Ашық сабақ «Отбасы-тәрбие көзі»

Ашық сабақ «Отбасы-тәрбие көзі»

 Мақсаты:Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу, мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын  айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер:мақалдар жазылған плакаттар, слайдтар.

Сабақтың тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, пікіралысу.

Барысы.

І « Тренинг Тез орында» (әрбір топ өздерінің туған айлары бойынша шеңбер құрады).

ІІ Ұйымдастыру бөлімі. 1 Слайд.

1 Мұғалімнің сөзі.Тәрбие сағатының мақсаты мен ерекшелігін айту.

ІІІ Қызығушылықты ояту. 2 Слайд.

Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?

 

Отбасы

Ата-ана,  әке, бала ,ата-әже.

Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстурлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.

2Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар?

-Бала тәрбиелеу.

Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап,оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

ІV Мағынаны ажырату. 3 Слайд.

1Ой шақыру.

Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.

Атамыз қазақ  «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Баланың жақсысы-ата-ананың  абыройы,ары.

Жаманы-қайғысы, азап- соры.

(В.Сухомлинский).

Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.

Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.

4Слайд.

Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы Гүлсезімнің әкесіТайпақов Сабырғали Бақтығалиұлы әңгімелейді.

Отбасындағы шаңырақтың тірегі-әке. Отбасының қамқоры, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды.Ер баланың әке-досы, әрі ақылшысы, қыз- баланың қамқоршысы.

5 Слайдта Профессор Ә.Табылдиевтің әке алдындағы міндеттері туралы ойлары жазылған.

Баланы тәрбиелеу баулу-әке мойнына жүктелген тарихи парыз.

Баланы бетімен жіберме..жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. Бас мүлгісе, сүрінеді» әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда үлгі болар,-деген                                                                           Мұзафар Әлімбаев ағамыз.

Әкенің беделі туралы өз ойларын Маліков Темірланның әкесі Айшуақов Ерлан Малікұлы айтты.

6 слайд                    Аналар-киелі паналар.

Аналардың қыздарды тәрбиелеуі туралы Исекенова Мақпалдың анасы Әсем өз ойларымен бөлісті.

Оқушылар аналар-әкелер туралы білетін             мақал-мәтелдерін айтты.

7 Слайд Мақал- мәтелдер.

Әке-асқар тау.

әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

Әке- балаға сыншы.        Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды.

8 Слайд.                       Менің асыл әжелерім.

Утинязов Айболаттың әжесі оқушылардың сабақтарына қатысып,олардың сабаққа қатысуы, үлгерімі туралы жақсы әсерде екенін айтты.

Келесі бөлім Атасыз үй-батасыз, анасыз үй-панасыз.

Аталар туралы қандай мақал- мәтелдер білесіздер?

-Аталы бала-ақылды,

Аналы бала-еркетай.

Ата-бәйтерек, бала- жапырақ.

9 Слайд .Ауылымыздың иманы Жантастың атасы Социал ата мен Жангүлдің атасы Жалғас ағайларға сөз кезегін беріп, олардан бата сұраймыз.

Мектеп, ата-ана,бала арасындағы байланыс яғни серіктестік туралы Айдананың анасы тәрбие ісінің орынбасары Гүлмира Ахмадиқызына сөз беріледі.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.

Махмуд Қашғари.

Гүлмира Ахмадиқызы класс жетекшісі, оқушы, ата-анаға сұрақтар беріп, сауалнама жүргізді.

Үш топқа бөлініп отырған оқушылармен де жұмыстанды.

V Ой толғаныс стратегиясы.

Ситуациялық жағдаяттарды әр топ ата-аналары шешті.

Халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауға, дәріптеуге байланысты қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерінің мәнін Мақпалгүлдің анасы Давлетова Валия әңгімеледі.

Қонақ кәде ретінде Қадыр Мырза-Әлінің өлеңіне жазылған «Қазақтарды  шетелдік қонақтарға таныстыру әнін» Бусурманова Ғазиза шырқады

10 Слайд Шығарма-эссе «Менің отбасым», «Менің анам» , «Менің әкем» оқушылардың шығармаларын тыңдау.

11 Слайд                             Ата-анаға естелік..

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.