Тәуелсіздіктің арайлы таңы
Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Сарат орта мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі
Кадралина Зейнегул Орынбасаровна
Тақырыбы: Тәуелсіздіктің арайлы таңы
Мақсаты: Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу,болашаққа сеніммен қадам басу,жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке, елжандылыкқа,отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Өтілу барысы:
1-ші жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар. Тәуелсіздік алғанымызға да биыл 22 жыл толып, бостандыққа парламенттік жолмен жеттік «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Заң жоғары кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
2-ші жүргізуші:
Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мейраммен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 22 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған«Тәуелсіздіктің арайлы таңы» атты әдеби –музыкалық монтажымызды бастауға рұқсат етіңіздер
1-ші жүргізуші:
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде.
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде.
2-ші жүргізуші:
Көптен күткен көк байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұннан ыстық, жалын-от барма сірә,
Әнұран-әнімен жүрегіміз тербеледі.
1-ші жүргізуші:
Қазақ елі қашан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі
Қазақстан аясында бұрыннан
Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.
2-ші жүргізуші:
Абылайлап сабалақ қол бастады,
Абылайхан атанып ел басқарды.
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
1-ші жүргізуші:
Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
Өренінің мақтаныш жігері боп.
Ерлік Сапта жүр мәңгі өзі бастап,
Әр ұрпаққа күш берер жүрегі боп .
2-ші жүргізуші:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
1-ші жүргізуші: Абай атамыздың «Қалың елім, қазағым», Қадыр мырза Әлінің «Атамекен», Жұмекен Нәжімединовтің «Менің елім» сияқты жүздеген, тіпті мыңдаған шығармалар ұрпақтың санасына азаттықты, ел болуды, ту көтеруді, бірлікке ұмтылуды, ұлт ретінде сақталып қалуды, ептілік пен қырағылықты, батырлық пен қайраткерлікті насихаттап отырды.
Ән: «Атамекен» — орындайтын Әлиханұлы Әсемхан
2-ші жүргізуші: 1986 жылы желтоқсан отты оқиғасы болды. Сол оқиғадағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы болды. 1986 жылы қазақ жастары өз отанын, жерін, ар-намысын қорғай алатындығын көрсетіп, «Ел намысын аяқ асты етпеймін» деп бейбіт шерудің алдыңғы сапында болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл-қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті. Олардың есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталады.
Біз бұл оқиғаны Тәуелсіздік аңсаған елдің шарыққан намысы деп бағалаймыз. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.
Нұрсұлтан:
Бодандыққа наразылық күнісің,
Әміршілді саясаттан ірісің.
Қандай мойын қазағыма күш берген,
Намысты да, Арлы күннің бірісің.
Кілең жастар шыққан күні алаңға,
Ойға батып тұрған екен қалам да.
Мені күтіп толғатқанда анашым,
Желтоқсаннан хабар жеткенді.
Мен сол күні дүниеге келгенмін,
Азат ойдың адал сүтін емгенмін.
Есім барда ешкімге бас имейтін
Барыс текті ,бақыт күткен елденмін.
Азат:
Азат рухты риясыз мен шын сүйем,
Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием.
Жақсы күнге жете алмай шәһит болған
Желтоқсан құрбанына басымды ием.
Дидар:
Тәуелсіздік- елдің алтын діңгегі,
Тәуелсіздік-ел арманы ,тілегі.
Тәуелсіздік, тұғырлы бол мәңгілікке,
Тәуелсіздік, біз біргеміз үнемі.
Мадияр:
Тәуелсіздік ,құтты болсын мерекең!
Ол қазақтың, ол менің де мерекем!
Тәуелсіздік, мәңгі жаса қазақпен!
Сенсің менің қуанышым, берекем.
Әдина:
Өмір жасың ұзақ болсын ғұмырың,
Тәуелсіздік, берік болсын тұғырың!
Ашық болсын, Тәуелсіздік аспаның,
Баянды боп ертеңменен бүгінің!
Тұрсын:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын ,Алыбым.
Ән: «Жаса! Қазақстан!» орындайтын Мырзабекова Фариза ,Айбатқызы Жаннұр
1-ші жүргізуші: Азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып әлемді
дүр сілкіндірді. Сол сілкіністі бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсізідік болып салтанат
құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстанды Отаным, жұртым депбілетін әрбір қазақстандық үшін
үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүргізуші: Міне, 2 жарым ғасыр бойы көресіп, қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасап, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» сөзінің мәні – ерекше асқақ әрі құдіретті.
Әсем:
Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың,
Сен- тәуелсіз мемлекетсің ,кәдімгі.
Тәуелсіздік !Бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы
Конституция! Елтаңба!Қазақстан!
Елдік күйім, ел күйін шертем мен де!
Фариза:
Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді,
Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді.
Қазақстан адымдап бара берді,
Көрінер көк жиектен далам енді.
Кім танымас, айтсаңшы,айтыңдаршы,
Қазақстандай егемен менің елімді.
Кім танымас тербелген тал бесікті,
Болашаққа айқара аштық кең есікті.
Барша ел аузын ашып тамсанумен
«Қандай ғана егемен ел » десіпті.
Би :«Нұршашу» биі орындайтын Мырзабекова Фариза,Тұралина Әсем, Айбатқызы Жаннұр
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,
Әр кезең де сен деп ерлік жасаған.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік – 11 әріп құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардан көз жасы,
Қаныменен атты, таң боп бізге алдан.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.
Он бір әріп не мағынаны береді,
Ал талдайық, жеткенінше қызыл тіл.
Көрініс:
Бала жүгіріп әжесіне келеді.
Бала (Нұрсұлтан):Әже-әже, не істеп жатырсың?
Әжесі (Әсем):Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын.Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың.
