Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
«Бала — басты байлығымыз
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып
төгіледі.Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Бекітемін
Мектеп директоры
______________
Ж.Нұрмаханова
«Тоғжан» қыздар клубының 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
№ | Мерзімі | Жұмыстың мазмұны | Жауапты |
1 | Қыркүйек | Мектепте «Тоғжан» қыздар клубының жылдық жұмыс жоспарын таныстыру, бекіттіру. | Клуб жетекшісі |
2 | Қыркүйек | Мектептегі 1 -11 сыныптар арасында қыздар тізімін алу, жан — жақты талдау жасау | Клуб жетекшісі, сынып жетекшілер |
3 | Қыркүйек | Мектепішілік қыздар жиналысын өткізу, бойжеткен ережелерімен таныстыру | Клуб жетекшісі Мүшелері |
4 | Қазан | «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі …» тақырыбында баяндама | Клуб жетекшісі Мүшелері |
5 | Қараша | «Біле жүріңіз» қыздарға кеңес | Медбике |
6 | Желтоқсан | «Ажарлы, сұлу, ғажап тым қыздары қандай қазақтың» дөңгелек үстел | Клуб жетекшісі Мүшелері |
7 | Қаңтар | «Әдептен озбайық» тренинг | Психолог |
8 | Ақпан | «Озар елдің қызы мінезді келеді» пікірталас | Клуб жетекшісі мүшелері |
9 | Наурыз | «Қыз еркем – анасымен көркем» сайыс | Клуб жетекшісі мүшелері |
10 | Сәуір | Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост) | Клуб жетекшісі Мүшелері |
11 | Мамыр | Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн? Қыздарға кеңес | Клуб жетекшісі мүшелері |
12 | Мамыр | «Тоғжан» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы | Клуб жетекшісі мүшелері |
Қыздарға кеңес
Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды бол.Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады.Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады.Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет.
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
Қазіргі уақытта артымызда өсіп келе жатқан сіңлілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде.Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде.
Сауалнамалар
- 1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін?
______________________________________________________________
- 2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)
______________________________________________________________
- 3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?
______________________________________________________________
- 4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің?
______________________________________________________________
5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?
______________________________________________________________
- 6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе? ______________________________________________________________
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
1.Сен соңғы кезде кіммен уақыт өткізгенді қалайсың?
Отбасыммен-
Достарыммен —
Жалғыз өзім —
2.Сыртқы келбетіңнің өзгергені, дене салмағыңның, бойыңның өскені /өспегені/ сені:
Қуантады –
Ренжітеді –
Ашуымды келтіреді —
3.Сенің қандай болғың келеді?
Ақылды —
Әдемі —
Тіл табыса білу —
4. Сен өзіңнің келбетіңмен жұртшылық назарында болсаң:
Қуанамын —
Көңіл- күйім болмайды —
Бәрібір-
5. Мені қолдайды:
Отбасы –
Мектеп-
Достарым –
1.Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз?
а) өзіне мысал келтіру;ә) талап етушілік;
б) сендіру;в) жазалау;г) мадақтау.
2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?
а) ия;б) жоқ.
- Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз?
а) мақтау;ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, б) ойыншық сатып алғанда мақтау; - Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба?
а) ия; ә) жоқ; б) әркезде.
- Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
- Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?
а) жеке өзім;
ә) әкесімен;
б) көршілермен;
в) туған-туыстарымен;
г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;
д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.
10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз:_______________________________________________
Ата – аналарға жадынама:
Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз.
Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет.
Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз.
Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз.
Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.
Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес
Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.
Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.
Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз.
Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы өзгереді. Жасөспірім үшін өзінің ересек замандастарымен қарым-қатынас жасау маңызды. Өзіне сенімді тұлғалар қоғамда өз орнын таба алады. Ал жұрттың ыңғайына жығылғыш, біреудің рөлін ойнап жүрген жастарды әдетте замандастары қабылдай қоймайды. Жасөспірімнің өтпелі кезеңінде ата-анасы баласын қолдап, оны сыйлап, жақсы көрсе балаға бұл жағымды әсер етері сөзсіз. Шешімталдық пен бір қалыптылық — ата-ананың маңызды қасиеттерінің бірі. Егер балаларымыздың мейрімді, туыстарын жақсы көретін адам болып өсуін қаласақ, өзіміз де оларға мейіріммен қарап жақсы көргеніміз жөн. Ата-аналар баласының өз бетінше әрекетін құптап, оны қолдайтынын және сенім артатынын білдіріп отырғаны дұрыс.
Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға «2», сол қолдың саусағы болса, «1» деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса «1», оң болса «2» санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса «1», оң болса «2» санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз… Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса «1», оң болса «2» деп жазыңыз.
Енді нәтижелерді қортындылайық.
«2222» — (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.
«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз — батылсыздық.
«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.
«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.
«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.
«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.
«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.
«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.
«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді. Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады.Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.
«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.
«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.
«1111» — (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.
«1212» Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.
«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу — сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.
«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.
Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост)
- Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға 5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға 10.Шалқайып жатуға
11.Тамақты обырлана асауға 12.Ұрлық қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге 14.Бұраңдап қылмысуға
15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға 18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға 20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен шегімдікке 22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға 24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке 26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен арласып жатуға 28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге 30.Тарс-тұрс етуге 31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге 33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге 35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке 37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға 39.Көрсеқызарлыққа40.Нәпсі құмарлыққа тыйым
Жасөспірімдік кезеңніңалғашқы қиындықтары
Ата-аналар жиналысы 6 сыныбы Сынып жетекшісі: Міндеті: бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің мәнін түсіну, ата –аналарға көмек беру, олардың назарын балалардың іс –әрекетіне аудару; Жиналыстың түрі: дөңгелек үстел Талқылау сұрақтары: проблемалар статистикасы, оған ата-аналардың көзқарасы, жасөспірімдік кезеңдегі қиындықтар тұсында отбасы қарым- қатынасының мәні; Дайындық шаралары: Статистикалық материалдар дайындау, ата-аналар газетін шығару, ата-аналар мен оқушылар диагностикасы, ата-аналарға арналған жаднама, жағдаяттар әзірлеу; І. Жиналыстың барысы: Сынып жетекшісі: Жасөспірімдік кезең әр баланың басынан өтеді. Бірақ оны әр бала әрқалай өткізеді. Біреулері мінез көрсетсе, енді біреулері үн-түнсіз, кейбірі үнсіз ғана жылап алады. Қалай десек те, дәл осы уақытта бала сіздер мен біздердің қолдауымызға зәру болады. Сол кезде үлкендердің олардың проблемаларына құлақ асатындығын, көмек қолын созатынын, оларды түсінетінін сездіру керек. ІІ. Ата-аналар мен оқушылардың сауалнамаларын талдау. Оқушыларға арналған сауалнама қорытындысы: Барлығы: 1 Сен соңғы кезде кіммен уақыт өткізгенді қалайсың? Отбасыммен- Достарыммен — Жалғыз өзім — 2 Сыртқы келбетіңнің өзгергені, дене салмағыңның, бойыңның өскені /өспегені/ сені: Қуантады -/өскені/ Ренжітеді — /өспегені/ 1-өскені Ашуымды келтіреді — 3 Сенің қандай болғың келеді? Ақылды — Әдемі — Тіл табыса білу — 4 Сен өзіңнің келбетіңмен жұртшылық назарында болсаң: Қуанамын — Көңіл- күйім болмайды — Бәрібір- 5 Мені қолдайды: Отбасы — Мектеп- Достарым — Ата-аналарға сауалнама 1. Сіздің балаңыз кімге, неге қызығушылық таныта бастады? А. Өзінің сырт келбетімен Ә. Бойы, салмағымен Б. Жеке бас гигиенасына |
В. Достарына
2. Ол көбірек :
А. Достарына телефон шала бастады.
Ә. Айна алдында көбірек уақыт өткізеді.
Б. Достарымен далада көп жүреді.
В. Өз киіміне көңіл бөле бастады.
3. Тұлға ретінде ол:
А. Көбіне тұйық.
Ә. Ата-ананың еркелеткені мен назарына аз көңіл бөледі.
Б. Өз атына айтылған ескертулерге тез құлақ асады.
В. Сабаққа жауапкершілігі төмендеді.
ІІІ. Жағдаяттарды талдау.
1. Бұрын әке-шешесінің әперген киімін талғамай кие беретін бала бір күні аға- әпкелерінен қалған киімдерді киюден бас тартады, жақсы, қымбат, өзі таңдаған киімдерді әпермесе, ата-анасына ренжиді.
2. Бала өзінің бойынан қысылады. Оған сыныпта бәрі мазақтап күлетіндей көрінеді. Бұл туралы ол отбасында сөз қозғағанда, туыстары мен жақын адамдары болмашы нәрсе деп оны күлкіге айналдырды.
