Көкөністерден жасалған тағамдар
Сыныбы: 6 «ә»
Тақырыбы : Көкөністерден жасалған тағамдар
Мақсаты :
1.Білімділік: Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, көкөністерді тағамның әр түрінде қолдана білу жолдарына түсінік беру.
- Дамытушылық : Тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қасиеттерін және логикалық ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелігі: Қыз баланы ас мәзірін дайындауда жинақы, таза, тиянақты, жылдам істеуге тәрбиелеп, аспаздық өнерге баулу.
Пәнаралық байланыс : математика, физика, химия, биология
Көрнекіліктер : Рецептер жинағы, плакаттар, буклеттер, көкөністер /муляж/
Сабақтың әдісі : Сарамандық жұмыс
Сабақтың түрі : Топтық жұмыс, сайыс түрінде
Құрал-жабдықтар : Электролита-2, пышақтар, тақтайшалар жиынтығы-3, ыдыс-аяқтар/ табақ, қасық, тәрелке т.б/
Азық-түліктер : Картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, қызанақ, пияз, қияр, өсімдік майы, қара бұрыш, тұз, сары май.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
- Оқушыны түгендеу
- Кезекшілер міндеті (арнайы киімді тарату, тақта, бор дайындау)
- Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау (арнайы киімді кию, қолдарын жуу, ыдыс-аяқ тазалығын қадағалау)
- Топқа бөліну (журналдағы тізім бойынша 3 топқа бөлу, әр топтың жұмыс орнын бекіту)
- Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау(электроплитаны қолдану, құралдарды пайдалану, ас әзірлеу барысындағы)
ІІ. Өткен тапсырманы қайталау:/ әр топқа сұрақ қою/
- Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар
(Ұзақ уақыт салқын суда қалдырмау, азғана суда пісіру, пісіру уақытын сақтау)
- Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері
(«К» пигменті — сары, қызыл түсті көкөністерде/сәбіз, асқабақ, қызанақ/ болады және олар жоғары температураға тұрақты болғандықтан, пісірген кезде өз түстерін жоғалтпайды.
«А» пигменті /қызылшада/ –тек қышқыл ортада сақталғандықтан пісіргенде сіркесу қосады)
- Тұзсыз пісіретін көкөністер (бұршақ тұзды суда дұрыс піспейді, сәбіз бен қызылшаның дәмі нашарлайды)
ІІ.Жаңа сабақ:
- Әр топ өздерінің топ басшысын дайындап,топ атын қояды, тапсырма алады
- Тапсырмаға сәйкес жұмыс орыны белгіленеді
- Әр жұмыс орынынында қауіпсіздік ережелерін сақтау
- Нұсқау картасы бойынша топтық жұмыс
І топ : «Фаршталған қызанақ»
Қажетті азық-түліктер: қызанақ – 8 , піскен картоп, сәбіз — 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.
Дайындалу барысы :
- Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі
- Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды
- Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды
- Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады
- Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады
- Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІ топ : « Картоп езбесі»
Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз
Дайындалу барысы :
- Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау
- Қайнаған тұзды суда пісіру
- Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру
- Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/
- Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю
- Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты
Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр
Дайындалу барысы :
- Көкөністерді жуу, кептіру
- Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау
- Картопты қабығынан тазалау
- Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,
- Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру
- Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу
- Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту:
Көкөніс тағамдардың сапасына қойылатын талаптар:
- Пісірілген картоп өз түсін, қалпын сақтап, жұмсақ болуы керек
- Езілген көкөністердің массасы біркелкі, түйіршіксіз, табиғи иіс болады
- Фаршталған көкөністер жұмсақ, қалпын сақтаған, езілмеген болуы қажет
- Тағамдар дәмді, суйкімді, үнемді, пайдалы болуы қажет
ІҮ. Қорытынды:
- Не үйрендік? Не білдік? Не білгіміз келеді?
- Жұмыс орнын жинау
Ү.Үй тапсырмасы:
- 4. Көкөністерден жасалған тағамдар (123-125 бет)
- Әр топ дайындаған тағамдардың рецептерімен алмасу, үйде дайындау
ҮІ. Бағалау:
- Оқушылардың жұмысын бағалау
- Оқушы күнделігіне баға қою
№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп
/Технология пәнінен 6 «ә» сыныбында өткен ашық сабақ/
Пән мұғалімі : Калдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Шалқар 2010
І топ : «Фаршталған қызанақ»
Қажетті азық-түліктер: қызанақ – 8 , піскен картоп, сәбіз — 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.
Дайындалу барысы :
1.Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі
2.Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды
3.Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды
- Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады
- Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады
- Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІ топ : « Картоп езбесі»
Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз
Дайындалу барысы :
- Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау
- Қайнаған тұзды суда пісіру
- Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру
- Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/
- Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю
- Тағамды әсемдеу, ұсыну
ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты
Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр
Дайындалу барысы :
- Көкөністерді жуу, кептіру
- Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау
- Картопты қабығынан тазалау
- Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,
- Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру
- Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу
- Тағамды әсемдеу, ұсыну
Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар
Тұзсыз пісіретін көкөністерді атаңыз және неліктен
Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері