МАТА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Мұғалімі: Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Уақыты : 06.10.2009 ж
Пәні : Технология
Карта түрі: Ауызша сабақ – 1
Сабақтың тақырыбы: МАТА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға жүн және жібек маталар туралы жалпы түсінік беру.
ә) Табиғи маталарды қасиеттеріне байланысты ажырата білуін дамыту.
б) Жоғары талғамға, төзімділікке, сұлулыққа, денсаулығын күтуге, гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.
Технология түрі: «Биоақпараттандыру және синергетика» /БиС/
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, Ауызша сабақ-1 картасы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тірек сөздер, қосымша тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Сергіту сәті. Матрицаны сызу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Киім тігу технологиясы»
- Жалпы сөздік қор алу — 5 минут
51 сөз және жоғары жазғандар қол көтереді (матрицаға белгіленеді, ЖСҚ пайыз есептелінеді.) /8 оқушы 51-ден жоғары жазса 63 пайызды құрайды/
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы хабарланып жазылады. (Ауызша сабақ-1 түрінде жүргізіледі)
Жаңа сабақ бойынша 7 тірек сөз беріледі.
1.Талшық 5.Арқау жіп
2.Жануар 6.Айқаспа
3.Жібек 7. Станок
- Негізгі жіп
2.Есте сақтауға 30 секунд беріледі, жазуға 30 секунд.
Матрицаға белгіленеді, ЕС пайызы есептелінеді.
Толықтыру енгізіледі.
3.Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқуға 3 минут беріледі.
Берілген тірек сөздер бойынша анықтама алу, мазмұнын ашу(қиылыс алу)
Матрицаны түрту арқылы «+», «-» қойылады.
4.Сын тұрғысындағы сұрақтар: Оқушы «Иә», «Жоқ» деп жауап береді.
Сын тұрғысынан сұрау, ұяшықты көрсету, сұрақ қою жауабына – 3 сек.
- Матаның сапасы талшықтардың суретіне байланысты.(жоқ, құрамына)
2.Талшықтың жұмырлығы матаның тоқылуына әсер етеді. (жоқ, қыртысталуына)
- Табиғи жібек жіпті өрмекшіден алады. (жоқ, тұт жібек көбелегінен)
4.Бірнеше қуыршақтың жібін біріктіру арқылы пайда болған жіпті жібек шикізаты деп атайды.(Иә)
- Тоқылған матадағы көлденең жіпті негізгі жіп деп атайды (жоқ, арқау жіп)
6.Матаның құрамы талшықтарының құрылысына, жіптің айқасуына, бояуына байланысты (иә)7. Арқау жіп ұзын және созылмайды.( жоқ, қысқа, жіңішке, созылғыш)
- Қатар негізгі жіп кездеме айқаспа болып табылады. (жоқ, арқау жіп пен негізгі жіптің кезек айқасуы)
- Талшықтарды өңдеп, мата алу қол жұмыстарына жатады.(жоқ, жабдықтар, станоктар, машиналар)10. Матаның суреті қанық болса, ол оң жақ беті. (жоқ,теріс жағы)
11Киім сызбасын матаның ұзындық бойында орналастырады .(иә)
12.Матадағы геометриялық фигуралы суреттер тігу барысында бір-бірімен сәйкеспейді(жоқ)
/12 сұрақ болу керек.оның 3-иә.8-жоқ/
ІҮ.Бекіту: Сұрақ-жауап: Не үйрендік?Не білдік?Не үйренгіміз келеді?
Ү.Үйге тапсырма : 1. Тақырыпты оқу
- «Кездеме» айқаспаны қағазбен көрсету
ҮІ. Бағалау: +4 – «5», +3 – «4», +2 – «3» деп бағаланады.
«4»,«5» алғандар қосылып, сынып сапасы есептелінеді.
Оқушыларға рахмет айту,сабақты аяқтау.
Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектеп
Мата туралы түсінік
/5 «ә» сыныбында өткен
«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы бойынша ашық сабақ/
Пән мұғалімі : Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна