Ұрпақ азбасын, ұлт тозбасын!

Сабақтың тақырыбы: Ұрпақ азбасын, ұлт тозбасын!

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру,

дертке шалдықпау үшін өз денсаулықтарын  ойлап, сақтай білуге

үйрету. Дені сау, жаны таза, адамгершілігі мол, Отан сүйгіш

қоғамымыздың нағыз азаматын тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:    І Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Әнұраны.

«Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек.  Өкінішке орай ХІХ ғасырға аузын арандай ашқан, аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», «СПИД-те» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағылып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып отыр.  Біздің бүгінгі сабағымыз да бүгнігі күннің өзекті мәселесі – темекі, ішімдік, есірткі, СПИД ауруларына қарсы ұйымдастырылып отыр.  Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды улы түтінге әуес болмай, денсаулығымызды күтіп, салауатты өмір салтын қалыптастырайық. Осы мақсатта бүгінгі сабығымыз спорттық жарыстардан тұрады.  Сынып екі командаға бөлінеді.  Денешынықтыру пәнінің мұғалімі  әділ – қазылық жасайды.

І  команда «Денсаулық» —  4 ұл, 6 қыз

ІІ команда  «Сұлулық» — 4 ұл, 6 қыз

І. Қаражорға биі

ІІ. Қап киіп жүгіру. Яғни  екі команда сапқа тұрып, бірінші тұрған оқушы қапты қиіп жүгіріп келіп, екінші тұрған оқушыға береді. Ойын осылай жалғаса береді. Бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз болып есептеледі.

ІІІ. Арқан тартысу.  Екі командаға бір арқан беріліп, ортаға сызық сызылады. Сол сызықтан асқан команда жеңіледі.

ІҮ.  Ханталапай яғни асық ойыны. Екі команданың капитандары шығып, асықты  шиіреді. Кімнің асығы алшы түссе ойынды сол команда бастайды. Және асықты қай команда көп ұтса сол жеңімпаз команда болады.

Ү. Қол күресі.  Екі командадан бір – бір адамнан шығып қол күрестіреді. Жеңілген команданың ойыншысы  ойыннан шығады.  Кімнің ойыншысы ойыннан көп шықса сол команда жеңілген болып есептеледі.

Ойынның соңында қорытындысы шығып, жеңген команда марапатталады.

Қорытынды сөз:

Адам денсаулығына зиян тигізетін жат әдеттерден аулақ болып,  дене бітіміміз сұлу әрі сау болу үшін осындай спорттық ойындарға қатысып, денемізді шынықтырып, шымыр болайық және салауатты өмір салтын ұстанайық.