Бала:Әже,әже, балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз,Әнұранды айттық.Әже «Тәуелсіздік» деген не?
Әжесі:Е… құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл болды.Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар.Аллаға шүкірміз.
Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе?
Әжесі: Айта ғой,құлыным!
Бала:
Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той.
Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін.
Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы шаршадым.
Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным.
Бала: Ассалаумағалейкум ,ата! Сіз кім боласыз?
Алтын адам:
Мен сендердің бабаларың болам.
Аман қалған шабуылдан жүздеген,
Батыр халық екенбіз ғой біз деген.
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Өзіңдікі-елің де,
Өзіңдікі- жерің де.
Өзіңді-өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде.
Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін.
Бала ұйқысынан оянады.
Бала: әже,әже, қайдасың?
Әжесі:Оу,құлыным,не болып қалды?
Бала: мен түс көрдім.
Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің?
Бала:Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді.
Әжесі:Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі.Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр.
Динара:
Тәуелсіздік жеңіс және бостандық,
Осы күнге жету үшін көп нәрсені бастадық.
Қандай ауырлықты кешірмедік бастан біз,
Қасіретті ,қатал күндер болды сөзсіз.
Ғасырлар бойы бұлт жапты көктегі күнімізді,
Ешкімде естімеді айғайлаған сөзімізді.
Өкпеден өткен желтоқсанның ызғарында
Тәуелсіздік
Деп шықты қазақтың ұлдары мен қыздары.
Бұның бәрі артта қалды жиырма екі жыл бұрын
Көк аспанда ашылды ғой қайта күнім.
Желбіреді бостандықтың жалауы
Осы еді ғой жүрегімнің қалауы.
Жаннұр:
Шарықтай бер ,Нұр аға,
Тік ұста бойды әр кезде.
Қамын жеп елдің қашанда ,
Үлгі бол жас ұрпаққа.
Нұр аға ,сенің өмірің
Біз үшін қызық, сара жол.
Жас ұрпаққа қашанда
Өмір жолың қызық қой.
Жиырма екі жыл еліңді
Сүрінедірмей келесің.
Ес білгелі естіледі
Нұрсұлтан деген ер есім.
Жайқала бер ,Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға біздің –ұлы адам.
2-жүргізуші:
Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім,жан жүректі ұғысқан.
Ата- бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік – Қазақстан гүлстан.
Жүр барайық, ашайық ән арнасын,
Жырау толғап домбырасын қолға алсын.
Дастарқандар көзді тартып жайнасын,
Қыпша белді қыздар билеп талмасын
Би :«Домбыра үні» биі орындайтын Мырзабекова Фариза, Айбатқызы Жаннұр
2-жүргізуші:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек бірлігіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.
Көрініс.
(Ақырын басып бір қарт шығады. Орындыққа келіп демалып отырады. Осы кезде немересі шығады).
Немересі(Фариза): Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы(Арсен): Ә,балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі:Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы.
Немересі: Ал ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, Жәңгірді хан сайлапты.Сөйтіп ол өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен. Әне қара, қызым!
Сахна алдына Жәңгір хан шығады.
Жәңгір хан: Әй балам, бері кел! Анау тұрған жебені әперші (бала келеді).Мә сындыр.(Біреуін сындырады. Екіншісін береді,сындырады. Үшеуін зорға сындырады, төртеуін сындырады, бесеу бергенде сындыра алмайды).
Жәңгір хан: Не ұқтың балам?
Бала: Әке, бір жебе жалғыз –оңай сындырдым.Екіншісін де сындырдым.Бесеуін сындыра алмадым.
Жәңгір хан: Иә, сонымен не айтарсың?
Бала: Әке, ол бірігіп өмір сүріңдер деген өсиетіңіз шығар.
Жәңгір хан:Иә, балам дұрыс айтасың.
Бірлік түбі –береке,
Береке түбі-мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел болуды ұстаңдар.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – достығымыз,
Тәуелсіздік – ел бірлігі,
Тәуелсіздік – ертеңіміз,
Ұрпақтармен жалғасатын.
Тәуелсіздік – ата жолы,
Болашаққа нық басқан.
2-жүргізуші: Сол бабалар рухы арқылы ғана елімізді, жерімізді сүйіп өсетін азамат болып өсетініміз сөзсіз емес пе?
1-жүргізуші: Иә, сөзсіз.
2-жүргізуші: Біз қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
1-жүргізуші: Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,
Болғандай бірі батыр, бірі сері.
- Әз бабам азаматтықты аңсап өткен,
- Ел үшін талай саңлақ шаһит шеккен.
Солардың құдіретті ой-арманы.
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы 22 жылдың ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап, алға басқан ел – Қазақстан.
Нұрымхан:
Тәуелсіз елім менің-Қазақстан
Қазақпыз деп ақылдасып,ырылдаспай, өтсін өмір белесі,
Қазақстан ұрпағына қалсын мәңгі тарих кемесі.
Қазақпыз деп өрлейік,қазақ болып қалайық,
Қазақстан Тәуелсіз деп бар әлемге сайрайық.
Тәуелсіздік сан ғасырлар келмеді ғой
Аңсаған ұлыларым бүгінгіні көрмеді ғой
Ұлылығын асқақтатқан ата-баба
Ұрпақтары тәуелсіз боп жүреді ғой.
Туған елім, туған жерім тәуелсіз ел-Қазақстан
Жарқырап нұрлана бер егемен еріктегі Қазақстан
Елтаңба ,көк байрағың,Әнұраныңмен
Әлемге таңыла бер тәуелсіз ел-Қазақстан.
Алтынбек:
Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қлыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Нұрдәулет:
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан-өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан сенің ата-анаң,
Отан –досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
Ән «Елім менің» хор
1-жүргізуші:
Құрметті, қатысушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.