Құрақ түрлері, қолданылуы, ерекшелігі. Құрақтың үлгілері, тігу, жасалу технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Құрақ түрлері, қолданылуы, ерекшелігі. Құрақтың үлгілері, тігу, жасалу технологиясы
Сабақтың тақырыбы:
- білімділік: Мата қиындыларынан түрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ қиындыларын әзірлеуді мата түстерін таңдай білуді,дайын үлгіні пайдаланып қиюды,дұрыс біріктіріп үйрену.
- дамытушылық: Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
- тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбилеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Қажетті құрал-жабдықтар :
- интерактивті тақта, құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, сызғыштар,
- мата қиындылары құрақтан жасалған бұйымдар түрлері.
Пәнаралық байланыс:
* Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика
Сабақтың әдісі:
* Түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс
Сахна безендірілген. Сахнада дастархан жасаулы, көрпе төсеулі.Әже дастарханға бауырсақ, айран т.б.тағамдар қойып сөйлеп жүр.
Әже:
- Мына қыздар қайда жүр екен? Бүгін келуі керек еді әлі жоқ. Әр сәрсенбі келіп технология пәні бойынша үйірмеде не үйренді келіп айтып тұратын еді. Мына күннің аязы әсер етті ме көп болды келмей кетті.
(сахнаға қыздар шығады)
Қыздар:
- Сәлематсыз бе, Әже. Қалыңыз қалай?
Әже:
- Амансындар ма, құлындарым менің, балапандарым менің? Қайда жоғалып кеттіңдер?Келіңдер,төрлетіңдер. Мен сендерге тәтті бауырсақ пісіріп қойдым.
- Ал енді жайғасып отырып, үйірмеде не үйрендіңдер?
Алина:
-Әже біз осы жолы үйірмеде «Құрақ, оның түрлері, қолданылуы, ерекшелігі. Құрақтың үлгілері, тігу, жасалу технологиясы» туралы ұйрендік.
Әже:
- Балдәурен, балалық шақ — тым-ақ келте.
Сол кезден қалған белгі — бір-ақ көрпе.
Бүгінде көз алдымда тұрады ылғи.
Марқұм анам құраған — Құрақ көрпе!- Қайрат Жұмағалиев жырлагандай онда мен
сендерге сұрақ қоям, сендер жауап бересіңдер. Келістік пе?
Қыздар:
- Келістік, Әже, келістік.
Әже:
- Ал, онда бастайық, бірінші Құрақ- дегеніміз не,құрақтың мағынасын түсіндір?
Мадина:
- Сонымен құрақ көрпе, халқының ұлттық қол өнерінің бір түрі. Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек,сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады.Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көніл бөлінеді. Құрақ құрау, қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Назерке
— Оны трикотаж тоқымалардың қиықта-рынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзы-ндығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.
Әже:
- Жақсы. Ал құраққа қандай маталар қолданылады. Бұл сұраққа Алина жауап бере гой.
Алина:
- Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады: Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. Торқа – ең қымбат жібек мата. Батсайы – қалың жібек кездеме. Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш. Пай – жібек мата. Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата. Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата. Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. Насар – жібек кездеме. Ұштап – ақ түсті тығыз мата. Шыт – арзанқол жұқа мата. Сәрпөңке – астарлық жібек мата. Бояқ – кездеменің боялған түрі. Борлат – қызыл түсті жұқа мата. Тібен – түрлі-түсті қалың мата.
Әже:
- Құрақтың көркемдік мән-маңызы қандай?
Ақгүлім:
- Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсіл-мен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетаны-мын, эстетикалық талап-тал-ғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты-басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндей-ді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Киім-кешек тіккенде қалған, арнайы сатып алынған маталардан қандай өрнек шығаруға болады? Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Әже:
- Құрақтың қандай түрлері бар? Гаухар:
- Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара маталардың қиындыларынан кекіліктің қасына ұқсатып тігілген құрақ, қайшы құрақ – кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылған түрі, таңлай құрақ – адам таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б.
Әже:
— Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар қажет,атап бере қойыңдар?
Аружан:
- ине, жіп, қайшы, сызғыштар, шаблондар
- мата қиындылары құрақтан жасалған бұйымдар түрлері.
Әже:
— Құрақтың жасалу жолы қандай?
Аружан:
- Қазіргі кезде мата қиындыларынан құрақ құрау өз алдына бір өнер түріне жатады. Матадан құрақ құрау өнері жылдан-жылға тез қарқынмен дамуда. Онымен түрлі жастағы адамдар айналысады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнер аясында фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен. әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігеміз. Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз. Технология деген не ?
Қандай жұмыс болмасын оны іске асыру барысында істелінетін іс-әрекет.
Мысалы, сызба, үлгі түсіру, түс таңдау, үлгі даярлау, қию, тігу т.б. Осының бәрі
құрау технологиясы.
Әже:
- Ал қыздарым құрақ туралы көп нәрсе үйреніпсіңдер. Ал осы құраққа байланысты қандай аңыз әңгімелер білесіңдер?
Айза:
Әже:
- Енді өздеріңнің үйірмеде жасаған, өз қолдарығмен жасалған бұйымдарың бар ма?
Қыздар:
- Арине,Әже, бар. Міне, мынау біздің үйірмеде жасаған көпшік, көрпелеріміз. (Құрақ көрпе, көпшіктерді көрсетеді)
Әже:
- Ал, қыздарым, көп нәрсе үйренген екенсіңдер. Мені ұмытып кетпей келіп тұрыңдар. Сау болыңдар.
Үйірме жұмысына слайд арқылы шолу жасау.