ІҮ Статистика.
Сіздің білуіңіз қажет:
Жасөспірімдік кезең қобалжу мен өзінің түр- тұлғасына көңілі толмау сияқты фактілермен сипатталады.Ø
11-12 жастағы қыз балалардың 20%-ы, ер балалардың 30%-ы өзінің бойына байланысты қобалжуды бастан кешіреді.Ø
11-12 жастағы қыз балалардың 60%-ы артық салмақ бойынша мазасызданады.Ø
Физиологиялары ерте жетілген ұлдар мен қыздар балалар арасында жоғары әлеуметтік статусқа /мәртебе/ ие болады.Ø
Физиологиялық жағынан кеш дамыған қыз балалардың өзін –өзі бағалауы төмен, олар социометриялық зерттеулер нәтижесі бойынша оқшауланған балалар тобына жатады.Ø
Статистика мәліметі бойынша 11 жастағы қыз балалардың 60%-ы ғашық болу сезімін бастан кешіреді, ал ер балаларда 13 жастан басталады.Ø
Бұл уақытта көбіне қыздар тәуелсіз болуға ұмтылады. 11 жастан бастап шиеленістер басталады.
Осы кезеңде балалар көбіне ата- аналарынан оқшауланып, достарын артық санайды.
8-наурызға байланысты «Ақ ару» қыздар сайысы
— Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.
Ал, бүгінгі күн қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Ақ ару» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.
Әділқазы болды бүгін,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалады,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)
Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру.
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Нұрбақыт та қатарынан қалмаған.
Атыңнан айналайын Аружан деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Салтанттың алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
9 — сынып оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Венера өнерлі қызымыз.
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе
қыздарымыз өздерін таныстыруға өтсін.
Бағдарлама бойынша келесі кезекте «Бәйге» (мақал — мәтелдерді жалғастыру)
- Ананың көңілі балада,
…………. Баланың көңілі далада.
2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,
………… Қарызыңнан құтыла алмайсың.
2 — ару.
1. Ана сүтін ақтамағанды,
………… Ешкім мақтамайды.
2. Атасыз үй батасыз,
…………. Анасыз үй панасыз.
3 — ару.
1. Ананың құны,
…………. Ананың сүті.
2. Анасын сүйгеннің
………….. Баласын сүй.
4 — ару.
1. Ата — ананың қадірін,
……………. Балалы болғанда білерсің.
2. Ағайын алтау,
…………….. Ана біреу.
ІІІ. « Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан
да кемде емес сияқты.
ІҮ. Жаңарған сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салты бабаның
Алып келді осы күн, — дей келе қыздарымыз салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берсін.
6 – сынып.
1. Күйші ана кім? ( Дина Нұрпейісова )
2. Халқымыздың батыр қыздары? ( Әлия, Мәншүк )
3. « Сұлу» деген сөздің синонимі? ( Ару)
7 – сынып.
1. Әйелдің күші аз, несі көп? ( Айласы )
2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар — жар», « Беташар»,
«Сыңсу»).
3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды?
(Венера планетасы ).
8 — сынып.
1. Әйелі көркі неде? (Ақылда)
2. Адамға не қымбат? (Бала)
3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
9 — сынып
1. Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы? (Алқа)
2. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімін ата? (Шүкімән)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)
Ү. Ұй тапсырмасы. (мерекелік бүктеме жасау және мерекелік тағам дайындау)
ҮІ. «Шешеге қарап, қыз өсер» демекші қазақ қыздары өте өнерлі болған. Жүннен әртүрлі тоқу тоқыған. Біздің қыздарымыз одан да кемде емес, ендеше, қыздарымыз ен көне дәстүріміздің бірі – жүн иіруді көрсетсін.
ҮІІ. Көркемөнер – жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, — дей келе қыздарымыздың өнерімен танысайық.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
«Қыз сыны» сайысынан көріністер
«Жолықсаңдар тағдырдың ызғарына
Тілектеспін ел салтын бұзбауыңа.
Абай атты армандай ұл өсіріп,
Ат қойыңдар Тоғжан деп қыздарыңа».
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата -бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт — дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқанды. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм туралы айтылған болатын. Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың «.. патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар — намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген сөзін бүгінгі жастар естен шығармауы керек. Бойында намыс оты ойнаған, ұлт тәрбиесін сіңірген, иманды да инабатты, тәрбиелі, ана тілін ардақтаған қазақтың текті қыздары көп болсын.