  ұйымдастырып  жүрмін.  Мысалы, 8  сыныптарда құстар  тақырыбына мынадай  суретті  тест  арқылы  баланың  сабаққа  қызығушылығын   ояту  мақсатында берем.

Суретті  тест   8 сынып «Құстар классы» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  тапсырмалар  оқушының   байқағыштығын, логикалық  ойлауын  дамытады,  шапшандыққа,  тез  қимыл-әрекеттеріне  үйретеді.

Ал,  10    сыныптарда  баланың  логикалық  ойлау,  ес,  жады  және  т.б.  қасиеттерін  дамыту  мақсатаныда  шытырмандар,  анаграммалар,  иннвордтар, лото  деген  танымдық  ойындарын  ұйымдастырамын.  Мысалы,

№ 4.   БИОЛОГИЯЛЫҚ ШЫТЫРМАН

У.1.

 

Мендельдің  бірінші  заңы – біркелкілік  заңы

 

О.8.

Генетикалық зерттеулер  қолайлы  жүргізетін  жәндік – шаян

Ц.15.

Басым гендер  доминантты  деп аталады

Ы.22.

Мендель  тәжірибені  асбұршаққа  жасады

Ия -3Жоқ -7Ия -4Жоқ -5Ия -18Жоқ — 16Ия -24Жоқ -17
Б.2.

Бірінші  ұрпақта ажырау арақатынасы  фенотипі  бойынша 3:1, ал  генотипі  бойынша       1:2:1 болады

А.9.

Екі қабатты  ұрықты  гаструла  деп  атайды

Ф.16.

Екі  жұп  белгілері  арқылы  будандастыруды –  моногибридты будандастыру  дейді

В.23.

Қайталап таруды     оқы!

Ия -1Жоқ — 4Ия -14Жоқ — 8Ия -17Жоқ -20  
А.3.

Жыныссыз  көбею – гаметалар  арқылы  жүреді

У.10.

Ұрықтану деген –гаплоидті  хромосома  жиынтықтары  бар аналық пен аталық жыныс  жасушаларының ядроларының  қосылуы

Ц.17.

Гендердің  өзара  әрекеттесуін төрт түрі бар:комплементарлық, эпистаз, полимерия, көпаллельдік

Қ.24.

Цитоплазмалық  тұқым  қуалауды Т. Морган ашты

Ия -2Жоқ -6Ия -12Жоқ -11Ия -20Жоқ — 23Ия -17Жоқ — 26
Э.4.

Мутация  деген  фенотиптің  өзгеруі

 

 

 

Ш.11.

Вегетативті көбею  екіге  бөлінеді: табиғи  және  қолдан

Қ.18.

Генетика  атасы  де Фриз  болып  есептеледі

Н.25.

Т. Морган дрозофила  шыбынына  тәжірибе  жасады

Ия -6Жоқ -8Ия -1Жоқ – 13Ия -12Жоқ -21Ия -20Жоқ — 27
Ю.5.

Тіркес  гендердің орналасу  сызбанұсқасын генетикалық  карталар дейді

М.12.

Тригибридті  будандастыруда сегіз  түрлі  фенотип  түзіледі

К.19.

Цитоплазманың құрамындағы  гендер арқылы  жүретін тұқым  қуалауды цитоплазмалық  тұқым  қуалау  дейді

Ұ.26.

Эпистаз деген бір ген  екінші  генді  басып, белгісін  жойып жібереді

Ия -6Жоқ -7Ия -10Жоқ — 15Ия -20Жоқ — 21Ия -19Жоқ -28
Л.6.

Қосарлы  ұрықтануды С.Г. Навашин ашты

 

Е.13.

Телу деген бір өсімдіктің бөлігін екінші өсімдікке ұластыру

Ч.20.

Партеногенез – ұрықтанбаған                    жасушалардан          аталықтар  дамиды

М.27.

Ген  деген  терминді

Г. Мендель  енгізді

Ия -9Жоқ -7Ия -11Жоқ — 15Ия -21Жоқ — 27Ия -12Жоқ — 26
Г.7.

Жасыл асбұршақ  сары  асбұршақты  басып  қалады

У.14.

Генетика  тұқымқуалаушылықты  зерттейді

М.21.

