Мамандығым- мерейім
Тақырыбы: Мамандығым- мерейім
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Білімділік – оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу;
Тәрбиелік – оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық – жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, әр топ мамандығы туралы слайд көрсету.
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. «Менің мамандығым» (оқушылар шығармашылығы)
3. Сұрақ – жауап
4. Сыр-сұхбат
- «Әріпті мамандық» ойыны
Оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білу.Білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де,дағдылардың да тең дәрежеде маңызды.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білу.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
2. Ендеше I-топтың жұмыстарын тамашалайық.
Асемгүл — ағылшын тілін пәнің таңдаған оқушы
Мен әлі жоғарғы білім аламын,
Америкаға барамын.
Үйрететін білімге
Мұғалім мен боламын.
Көп ақшаны табамын,
Кейін ақшам жетпесе,
Аудармашы боламын.
Жадыра – география пәнің таңдаған оқушы
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болаң ,арқалан.
Ақшаның бас қасында жүрсін десең,
Экономист болсын әр балаң.
Елімнің экономикасын көтеретін мен боламын.
Жақсы қаржы табамын.
Кейін ЕНУ-дың магистранты боламын.
II-топтың жұмысын тамашалайық.
Асылхан – физика пәнің таңдаған оқушы
Архитектор немесе құрылысшы боламын,
Сапалы, арзан үйлерді тек мен ғана саламын.
Болашақта бәрінің тойларына сый қылып,
Үш бөлмелі пәтердің кілтін әкеп тұрамын
Атымтай-физика пәнің таңдаған оқушы
Әскери адам боламын,
Бұзақылықтың алдын аламын.
Түн ұйқымды төрт бөлген,
Сақшы адам боламын.
Надия — қазақ әдебиет пәнің таңдаған оқушы
Мен үлкейіп өсіп толамын,
Сонда осы ауылдың.
Бөбектерін оқытып
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің,
Мұғалімі боламын.
3.Сұрақ – жауап.
- 1. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?
- Жоғары оқу — орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?
- Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
- Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың? - Сыр-сұхбат
Учаскілік полиция инспекторі полиция мойоры Кажкенов Жанат Кеңесұлы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек өтілі- 17 жыл
Мектеп медбикесі: Касенова Гүлсім Атымтайқызы Петропавл медициналық училищесін бітірген мамандығы «Фельдшерлік» еңбек өтілі-30 жыл
Зейнеткер ұстаз: Әбдірахманова Күлшара Серғалиқызы Петропавл педагогикалық училищесін бітірген. Мамандығы бастауыш мұғалімі
Мал дәрігері: Уайсова Гүлмария Покровка техникалық колледжін бітірген еңбек өтілі-6 жыл
М. Мақатаев ағамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі тәрбие сағатымызға келген сіздерге рахметімді айта отырып, бұл кездесу болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймын.
Ал енді, оқушылар, қазір
Ой шақыру Мамандардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылады, берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты айту.
Ең жауапты – сот,бухалтер
Ең салмақты – мұғалім, заңгер
Ең қарым-қатынасы күшті – бизнесмен
Ең ақшалы – экономист, банк қызметкерлері
Ең тәтті – аспаз, кондитер
Ең күлкілі – клоун
Ең жасыл – эколог, географ
- «Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
1 топ: «С», 2 топ: «Б»
Қорытынды.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
деп Абай атамыз айтқандай алға ұмтылып, армандарыңызға жетіңіздер Нұрлы жол тілеймін ертеңінің жарқын болсын мамандық иесі болыңыздар.