Сиқырлы математика әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы математика әлеміне саяхат»
Сабақ түрі: кластан тыс сағат.
Мақсаты: Логикалық қызықты есептер шығару, математикалық фокустармен танысу арқылы оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру; шығармашылық ойлау қабілеттерін, өзіндік таныс әрекетін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сыни ойлау, практикалық, сұрақ-жауап, көрнекілікті.
Көрнекіліктері: презентация, жұмыс құралдары, стикерлер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру; назарларын сабаққа аудару.
- Ынтымақтастық атмосферасын құру. Тренинг «Амандасу»
Сәлем саған, көкте күн!
Сәлем, білім ордасы!
Жастық шақтың көктемі,
Жақсылықтың жолдасы.
- «Оңай көбейту тәсілі»
- «Екі таңбалы санды 11-ге көбейту»
- 5-ке аяқталатын санды өзіне-өзін көбейту.
35•35=1225
Бірінші санның ондығын екіншісін 1-ге арттырып, яғни
3•4=12 және оған 25-ті тіркеп жазу керек.
45•45=2025
75•75=5625
- «Фокус»
- Конвертке 1089 санын жазып қою. Оқушыны сыртына 3 таңбалы сан жазғызу. Екі шеткі цифрының айырмасы 1-ден үлкен болатын. Екі шеткі цифрын ауыстырып, үлкен саннан кішісін азайту. Тағы да екі шеткі цифрын ауыстырып, айырмаға қосу. Шыққан сан 1089 болады.
- Cіріңкеден құралған фигуралар
- 16 сіріңкеден құралған фигурадан 4 сіріңкені ауыстырыңдар,сонда үш шаршы құралуы керек.
- Сіріңкеге қол тигізбей, теңдік дұрыс болатындай етіп қатесін түзеңдер
- Төрт шаршы шығу үшін , 12 сіріңкеден құралған фигурадан 3 сіріңкені алмастырыңдар.
- «Көңілді есеп»
Жауабы: 5000. (4100 емес)
- Логикалық фокустар.
- Келесі суретті тап.
- Артық фигураны көрсет.
- Бұл бөлімде 2 топтың топбасшылары бір-бірлеп ортаға шығып, «Математиканы не үшін оқимыз?» тақырыбы бойынша шешендік шеберліктерін көрсетеді.
Сабақтың қорытындысы: 1. Бағалау. Марапаттау.