Құрақ құрау технологиясы

Қызылорда облысы, Арал қаласы №62 орта мектебінің технология пән мұғалімі Бекмамбетова Гульмира Мақсұтқызы   

 

Сыныбы: 5 «В»

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы

Сабақтың мақсаты :    

а) білімділік:      Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің

                                             ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс

орналастыру реттілігін және өңдеу

технологиясын үйрету.                           

ә) тәрбиелік:    Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,

тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек

сүйгіштікке баулу.

б)дамытушылық Оқушылардың теориялық білімдерін іс-жүзінде

шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс

     Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.

     Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз,

үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш

Сабақтың барысы:

                   І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына  мән беру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық»

Әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру.

І.Ою-өрнек сұрағы:

1) Ежелгі ұлттық ою? (қошқар мүйіз)

2) Өсімдік тектес оюларды ата  (үшжапырақ, жауқазын, шыңгүл, жапырақ, жетігүл)

3) Бұл ою «Г» және «Т» әріптеріне ұқсас, және қандай да бір ру таңбаларынан пайда болған. Қандай ою?   (Балта)

4)  Магиялық ою қалай аталады?  (тұмарша)

ІІ.Жұмбақтар

1)Бар екен бір дүниеде жалғыз көзі,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді 18 мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді       (ине)

2) Дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды    (дастархан)

3) Арық ат қарны қабысқан,

Бір көлді ішіп тауысқан    (қасық)

4) Құрғақ жерде сақтаймыз,

Онсыз тамақ татпаймыз    (тұз)

ІІІ. Ұлттық тағамдар

  • Ұйытылған сүт қалай аталады? (Айран)
  • Торта дегеніміз не?     (Сары май тұнбасы)
  • Бие сүтінен ашытылған сусын (қымыз)
  • Езілген құрт қалай аталады? (малта)

ІҮ. Жалпы сұрақ:

1) Стиль деген не?     (Мәнер, сипат, ерекшелік)

2) Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не?   (Үтіктеу)

3)  Салалы, жабайы, бұйра. Қандай талшық? (Зығыр)

4) Мына сандар нені білдіреді: 160-88-70?

(1 сан  — см өлшенген бой

2 сан – кеуденің жарты орамы

3 сан — мықынның жарты орамы )

 

        

 

ІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.

 

Сегізжапырақ

 

 

 

Аққу

Құрақтың түрлері

Жұлдызша

 

 

Тырнақатар

 

Ши құрақ        Оюлы

 

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:

Құрақты қандай мақсатта құраймыз?

-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.

-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа,  тәрбиелілікке мән беру.

Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.

Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған.  Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен  сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.

Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар,

пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.

Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», — деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойыңа сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-құлығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.
Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.
        «Алтын қақпа» ойыны. Алтын сандық ішінен құрақ суреттері беріледі. Шарты бұл  құрақ атауын атау

 

 

 

 

 

 

Аққу құрақ       Гүл құрақ          Тырнақатар     Шахмат құрақ     Сегізжапырақ

 

        Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?

  1. Майлық.  3. Әмиян.      5. Көрпе.                  7. Жастық тыс.      9. Сәндік сөмке.
  2. Дастарқан. 4. Қолғап.     6. Қазан ұстағыш.    8.Аяққап.

Құрақты қалай,қай жерде  қолданыуға болады?.

  1. Жапырақ,сегіз жапырақ құрақтар-қонақ бөлмелерде қолданылады.
  2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады.
  3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.
  4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.

«Құрақ құрау» өнерінің тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш, түн ұйқысы келсе жаурамайтын жамылғысы болған.

 

  Қосымша мағлұматтар беріледі.

Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-ХVІ ғасырда дамыған

Құрақ құрау  Еуропада «Пэчворк техникасы» деп те аталады.

-Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Лепочиха».

-Жапон халқында «Сашико» дейді

  1. 2. 3.

Пэчворк-(patchwork» ағылшын тілінен аударғанда, «құрақ құрау, құрастыру»)

қызықты жұмыс, қиял беруші өнер. Отаны Индия елінен табылған.

Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі.

Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында құрақпен жасалынған бұйымдар және бар.

ІV. Сарамандық жұмыс.

«Талаппен бастап,

Талғаммен аяқта!»

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп аламыз. Алдымен жұмыс орнын ұйымдастырып аламыз.

  • Инені киімге қыстыруға болмайды.
  • Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
  • Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
  • Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
  • Қайшыны ашық тастама.

 

Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі.

Құрау технологиясы:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.
2. Алдарыңа қатырма қағаз қиындыларын беремін. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түрлі түсті қағаздан түс таңдай отырып, қиямыз
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, қиып аламыз.
4. Қиылған қатырма қағазы өрнек бойынша рет-ретімен: — әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді қағазға қойып аламыз
Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.

Қорытынды есебінде барлық құрақ құрау өнері туралы білген білімдерімізді ұштастыру, еске түсіру мақсатында сөзжұмбақ шешейік.

 

  1. Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай ?(Аққу)
  2. Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата ? (Жұлдызша)
  3. Еуропа халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Пэчворк)
  4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Сашико)
  5. Гүлдің атына байланысты құрақ атауы ?          (Қызғалдақ)

     VІ. Сабақты бекіту .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     VІ. Сабақты бекіту .

Сұрақтары.

  1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
  2. Құрақты апа-әжелеріміз не себепті құраған?
  3. Құрақтың түрлері қандай?
  4. Қандай елдерде құрақты пайдалана білген? Қалай аталады?
  5. Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады?

«Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң,қолдан келмейтін іс жоқ.

 

VІІ.Оқушыларды бағалау. Белсенді  араласып, сұрақтарға жауап берген,

тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма. Қатырма  қағаздан қиып жасаған құрақтарын матаға

түсіріп, көктеу