Гибридологиялық  әдісті адамға  қолданады

Т.28.

Генотип – гендердің  жиынтығы

Ия -8Жоқ — 14Ия -18Жоқ -16Ия -13Жоқ — 22  

Бұл  тапсырмалар өте  күрделі  емес,  сондықтан оқушылардың  барлық  деңгейлерін  қамтиды.  Тек  оқушы  тезистерді  білу  қажет.

Немесе  осы  сыныптарда мынадай  тапсырмалар  түрлері;

АНАГРАММА  —  1:  «ГЕНЕТИКА»

 

АГЕКНИТЕ    —

 

ДЕМНЕЛЬ  —

 

ШАСҚАРҰБ   —

 

КІЛІРЛЕКБІК АҢЫЗ  —

 

АЛДАЙТ ДАСБУТЫРУДАН —

 

МИДОТТЫНАН  —

КАЛГЕНЫҚЕТИ АРТАК –

 

ИННОВОРД:  «ГЕНЕТИКА»

МОРХАЖАУТИ
ОСОМАЫРФОП
ИПЭАТОГЕНГ
СТАЗКРЗОРЕ
ЕРРЕВОССЕТ
ЦЕССОГНИГО
ЫТВИЕИГОТА
ПИТОНЗОМОГ

 

11  сыныптарда ҰБТ дайындықтарына  қажетті  тапсырмалар  түрлері  бар.

Терминдік тест.   11  сынып (кілті)

АнықтамаСілтеме бас әрпіТерминдер

 

1Бір түрге  жататын  организмдердің   кейбір  даралырында арғы  ата  тектерінде   болатын  жеке  мүшелердің  оқта-текте  пайда  болуы.Аатавизм
2Организмдердің  қарапайымнан  күрделіге  қарай  дамуы, эволюцияның  негізгі  бағыты.Аароморфоз
3Өздігінен  қорғана  алмайтын  организмдедің қорғанышы  бар (айқын  түс, жағымсыз  иіс)  организмге  електеуі.М 

мимикрия

4 Құрылым  деңгейі  күрделенбей, өзгермей,  тек  өзіне  пайдалы  орта  жағдайында  организмдердің  бейімделуі.И 

идиоадаптация

5Бір-біріне  туыс  емес  топтардың   ұқсас  белгілерге  ие  болуы,  белгілердің  үйлесімділігі (ұқсастығы),  әр  түрлі  систематикалық  топтың  жануарларының  тіршілік  ету  жағдайы  бірдей  болса, олардың  сол  ортаға  бейімделуі  де  ұқсас  болады. 

 

К

 

 

конвергенция

6Туыстық  формалар   белгілерінің  ажырауы,  түрлердің  ішінде   тіршілік  ету  жағдайының  өзгеруінен  түр  белгілері  ажырап,  даралардың  жаңа  тобы  түзіледі. 

Д

 

дивергенция

7Организмдердің  жыныстық  жағынан  ерекшеленуі

 

Ддиморфизм
8Организмдердің  кейбір  мүшелерінің  жойылып,  биологиялық  маңызын  жоғалтуы.Ддегенерация
9Организмдердің    жеке  жүйелік  топтарының  (дүние, тип, класс, отряд, қатар, тұқымдас)  тарихи  даму  кезеңі. 

Ф

 

филогенез

10Кейбір  организмдерің  этностық  белгілерінің  әр  түрлі  болып  ерекшеленуіПполиморфизм
11Бір  жақты  тітіркендіргіштердің  әсеріне  организмдердің  қозғалу  арқылы  жауап  қайтару  процесі 

Т

 

таксис

12Атқаратын  қызметі  жағынан  бір-бірімен  ұқсас   болғанымен  құрылысы,  шығу  тегі,  дамуы  әр түрлі  мүшелер 

А

 

аналогиялық мүшелер

13Мәдени   өсімдіктерден  тұратын биоценоздар

 

Аагроценоз
14Шығу  тегі  мен құрылысы  бірдей  ұрық  бастамасынан  дамыған  әр  түрлі  жануарлар  мен  өсімдіктердің  мүшесі. Мүшелердің  атқаратын  қызметі  әр  түрлі  болғанымен  шығу  тегі  бірдей. 

