МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру; Мамандыққа  байланысты термин сөздердің жалпы мағнасын аша білу; Қоғамға бір пайдасы тиетін  мамандық иесі болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест,  дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

—          Бұл кім?

—          Мұғалім

—          Кітапханашы

—          Наубайшы

—          Заңгерлер

—          Шекарашылавр

—          Футболшылар

—          Әртістер

—          Суретшілер

—          Күзетшілер

—          Құрылысшылар , т.б.

Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?

—          Мамандық

—          Дұрыс айтасыңдар. Олай болса  ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандық таңдау маңызды іс» Тақтаға назар аударайық.

ІІ. Негізгі бөлім: Бүгін біз “Мамандық таңдау маңызды іс” деген тақырыпта  ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  айтқандай  “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан  деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да  халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған.

Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да  біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып отырған студент жастарымызға сөз берейік. Бұл жастар бізге өз мамандықтары жайлы айтып берсін.

1.Балалар сұрақтарың  болса қоюларыңа болады.

2.Сізге мамандық таңдауға кім әсер етті?

3.Не себепті бұл мамандықты таңдадыңыз?

4.Егер қайта мүмкіндік болса, қай мамандықты таңдар едіңіз?

5.Ата анаңыздың ықпалы болды ма?

6.Бұл маман иесі болу үшін қандай пәндер тереңдетіліп оқытылады?

7.Студенттік өмір мен оқушылық өідің айырмашылығы мен ұқсастығы неде деп ойлайсыз?

Енді  3 топқа бөлініп бірнеше сұраққа жауап берейік

1.Жаксы  маман иесі болу үшін не қажет?

2.Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсың?

3.Мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етеді?

Енді бізге қонаққа келген студенттерге бір тапсырма берейік. Мен қазір сіздерге бір бір қима қағаздан беремін , ол қағаздағы  сұраққа жауап бересіз

  1. Сессия уақыты.Емтихан жүріп жатыр.Мұғалім тым қатал.Сенің ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтін ыммен түсіндірді.Сен бұл сұрақты білесің.Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмектесесің.
  2. Сенің таңдаған мамандығың досыңа ұнайды.Бірақ досыңның денсаулығы жжарамайды.Досыңның ата-анасы соған ренжиді.Сенің әрекетің?

3.Саған көптеген мамандықтар ұнайды.Сен қайсысын таңдарыңды білмейсің.Анаң мен ұстаздарың өзің біл дейді.Сенің әрекетің?

 

3-бөлім.”Мен мамандық әлемінде”

Бұл бөлімде қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай бермейтін мамандарды атап өтейік.

Аниматор— суретке жан бітіруші.

Мультипликатор  -мультифильмдерді  және арнайы телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.

Декоратор -түрлі мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші.

Интерьер дизайнер— кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман.

4-бөлім.

“Ең ,ең жақсы “ойыны.

Ең,ең ақшасы көп…..(банк қызметкері)

Ең ,ең жасыл…..(бақташы,гүл өсіруші,географ)

Ең,ең тәтті….(аспаз,кондитер)

Ең,ең күлкілі……(клоун)

Ең,ең жауапты………(сот,бухгалтер)

Ең,ең салмақты…..(заңгер, мұғалім)

Ең,ең қарым қатнасы күшті…..(бизнесмен)

5-бөлім.

Мамандық таңдаудың 7  қадамы.

Бірінші қадам:

         Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған  ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер  үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам:

Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

 Үшінші қадам:

Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам:

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған  мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бесінші қадам:

                  Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын  білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға  қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

Алтыншы қадам:

                           Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.

 

Жетінші қадам:

    Қорытынды шешім

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.

 

6 –бөлім.”Мамандықтар әлемі”.

Оқушылар осы алма ағашна өздеріңнің қалаған мамандықтарыңды жазып іліңдер.

Жүректеріңнен шыққан арман мен тілектерің осы “Алма ағашындағы” жемістердей сендерге өмірде  де жемісі мен жеңісін силай берсін.

Талдау:      Осы күннен не алдыңыз?Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!