«Биология әлемінде» интеллектуалдық олимпиадасы

Сабақ тақырыбы: «Биология әлемінде» интеллектуалдық олимпиадасы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой-өрісін байқау әрі кеңейту, биология  пәніне қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, буклеттер.

Сабақтың барысы: Ойынға 2 команда қатысады. Әр команда 7 сынып оқушыларынан құралған, оқушы саны 7-8. Сұрақтарға команда капитанының рұқсатынан кейін жауап беру керектігі ескертілді.

 

1 тур. Брейн-ринг. Шарты: ең алдымен екі команданың әрқайсысына 10 сұрақ қойылады. Топтың бірінші отырған мүшесінен бастап ретпен «иә», «жоқ» деп жауап береді. Жауап беру кезегі  топтың бірінші мүшесі жауап бере алмаған жағдайда ғана келесі мүшесіне ауысады. Сондықтан бірінші отырған  топ мүшесінің командаға көп ұпай алып беру мүмкіндігі жоғары. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

 

  1. Дүние жүзіндегі ең тез өсетін өсімдік –эвкалипт (жоқ)
  2. Эму- бұл түйе құс. (иә)
  3. Піл тұрып ұйықтайды деген рас па? (жоқ)

4.Құлақ қалқаны тек сүтқоректілерде болады (иә)

  1. Өрмекшінің төрт жұп аяғы бар. (иә)
  2. Киттер- балықтар класының өкілі (жоқ)
  3. Өсімдіктер тыныс алғанда оттегін сіңіріп,көмірқышқыл газын

шығарады.(иә)

  1. Үндістанда сиыр киелі жануар болып саналады. (иә)
  2. Бионика ғылымының дамуы тірі ағзалармен байланысты.(иә)

10.Пенициллин қалпақшалы саңырауқұлақтардан алынады.(жоқ)

 

1.Жаңғақтың қабығы тірек ұлпасынан тұрады.(иә)

2.Шекшек шегірткелердің есту мүшесі аяқтарында орналасқан.(иә)

3.Жалаңаштұқымдылар жапырағын жыл сайын түсіреді.(жоқ)

  1. Шаш ұшынан өседі.(жоқ)

5.Ұшатын балық бола ма?(иә)

6.Крокодилдер жылайды.(жоқ)

  1. Тірі ағзалар оттексіз ортада да өмір сүреді (иә)

8.Чайот- бұл өсімдік.(иә)

9.Адреналин – көңіл күйдің гормоны (иә)

10.Бактериялар «жанама»? (иә)

 

2 тур. Мен білемін.

Шарты: әр команда сұрақ оқылмастан бұрын 100, 200, 300, 400, 500 ұпайдың бірін тігеді. Жауап дұрыс болса тіккен ұпайларын алады. Жауап бере алмаса екі рет қосымша көмек алу мүмкіндігін алады, бірақ әр көмекке тіккен баллдан 100 балл шегеріледі. Кезек келіп тұрған команда жауабын береді, ал жауап дұрыс емес болса, тіккен ұпайы толық шегеріледі.

 

1-тапсырма

Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген.

 

 

 

 

 

Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың

есімімен бекер аталмаса керек.

Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”.

 

Сұрақ: бұл қай өсімдік?

1-көмек: бұл өсімдіктің күлтесі төртеу

2-көмек: біздер бұл өсімдіктің жапырағын тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: капуста

 

2-тапсырма

Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылайтын  адамдар бір гүлдің таңның атуының, екіншісі күннің  батуының  хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист  К.Линнейдің  кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да  көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған.

Сұрақ:  бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен  әртүрлі  гүлдер әр түрлі уақытта ашылады?

1-көмек: жарқанат, ара суреті

2-көмек: өсімдіктің көбеюімен байланысты

3-көмек: гүлдің түсіне де, иісіне де байланысты

 

Жауап: Гүлдердің ашылуы тозандануға қолайлы жағдайымен байланысты.

 

3-тапсырма

        Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын  сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған. Біздің дастарханымызға бұл тамақ  жүздеген жылдар кейін келді.

Бұл өсімдіктің аты не?

