Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм-біздің басты қазынамыз! 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні.

Тақырыбы: Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм-біздің басты қазынамыз!

1 желтоқсан-Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президенті күні.

 

(Музыка ойнап тұрады. Әли Оқаповтың «Қазақстан» әні. Сырттан дауыс шығады)

 

Бүгінгі “Мен патриотпын,,атты үгіт-насихат топтарының қалалық байқау-сайысында

Сәтбаев қаласы әкімдігінің “№16 жалпы орта білім беретін мектебі,, және оның “жас патриоттары,,

(Сөз оқылып жатқанда балалар ортаға шығып тұрады)

 

Дәурен:    Барлық Сәтбаев патриоттары бізбен!

Әділет:     Барлық Сәтбаев патриоттары Елбасымен!

Гүлзат:      Ең алғашқы сөз-ана

Дәурен:    Ең жарқын сөз-Отан

Меруерт:  Ең басты сөз

Топ: Қазақстан

Топ: Біз

Гүлдана:патриотпыз

Арай:жаспыз

Нұртөре: жігерліміз

 

Топ: Біз

Меруерт: Қазақстан

Арсен: қуаттымыз

Топ: біргеміз!

 

Дәурен: Ұранымыз!

Топ:Патриотпыз елімізді сүйетін

          Отан үшін отқа да ыстық күйетін.

(осы кезде қолдарындағы жазуды көтереді. ПАТРИОТ деген сөз шығады)

Арай:         Біз-қашаннан ер,қаһарман халықпыз

Аяулым:   Біз-тарихта теңдесі жоқ алыппыз

Меруерт:  Біз-күштіміз күштілердің бәрінен

Гүлдана:   Біз-сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз!

Топ: Біз кімбіз?

Нұртөре: Біз- бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз.

Ернұр: Біз-ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз.

Дәурен: Біз-сан мамандықты игеретін мамандық иелеріміз

Арсен: Біз-тәуелсіздік тірегіміз!

 

Гүлзат:          Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Білімділер алға шығып елімде,

Жақсы атақпен нұр шапағын жинады.

 

Нұртөре:      Асыл елім бүгінгі Ақ Ордасы бар,

Айбынды елім қаһарман Елбасы бар

Жолбасшы елмін жыл сайын Елбасының

Жолдауымен қамданып жолға шығар

 

Аяулым:       Айналайын асыл ел,алтын халық

Айқын мақсат алдында, айқын бағыт

Әлемдегі үздік ел етемін деп

Елбасың жүр алдында жарқыл қағып

 

Әділет:          Елбасы-төбеңдегі бақ жұлдызын,

Қаратты өз аузына жердің жүзін

Сұңғыла саясатпен сара тіліп

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын

 

Гүлдана:       Секірді заңғардағы тау барысы

Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы

Адамның бұл өмірде арманы жоқ

Халқының бола берсе қорғанышы

 

Дәурен:         Жерұйығым, Жампозымды жыр етем ,

Аты да оның,заты да оның нұр екен

Темірқазық адастырмас алашты,

Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!

Арай: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Елбасы ғана емес, ол-білгір саясаткер!

Нұртөре: Ол-қоғам қайраткері

Аяулым:  Ол-нағыз патриот

Ернұр:     Ол-дарынды адам!

 

Гүлдана: 2012 жылы-«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» болып жарияланды!

Арай: Біздің президент еліміздің болашағын жастармен байланыстырады.

Әділет: Біз Елбасымыздың идеяларын ілгері бастыратын жастармыз!

Топ: Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз!

Аяулым: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан!

Ернұр: Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі!

Меруерт: Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.

Арсен: Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты биылғы жолдауында 2015 жылды-Қазақстан Республикасы Ассамблеясы жылы деп жариялады.

Дәурен: 2015жылы -Біз қазақ хандығының 550 жылдығын;

Гүлзат:  Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 20 жылдығын;

Әділет: және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз!

Арсен: Осы тарихи мерейтойлардың өз деңгейінде аталып өтілуіне мен өз үлесімді қосамын.

Гүлзат: Сен өз үлесіңді қос!

Топ: Біз өз үлесімізді қосамыз!

Ернұр: Себебі: менің Отаным,

Гүлдана: Сенің Отаның,

Аяулым: Біздің Отанымыз-

Топ: Қазақстан!

Нұртөре: Қазақстан күн санап өсіп-өркеңдеуде! Ал, 2050 жылы біз қандай боламыз?

Меруерт: Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады

Нұртөре: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз,

Гүлзат:Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың біздің  лайықты жалғастыратынымызға  кәміл сендіреміз.

Дәурен: Мемлекетіміз біздің оқуымыз бен өсіп өнулеріміз үшін барлық жағдайды жасауда.

Ернұр: Болашақтың Қазақстанын біз былай елестетеміз?

Әділет: Ол кезде біз қамал бұзар қырықтың қырқасына шығады екенбіз.

Арай: Бәріміздің де отбасы, балаларымыз бар,еліміз үшін еңбек етеміз.

Сол кезде 2050 жылғы қазақстандықтар, яғни біздер:

Меруерт: Үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдар қгоғамы боламыз

Әділет: Біздер-әлемнің азаматтарымыз, саяхаттап жүреміз

Гүлзат: Жаңа білім меңгеруге құштармыз,біздер еңбексүйгішпіз

Гүлдана: 2050 жылғы Қазақстан-жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

Ол-барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет.

Арсен: Білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік.

Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.

Әділет:  Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ, онда заң үстемдік етеді.

Дәурен: Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәніндегі мемелекеттік тіл мәртебесіне көтеріліп, елімізді «Қазақстан мемлекеті» деп атайтын боламыз.

Топ: Олай болса біз!

Меруерт: ХХІ ғасыр- Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенеміз.

Ернұр: Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Аяулым: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атанады

Арсен: Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз!

Гүлзат: Көк байрақтын астында  күн сөнгенше

Топ: сөнбейміз,

Гүлзат: Егемендігімізді ешкімге де

Топ: бермейміз!

 

Ән «Қазақстан»

 

Соңы