«Мейрімді жүрек»

Тақырыбы: «Мейрімді жүрек»

Сабақтың мақсаты: Балалардың санасында мейірімділік, қайырым-дылық сезімдері ұғымын қалыптастыру, балаға мейірімділік сөздер айту қабілетін арттыра отырып кішіпейілдікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мақтау-мадақтау.

Көрнекіліктер: жүректер, турлі түсті суреттер, үнтаспа.слайд.

Сабақ барысы: Балалардың залға кіруі.

Мұғалім: Балалар, бүгін бізге көптеген апайлар, ата аналар қонаққа келді. Қане сол қонақтармен өлең жолдарьмён амандасайық.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шыққай бүгін күн.

Мұғалім: Ал кәзір, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Қане, балалар, бір-біріміздің қолдарымыздаң үстап, көздерімізді жүмып, мені мұқият тыңдайық. Бүгін біз барлығымыз әдеміміз, мейірімдіміз. Осы мейірімізді алақан жылылығы арқылы жіберейік. Бір, екі, үш, көзімізді ашайық, күміс күлкі шашайық, бір бірімізге күлімсіреп қараймыз.

Балалар орындарына турады.

Мұғалім: Балалар, мейірімділік деген сөзді қалай түсінесіндер?

Балалар жауабы.

Мұғалім: Өте дұрыс. Енді мен сендерге мейірімділік дегенін не екенін түсіну үшін «Мазасыз балапан»- деген эңгімені көрініс ретінде көрсетейікші.

— Қане, бэріміз отырып, мүқият тыңдайық.

Әңгіме, автор күмісай: Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан «Мейірімділік деген не ?»- деп сұрайды Анасы Нұрлыгүл. Сен әлі кішкентайсын, өскеннен кейін түсінесің — дейді анасы. Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады. Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сүрайды. «Менде уақыт жоқ»- деді балапан.

Мереке. Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек- дейді де ары қарай жүріп кетеді. Алдынан бір қыз кездеседі. Ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екея.

Құралай «Балапан, балапан, маған шарды алуға көмектесші»-дейді. «Менде уақыт жоқ. Мен мейірімділік не екені білуім керек»-деді балапан. «Мен білемін. Маған күнде анам қайырымды іс туралы әңгіме айтып береді»- дейді қыз.

—  « Маған да айтшы»- дейді балапан.

— « Бірінші сен шарды алып бер»- дейді қыз.

Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы»- дейді қыз. «Қандай оп-оңай»-деп таң қалады балапан.

Қыз рахметін айтып кетіп қалады.Сонда анасы балапанын шырылдап іздеп жүреді.балапаным менің қайда жүрсің мен сені іздедімғой деді,балапан анасына мейірімділіктің не екенін біліп алғанын айтады. Қуана, қуана үйлеріне қайтады.

Мұғалім: Міне, осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен. Әңгіме сендерге үнады ма?

Балалардың жауабы. Ал енді ортаға 1 әкенің ананың ұлдың қызды ортаға шақырғым келеді. Әкемен ананы бір қатарға тұрғызып қарсы бетке қызбен баланы қойып, бірінші қыз әкесіне қарап әр қадым жүріп жүректен шыққан мейірімді сөздер айту керек, кейін әкесі қызына солай жақсы сөздер айту керек.

Сергіту сәті:

Өзімді жақсы көремін,

Күн сайын өсіп келемін,

Ойынға кірем күнде мен

Ұйқыға батам түнде мен.

Суға да барып түсемін

Содан соң тамақ ішемін.

Мамамның тілін аламын

Міне осындай баламын.

Мұғалім: Қане, балалар, орындарыңа отырыңдар.

Таңғажайып сәт: (Біреудің жылаған дауысы естіледі).

Асылзат:

— Балалар, тыңдаңдаршы біреу жылай ма, естіп отырсыңдар ма?

Айгерім, сен қарап келе қойшы.

Айгерім жүректі алып келеді.

Асылзат: Келе ғой кішкене жүрек, саған не болды?

Жүрек, Арайлым: Мені қатыгез досым тастап кетті. Мен жалғызбын, не істерімді білмеймін.

Асылзат: Балалар, қандай аянышты. Жылы сөздеріңізбен жүректі жұбатайықшы.

Балалар шеңберге түрып жүрекке деген жылы сөздерін айтады.

Асылзат: Міне, көрдің бе кішкене жүрек сен мейірімді достаға тап болдың. Енді мүңай ма. Сені тастап кеткен досың да жалғызсырап жатқан шығар, сен енді досыңа бар, қуант. ( Жүрек қуанады, билейді).

Жүрек: Балалар, сендерге көп рахмет! Мен де өте қуаныштымын. Сау болындарімен сендерге жэне келемін. ( Жүрек осылайша қуанышпен кетеді).

Асылзат: Балалар, сендер өте мейірімділік іс жасадыңдар. Жылаған жүректі жұбата алдыңдар. Мен де қуанып сендерге риза болып отырмын. Енді сендерге арнап «Бұлқынды жүрек» атты энімді айтқым келеді,бірақ мен жалғыз емес жүректі шақырып ,бірге ән айтқым келеді,сонымен бірге ортада 5 «ә» сынып қыздары Құралай, Айгерім, Зарема, Аяжан, Мереке, Күмісай,бйлейді.

Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Енді, балалар, біздер жалғыз емес екенімізді жүректеріміздің бір екенін білдіре отырып, мына тұрған бір жүректің қасына өзіміздің дайындаған кішкене жүрекшелерімізді қосайықтадта анамызға мейірімді, жүректен шыққан сөздерді жазып берейікші. (Балалардың жұмысы)

Қорытынды.

Мұғалім: Біздің сабағымызда не туралы әңгімелестік?

— Мейірімділік деген не екен?

— Қонаққа кім келді?

— Ол неге жылап келді?

— Біз қандай екенімізді көрсеттік? Балалардың жауабы.

Мұғалім: Өте жақсы, балалар! Енді орнымыздан түрып ортаға келейік.

Мына қолымдағы допты кезекпен тегімізді,есімімізді айтып, қасымдағы оқушыға беремін жаксы сөздермен тапсырғым келеді. Бүкіл 28 оқушы қайталайды.

Қол ұстасып бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,