Г

гомологиялық  мүшелер
15Организмдердің  тарихи  даму  кезіңде  өзінің  бастапқы  маңызын  жойған  әрі  толық  жетілмеген  қалдық  мүшелер.Ррудимент
16Сыртқы  жұқа  су  қабықшасымен  қапталған  көп  молекулалы  тамшы  тұріндегі  жиынтық.Ккоацерват

 

 

Тест  жұмыстырымен  қызығып  кетіп  қазіргі  таңда  оқушылар  сөйлеуді  ұмытып  бара  жатыр,  сондықтан баланың  сөйлеу  қабілетін  дамыта  мақсатында  мынадай  тапсырмалар  ұйымдастыруға  болады.  Бұл  тапсырма  баланың   ең  басты сөйлеу  қабілетін  дамытады  және  оқушының  материалды қабылдауы  80-90 пайызы  көру  арқылы  жүреді.

Тест  10  сынып  (генетика)

СұрақАнықтаматермин

 

Ал  тапсырмаларда  көрнекі  суреттер  көптеу  болса  сол  ғұрлым  баланың  танымдық  және  қызығушылығы  арттады.  Мысалы,  биологиялық  лото  ойынды  барлық  сыныптарда  жасақтап  көрсетуге  және  пайдалануға  болады.

Сабақ барысында оқушының іс-әрекетін сипаттайтын кезеңдер:

  1. Бағытталған-мотивациялық кезең. Белгілі бір жағдайға байланысты мақсат және оған жету жолдары.(Біз қандай жағдайда тұрмыз? Оны орындау үшін не істейміз? Оны қалай жасаймыз?)
  2. Орындаушылық – операциялық кезең. Бұл кезең мақсатқа жету кезеңі болып табылады. Жоспарды орындау, модельдеу.
  3. Бағалау-рефлексивті кезең. Мақсат орындалды ма? Қалай орындадым?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Оқу материалының мазмұнын анықтау;
  2. Оқушыға технологиялық карта дайындау;
  3. Тақырыпты блокқа бөлу;
  4. Әдістемелік инструментарий жасау (деңгейлік тапсырмалар)
  5. Ауызша зачет( оқушыларды білім игеру деңгейлеріне қарай топқа бөлу);
  6. Жазбаша зачет;
  7. Оқу нәтижелерін диагностикалау .

Оқытудың дамытушылық негізін арттыруда стандарт деңгейінде оқу бағдарламасын , оқу материалының мазмұнын меңгерту, міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейге жеткізу. Саралап, деңгейлеп оқытуда оқушы өзін-өзі жүзеге асыру бағыттылығын, мүмкіндігін, қабілеттілігін анықтайды. Білім деңгейлері жылжымалы және ауыспалы (А-төмен,В-орташа,С-жоғары) болады, себебі оқушы үнемі жетіліп отырады. Үштік деңгей мүмкіндігінше сыныптағы барлық оқушыларды қамтиды

Биологиялық  лото

 
     

 

            

 

Қазіргі кездегі педагогика өкілдерінің пікірі бойынша дидактикадағы негізгі мәселе оқу үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру болып табылады. Бұл үшін оқыту саналы, ерікті негізде жүргізіліп, оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі іс-әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыда өзіндік белсенділік негізінде, ал бұл қабілеттер оқушының психикалық белсенділігі нәтижесінде пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ үрдісінде жүреді.

Оқушының танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру, жұмыс жасауға үйрету сияқты міндеттерді  тек  қана  сабақ  барысында  орындау  мүмкін  емес, бұл  үшін  оқушылардың  өз  бетінше  жүргізетін жұмыстарына  ерекше  назар  аударылуы  керек.Оқушылар мектепте  өзінің жас ерекшелігіне сай берілген білімді тиянқты меңгеріп, алынған білімді, қорытындыларды талдай білуі тиіс. Оқушыларды сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта  өз бетінше орындайтын жұмысын кеңейтіп, оны белгілі бір  жүйеге келтіру арқылы мұғалім оқушыларға  білім негіздерін берік игертеді және өз бетінше тапсырмалар орындауда қажетті ұғымдарды сапалы, еркін қолдана білуге үйретеді.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда дидактикалық тапсырмалардың орны ерекше.

Оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып, осыдан нәтиже шыққанда  мадақтау керек. Орындаған тапсырма үшін қуану кейінгі  тапсырманы  орындауға  түрткі болады.

Мектепте тапсырма  балаларға  мынадай екі түрлі жолмен беріледі:

1) Берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.

2) Тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру  біліктерінің қалыптасуына  тапсырмаларды шешудің маңызы зор.

Оқушы оқу танымдық  іс-әрекеті арқылы  қоршаған ортаны  ғылыми түрде түсінуге тырысады, осының негізінде  ізденімпаздықпен айналысады. Оқыту үрдісінде М.Данилов танымдық  тапсырмаларды беруде  мұғалімдерге мынадай қағидаларды ұсынады:

-танымдық тапсырмалардың  пән мазмұнынан  бастау алуы;

-маңызды тапсырманы орындауға нақты жағдайларды құру үшін  оқушылардың  даму деңгейін, олардың дайындығын ескеруі;

-тапсырмалар мазмұны оқушылардың ойын, елестетуі мен қабылдауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті ақпараттардан тұруы;

-оқушылардың оқу қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруы;

-оқушыларды тапсырмаларды шешуге үйрету, оларды алдымен мұғаліммен, одан кейін ұжыммен жұмыста бірте-бірте өз бетінше жеке қызмет жоспарына  ауыстыруға қажетті тәсілдермен  қаруландыруы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  1. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс әрекетін белсендірудің теориялық негіздері тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалуына сүйене отырып, «оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру» ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу-танымдық білімнің құндылық рөл атқаратыны анықталды.
  2. Қазіргі ауыл мектебінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруді оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайымен жұмыс жүргізуді жүзеге асыруға болады.
  3. Сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін оңтайлы әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлерін пән сабақтарында, оқыту үрдісіне ендіру арқылы жүргізіп, мектеп практикасында қолданудың ғылыми-әдістемелік бағыттары артады.
  4. Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған педагогикалық жұмыс түрлері және олардың өзара ықпалды бірлігі, жүйелілік сипатта жүргізілген жұмыстар оң нәтижелеріге қол жеткізуге мүмкіндік береді .

Қазіргі таңда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді жетілдіруде мынадай ұсыныстар беріледі:

  • оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда ғылыми-танымдық жұмыс көлемін арттыру; тұтас педагогикалық үдерісте оқушыға субъект ретінде қарап, дербестігі мен еркіндігі болуын есте ұстау;
  • оқушының білімге құндылық бағдарын қалыптастыруда халықтық педагогика мұраларындағы, қазақтың ғұлама ойшылдары еңбектеріндегі білімді жетілдіруге бағытталған идеяларды оқу үрдісінде кеңінен пайдалану;
  • оқушының танымдық қабілетін арттыруға арналған түрлі дидактикалық тапсырмалар жинағы, оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар шығару;

Оқушының танымдық қабілетін арттыру проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын түбегейлі талдап, қамтып шығу мүмкін емес. Біздің ойымызша, келешекте мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруде халықтық педагогика материалдарын  пайдалану арқылы олардың оқу іс-әрекетінде рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Алматы, 2008
  2. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе.

М.: Просвещение, 1977

  1. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М.:Педагогика, 1972
  2. Скаткин М:Н. Проблемы современной дидактики. М.:Педагогика, 1972
  3. Эльконин Д.Б. Психология игры. M.,  Педагогика,   1976.
  4. Пидкасистый П.И., Арыстанов  М.Ж.,     Хайдаров  Ж.С.     Проблемно-модельное обучение:   вопросы  теории   и   технологии.   Алматы.   Мектеп.   1980.

7.Ахметов Н.К.,     Хайдаров  Ж.С. Игра, как процесс обучения.  Алматы. Знание.1985.

8.Кларнн   М.В.   Разработки   имитационно-моделирующих   игр   в   современной   бур­жуазной   педагогике.   «Советская  педагогика».   1982.   №3.

9.Бедерхапова   В.П.   Опыт  применения   профессиональных   игр  в   решении   профес­сиональных   задач   «Современные   психолого-педагогические   проблемы   высшей школы».  Л., ЛГУ,   1978.