Экономика біздің өмірімізде
Тақырыбы: Экономика біздің өмірімізде
Уақыты:
Мақсаты: — жас ұландарға экономикалық білім беру;
— ақша туралы түсініктерін кеңейтіп, банк қызметін көрсету;
— салық, салықшы сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ жауап
Көрнекіліктер: ҚР түрлі купюраларының жиынтығы, кубик, ақша тақырыбына арналған карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Әр мемлекетте ақшаны қайта бөлумен айналысатын арнаулы мекемелер бар. Оларды қаржылық мекемелер деп атайды. Олардың көпшілікке белгілісі банктер. Банктік қызмет сауда дами бастаған құл иеленушілік қоғамда ақ байқалған.елдер арасындағы соғыс кезінде айналымға бөтен ақшалар түсіп отырған. Біздің эрамызға дейін айырбастаушылар абыздар болды, себеі қасиетті орындар ақша сақтаудың ең сенімді орны болып есептелген. Кейін айырбастаушылар порттар мен базарларға жақын орналасты.
Банктің мақсаты мұқтаж адамдарға қарызға берілетін ақшаларды сақтау және жинақтау. Экономика деген ұғым алғаш рет біздің заманымызға дейінгі төртінші ғасырда Аристотельдің еңбектерінде пайда болған. Таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нөкешова Дамиға апай
Қаржы сауаттылығы негіздері пәнінің мқғалімі Аманиязова Жұмагүл апай
Ендігі кезекте сіздерге бүгінгі сайыста қазылық ететін әділ қазыларды
ІІ Кім жылдам?
Сендер бір топ оқушылармен «Ақыл одиссеясы» халықаралық ойынына қатысу үшін шетелге барасыңдар делік. Ол үшін ақша керек болған соң сендер ақша жинауға кірістіңдер. Белгіл бір соманы жинау үшін ақшаны қайда сақтаған қолайлы? (Жинақ банкі)
Үш топ қағаздарына берілген сөздің әріптерін пайдаланып, сөз құрастырады.
ІІІ Экобол ойыны
Балалар, сендер өмір сүріп жатқан әлемді көз алдарыңа елестетіңдер. Көп қабатты үйлер, кең көшелер, оның бойымен ағылып жатқан машиналары бар қалалар. Сан түрлі өнім шығаратын фабрика зауыттар, шағын кәсіпорындар. Сендердің айналаларыңдағы адамдардың бәрі өз жұмыстарын орындап жүр. Не айтқыларың келсе, экономикалық мағыналы сөзді қолданбай сөйлей алмайтындарыңды өздерің де білесіңдер.
Салық, банк, пайда, тауар, бәсеке, сауда, экономика, ақша, кәсіпкер
IV Ағылшын ертегісінен үзінді
Шал келе жатыр еді, қарсы алдынан торайды айдаған шошқа бағушы кездесті.
- Сәлеметсіз бе, ақсақал? Қайда болдыңыз?
- Қалада, бай саудагерде
- Саудагер сізге не берді?
- Ат басындай алтын
- Ол қайда?
- Атқа айырбастадым
- Ал ат қайда?
- Өгізге айырбастадым
- Өгіз қайда?
- Қойға айырбастадым
- Ең жақсы торайды алыңыз да қойыңызды маған беріңіз.
Шал торайды таңдап, шошқа бағушыға рахмет айтып кетеді.
Оқушылар! Осы көріністегі шалдың әрекетін ойланып және бір сөзді пайдаланып, оны қалай атауға болады. Олай болса, ендігі кезеңде оқушылар алдын ала дайындаған көріністерін көрсетеді.
V Сөз шектерін қосып, экономикалық терминдерді табу
Үш минут уақытта қай топ көп экономикалық термин тапса, сол топқа жоғары балл беріледі.
Эко кәсіп
Пай кер
Сау пания
Жар ке
Мем да
Өндір ляция
Ком юта
Бәсе нама
Моно уар
Инф нушы
Вал нес
Та лекет
Тұты номика
Биз полия
Кәсіп да
VІ Алма жинау
- Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)
- Үстел үстінде екі адам отыр, бірі екіншісінің әкесі, бірақ екіншісі оның ұлы емес. Сонда кімі? (қызы)
- Жерге ең жақын жұлдыз (Күн)
- Екі қызы, екі анасы. Олар нешеу? (үшеу)
- Судың астында қандай тас болмайды. (Құрғақ)
- Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна мқта ауыр ма? (Бірдей)
- Бір жұмыртқа төрт минут қанаса, төрт жұмыртқа неше минут қайнайды.
- Күн мен түн немен аяқаталады?
VІІ Тауар жарнамалау
Әр топ өздері таңдаған тауарды жарнамалайды.
VІІІ Қорытынды
Экономика адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Ендігі кезекте сөз әділ қазылар алқасына беріледі.