Бақытты сәт
Тақырыбы: Бақытты сәт
Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бірін-бірі құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Сыныптан тыс жұмыс,сайыс-сабақ.
Көрнекілігі:Ғалымдар суреттері,слайд.
Сайыстың өту кезеңдері:
- Таныстыру
- Бәйге
- Ғажайып жетілік
- «Ойлан тап!»
- Шешендік өнер
Сайысқа 6 а сыныбынан екі топ қатысты: І топ – Білімділер
ІІ топ – Зерделілер
Бәйге кезеңінде екі топқа он сұрақтан қойылды.Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланды.
І топ сұрақтары:
- Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым
- Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты?
- Жасушаны ашқан ғалым
- Өсімдіктің вегетативті мүшелері
- Өсімдік ұлпаларын атаңыз
- Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі
- Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр
- Микроскоптың негізгі бөлігі
- Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі —
10)Түтікше пішінді ұзынша жасушасы бар ұлпа –
ІІ топ сұрақтары:
1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым
2.Өсімдіктерге арналған Қазақстанның “Қызыл кітабы” қай жылы шықты?
- Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа
4.Өсімдіктің генеративті мүшесі
- Жасушаның тығыз,сыртында екі қабат қабықшасы бар бөлімі
- Жасушасына су жинаушы ұлпа
- Негізгі тамырдың жан-жағына шығатын тамыр
- Дара жарнақты өсімдіктер тұқымында ғана болады
- Жасуша ішіндегі желім тәрізді созылмалы қоймалжың сұйықтық
- Тек өсімдік жасушасына тән органоид
ІІІ. «Ғажайып жетілік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (5,10,15) таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi
Терминдер 5 10 15
Өлең-жырлар 5 10 15
Мақалдар 5 10 15
Жұмбақтар 5 10 15
Сандар 5 10 15
Өсімдіктер 5 10 15
Жануарлар 5 10 15
ІҮ. «Ойлан тап»
Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарларға қатысты сөздерді құрастырып жазу керек.
1- топ: ж,ұ,а,т,л,п,ұ,ы,п,а,р,л,к,і,а,қ. (ұлпа,жапырақ,түлкі)
2 — топ: г,ж,қ,а,ү,а,с,қ,с,у,л,ы,р,ш,а. (гүл,қасқыр,жасуша)
Ү.Шешендік өнер
Бұл бөлімде екі топқа берілген «Өсімдіктің пайдасы» және «Жануардың пайдасы» тақырыбында топ басшылары сөз сөйлейді.
ҮІ.Қорытындылау
Сайыс нәтижесінде ІІ топ 72 ұпай жинаса,І топ 87 ұпай жинап І орынды иемденді.