Ілмекбізбен тоқу. Шартты белгілер.

 

 

Тақырыбы:  Ілмекбізбен тоқу. Шартты белгілер.

Мақсаты: Ілмекбізбен тоқу технологиясымен таныстыру, орындалу

әдістерін үйрену.

Білімділік: Қолмен ілмек бізбен тоқу технологиясын таныстырып, шартты

белгілерін үйрету. Оның күнделікті  өмірде пайдасының бар

екенін  түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,

тапсырма беріп олардың қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын өз бетінше

орындауға, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелік теориялық, сарамандық.

Әдіс –тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ – жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Математика, химия, бейнелеу.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

а)оқушыларды түгендеу

ә)сынып тазалығына назар аудару

б)оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге тапсырма бізде Бисер. Бисердің түрлері

болатын сіздерге бірнеше сұрақатр беріледі.

1.Бисердің Отаны. (Ежелгі Египет)

2.Бисер сөзі қайдан шықты? (арабтың бусара сөзінен)

3.Ол қандай мағынаны білдіреді? (ортасы тесік моншақ)

4.Бисер өндірісі қай ғасырда ерекше дамыды? (ХҮ ғ, ХҮІ ғ басында)

5.Ең алғаш рет бисермен өңделген киімдер, аяқ киімдерді кімдер

киген? (сарматтар, скифтер)

6.Әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде нені қолданады? (бисер мен стеклярус)

7.Стеклярустың бисерден айырмашылығы (түтікше тәріздес оны Францияда жасап шығарады)

8.Бисерге сипаттама бер. (Бисер — ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан  және металдан жасалады.)

9.Стеклярусқа сипаттама бер. (Стеклярс шыны түтікше  5-10мм қырлы немесе целиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер, ол өте ұсақ ұзындығы 2-3 мм.)

  1. Бисер тізу үшін қандай материал қолданылады? (жіңішке жұқа капрон жіп, леска, мыс сымды қолданады)

11.Лесканы не жасау үшін қолданады? (көлемді баулар жасау үшін қолданады)

12.Мыс сымды не үшін қолданады? (гүл, түйреуіш, әр түрлі декоративті элементтер жасау үшін қолданады)

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.    

Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын пайда болған.

Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған аяқкиімін  тапқан. Археологтар оған 4 мың болғанын анықтаған. Ал келесі бір мазардан тоқылған шұлықты тапқан, бір қызығы үлкен бармағы бөлек тоқылған. Ол кездегі киетін аяқкиімге ыңғайлы екен.

Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі болған. Онымен аңшылар, балықшылар айналысқан. Олар торлар мен аулар тоқыған. Уақыт өте келе бұл іспен әйелдер айналыса бастаған. Климаты қатаң аймақтарда әйелдер үй ішіндегілерге түрлі жылы киідер тоқыған.

Ал оңтүстік аймақтарда күн көзінен қорғану үшін түрлі қолшатыр, шляпа, шәлі, қолғаптар тоқыған.

Қазіргі кезде тоқыма адамның «хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол өте арзаңға түседі. Ілмекбізбен   түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық, жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға болады.

Ілмекбізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті қайтіп бірнеше рет қолдануға болады. тоқылған заттың сапасы иірімжіпке байланысты.  Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де бұйымға  қарап таңдау керек.

 

Зығыр-Салыстырмалы алғанда берік иірімжіп.

Жоғары температурада отырмайды, жылдам кебеді.

 

Мақта иірімжібі — Қолмен тоқуда баяғыдан қолданып келе жатқан иірімжіптің ең кең тараған түрі

 

Мохер — Ұзын, үлпек талшықты жүн иірімжібі. Мохерден жеңіл, жылы бұйымдар тоқуға болады.

 

Жүн иірімжібі — Бұл табиғи материал. Қырқылған қой жүнінен алынады.

 

Ангор — Ангор жүнін ангор тұқымдас ешкілерден алады. Біріншіден қымбат, екіншіден созылмайды.

 

Кашемир Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды.

 

Вискоз Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды

 

Басында ілмекбіздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде  ілмекбіздер әртүрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, плстмассаа, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін. Қалыңдықта болады. тоқу үшін ілмекбізөдің басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмекбіздің басы бұдырлау болса, ұсақ егеумен егеу керек.

Ілмекбізді ирімжіптің жуандығына қарай таңдайды. Қанша жіп жуан болса ілмекбізде сонша жуан болуы керек. Егер жіп жіңішке болса, ілмекбізде жіңішке болуы керек.

Ілмекбізбен іліп тоқудың негізгі элементтері:

1.Бос шалу

2.Шалмасыз бағанша

3.Шалмалы бағанша

 

Ілмекбізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып ілмекбізде жатады.  Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді.

 

Шалманың пайда болуы.

1-бос шалу, 2- бос шалу тізбек.

 

Бос шалу тізбегі бұйымын төмендегі шешін құрайды. Тоқуды бұрғанда, яғни бір қатардан екінші қатарға  өткенде, өрнек тоқығанда қолданылады.

 

Шалмасыз бағаншабеті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде қолданылады. Ілмекбізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмекбізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады. (сурет)

 

Шалмалы бағанша – Ілмекбізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы тартады. Ілмек біздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.

 

Қауіпсіздік ережесі.

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмекбізбен тоқығанда сақталған қауіпсіздік ережесі:

1.Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2.Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру керек.

3.Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4.Ілмекбіздің ұы қауіпсіз, шектелген болуы крек.

5.тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу қажет.

6.Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке жинап салу керек.

7.Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.

Қорытынды сұрақтар

1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атандар?

3.Тоқуға арналған ілмекбіздерді қандай материалдардан жасайды?

  1. Ілмекбізді қолда қалай ұстайды?