1-көмек: бұл өсімдік  алқа тұқымдасына жатады

2-көмек: бұл өсімдікті «екінші нан» деп те атайды.

Жауап: картоп

 

4-тапсырма

1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан  Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады.

Сұрақ: бұл қандай аң?

1-көмек: бұл аңның  көзінде «көзілдірігі» бар

2-көмек: негізінен бұл аң бамбуктың жапырақтарымен қоректенеді

3-көмек.: мұны бамбук аюы деп те атайды.

 

Жауап: Панда

 

 

 

 

3-тур. Ойлан-тап. Шарты: тақтаға берілген тірек сөздерге  қарай отырып командалар ұпай тігіп болған соң, тапсырма оқылады. Жауап дұрыс болса тіккен ұпайы қосылады, бұрыс болса шегеріледі.

1-тапсырма. Тірек сөздер:

Су,  қан,  паразит

 

Көпшілігі суда тіршілік ететін жыртқыш немесе паразит. Итшабақ, итбалық және омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Денесінің бауыр жағы әр түсті.

Сұрақ:  бұл қандай организм?  Жауап: Сүлік

 

2-тапсырма. Тірек сөздер: Стресс, адам, эмоция

Ол- жинақталып қалған эмоцияны сыртқа шығарып тастаудың ең зиянсыз  түрі. Ол еш жерінді ауыртпайды, бойдағы жағымсыз энергияны жойып жібереді және күйгеліктіктен құтқарады. Оны келіп тұрғанда үнемі іркіп қалса, ауруға шалдығады.бұл ер адамдарға қарағанда әйел адамдарда көбірек кездеседі, әрі әйел адамдардың  ұзақ жасауын да осымен байланыстырады.

Сұрақ: Бұл не?           Жауап: Жылау

 

3-тапсырма. Тірек сөздер: асқорыту, эндокриндік жүйе, қант

Ауру адамның бір мүшесін алып тастағанда , оның зәрінен қант табылған. Егер сау адамның асқорыту жолына баратын осы мүшенің өзегін уақытша бітегенде, асқорыту бұзылған, бірақ зәрдің құрамында өзгеріс болмаған.

Сұрақ: әңгіме адамның қай мүшесі туралы?       Жауап: Ұйқы безі

 

4-тапсырма. Тірек сөздер: бақа, көз, қорек

Бақалар  насекомдармен  қоректенеді. Бірақ  олар өлген насекомдарға тимейді. Неге?

Сұрақ: Неге? Жауап: Олардың көздерінің құрылыс ерекшелігі сол, тек қозғалыстағы жемтікке ғана әсер етеді.

 

4-тур. Биологиялық есеп

Шарты: алдымен жасырын  түрде ұпайлар тігіледі де үстелдің шетіне қойылады. Екі командаға да бірдей тапсырманы уақытқа береді. Жауап дұрыс болса тіккен ұпай қосылады, бұрыс болса шегеріледі.

Математикалық тапсырма: Коллекцияда  коларадо қоңызы мен кенелердің  сандары бірдей. Барлық жәндіктің аяғы – 336. Коллекцияда  қанша кене  бар?

Жауап: 336 : (6+8)=24. Коллекцияда 24 кене бар.

 

5-тур. Адасқан әріптер. Адасқан  әріпті (орысша, қазақша) тауып, артық сөзді анықта.  Шарты: ұпайлар тігіліп болған соң тапсырма көрсетіледі.

  1. Адасқан әріптерді (қазақша) тауып, артық сөзді анықта:

Суткак                       кактус

Қадлағзық     қызғалдақ

Ырмат                        тамыр мүше

Рұмтины        итмұрын

 

  1. Адасқан әріптерді (орысша) тауып, артық сөзді анықта:

Хапарече       черепаха

Меяз               змея

Дилкроко      крокодил

Итонр            тритон

 

  1. Артық сөзді анықта:

Stomach         қарын

Heart             жүрек

Vein               көктамыр

Вlood            қан

 

Қорытынды. Тапсырмалар орындалып болғаннан соң есептеушілер  екі команданың жинаған ұпайлары бойынша жеңімпаз команданы анықтап дипломмен марапаттайды.