«Мың бір мақал» сайысы
«Опорный орта мектебі»
География пәні мұғалімі
М.Ш.Юханова
Тақырыбы: «Мың бір мақал» сайысы
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлық-тарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүйуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер жазалған слайдтар, 10 балдық житондар.
Жоспары:
1-тур Кім жылдам
2-тур Жалғасын тап
3-тур Мағынасын түсіндір
4-тур Үй тапсырмасы
5-тур Көрермен көзайымы
6-тур Қорытындылау.
- Кіріспе.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз «Мың бір мақал» -деп аталады. Ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.
- Негізгі бөлім.
“Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл” Әр оқушы өз аттарын, ұрандарын таныстырып өтеді.
- тур. «Кім жылдам» -деп аталады. Бұл турда таңдаған тақырыптары бойынша мақал айтады. Әр мақалға 10 ұпайдан беріледі.
“Мақал – шындық сәулесі”
Тақырыптар: еңбек, батыр, отан.
- Тур «Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1.Көзі соқырдан қорықпа,
…(Көңілі соқырдан қорық).
- Әдепті бала — арлы бала
…(Әдепсіз бала –сорлы бала).
- Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
…(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).
- Ат жаманы жолда қалдырар,
…(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).
- Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
…(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).
- Әдептілік, ар-ұят,-
Адамдықтың белгісі.
…(Тұрпайы мінез, тағы ,жат-
Надандықтың белгісі).
- Сәуір келсе күн күркірер,
(Күн күркіресе көк дүркірер).
- Егіннің жайын еккен білер,
(Арбаның жайын жеккен білер).
- Есік алды тау болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
(Ауылыңда қария,
Жазып қойған хатпен тең).
3 тур. Мағынасын түсіндір. Бұл турда әр оқушы өзіне берілген мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіріп берулері керек.
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
- Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмассың.
- Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.
4 тур. Үй тапсырмасы.
“Талмай ізденген таппай қоймайды”
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.
Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды.
5 тур. Көрермен көзайымы.
“Тіліп түсер нар кескен,
Сөз өткір жебе тау кескен”
1.Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады.(ата, гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен, Отан, ат, ер батыр, тас, ел, ана).
6 тур. Қорытынды. Жарыс соңында әр команданың жинаған жетондары саналып, қорытындыланады. Ұпайды көп жинаған команда марапатталады.