Алтын сақа Ертегі сабақ

 

Алтын сақа

Ертегі сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын , қол өнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Жанашырлыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, ұлттық киімдер, қамша, сақа.

Сабақтың өту барысы: «Алтын оймақ» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған өнерімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Шал, қолында қамша, қой жайып жүреді.

-Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырау тақтым, сиыр бақтым, сидан қақтым, ешкі бақтым – еңіреп бақтым деген осы екен ғой. Уh, шаршадым деп, малдас құрып отыра  кетеді, артынан келген мыстан кемпір шалды қылқындырады.

-Уh, бәлем, ұсталдың ба?

Шал:

-Ойбай, ойбай, жіберші, жіберші, жаным шығып барады.

-Мыстан:

-Сен маған не бересің?

Шал:

-Бір қора қой беремін.

Мыстан:

-Жоқ мен оған риза емеспін.

Шал:

 

Мыстан:

-Жоқ , оған да риза емеспін.

Шал:

-Онда жалғыз Кенжебек деген ұлым бар, соны берейін.

-Онда , келісемін оны қайтып бересің?

Шал:

-Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам сақасын іздеп келгенде ұстап ал.

Шал:

-Онда міне, алтын сақа, деп қалтасынан алтын сақаны алып береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан кемпір алтын сақаның қасында отырады. Бала келеді.

Бала:

-Апа, апа, анау алтын сақаны маған қарай лақтырып жіберіңізші?

Мыстан:

-Ой балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал (бала алтын сақаны ала бергенде мыстан оны ұстап алып кетеді. Осы кезде ауылдың қыздары Кенжебекті іздеп шығады).

-Кенжебек!

-Кенжебек қайдасың?

-Біз сені іздеп жүрміз. (осы кезде ортаға Мыстан шығып, қыздарды қорқытады, қыздар шыңғырып отыра қалады).

Мыстан:

-Сендерге Кенжебек керек болса, менің бірнеше шартымды орындаңдар. Қыздар:

-Орындаймыз, апа орындаймыз.

Мыстан:

-Онда бірінші шартым:

«Ата мұраң асыл қазының» деп аталады. Мұнда қазақ салт-дәстүрлерін қалай білетіндеріңді сынаймын, дайынсындар ма?

-Дайынбыз , апа, дайынбыз.

Мыстан:

-Бірінші «байғазы» деген не?

«Байғазы» — балалардың , жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ертоқым, т.б.) берілетін ақшалай, заттай сыйлық , ақша.

Мыстан:

-Екінші «Көрімдік» деген не?

«Көрімдік» — жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

Мыстан:

-Үшінші «Бастаңғы» — деген не?

«Бастаңғы» — деп үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын  деп «бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуынды.

Мыстан:

-Төртінші «»Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндір.

Қыздар:

«Жасау» ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем-әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

«Енші»  балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы, оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп  атайды.

Мыстан:

-Бесінші «Иткөйлек» және қырқынан шығарудың ғұрып салт-дәстүрінің мағынасын түсіндір.

«Иткөйлек» — ырымшыл халқымызды баланы (туғанына қырық күн) (қырқынан) шығарғаннан кейін оның көйлегіне тәттті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып , тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады, немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп бойларында сақтаған. «Иткөйлектің» шығуы ит мойнына байлағандығында емес, оны жеті қазынаның бірі деп, әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.

Қырқынан шығару – әдетте баланың туғанына 40 күн толған соң,  ыдысқақырық қасық су құйып шомылдырады. Оған үлкен әйелдер, әжелер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қояды.

«Сүйінші» — жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне , әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі немесе атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тех жеткізу үшін ат ертіп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған. Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген.

«Тұсау кесу» — бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек , пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баланың тұсауын кесуді ұсынады.

Мыстан:

-Жарайсыңдар.бұл шартымнан мүдірмей өттіңдер.

Қыздар:

-Апа енді Кенжебекті босатасызба?

Мыстан:

-Жоқ, келесі шартым – «Өнер кезеңі», өнер көрсетіп көңілімді көтеріңдер.

Қыздар:

-Әрине, апа, әрине. Өнерімізді тамашалаңыз.

Шаш үлгісің көрсету. Музыкалық үзіліс.

Мыстан:

-Ой, рахат-ай, көңілім бір көтеріліп қалды ғой. Шаш үлгісін жақсы жасайды екесіңдер.

Қыздар:

-Апа, Кенжебекті енді жібересіз бе?

Мыстан:

-Жоқ.

Келесі шартым:

«Шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Маған қол өнерлеріңді көрсетіңдер! Әр қыз өз қол өнерін көрсетеді.

1.Ілмек бізбен – Ахметова Аягөз

  1. Кілем тоқу – Қайыржан Ләззат
  2. Оригами – Мукатаева данагүл
  3. Ши орау – Сүлейменова Толғанай
  4. Кестелеу – Расулова Толғанай
  5. Құрақ – Садыкова Ақбота
  6. Бисер -Сағатова Ботагөз.

Әр қайсысы

Өзінің таңдап алған жұмыстарын жасалу ретімен айтып көрмеге апарып қояды.

Қыздар:

-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?

Мыстан:

-Жоқ, жібермеймін. Келесі шартым. Көкөністерден не әзірлеу білесіңдер? Қыздар көкөністерден жылан, қоян т.б. бейнелерін әзірлейді.

Қыздар:

-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?

Мыстан

-Жоқ, жібермеймін.Келесі шартым: Сүлгі бүктеу тәсілін көрсетіңдер!

Қыздар сүлгі бүктеу тәсілін көрсетеді.

 Қыздар:

-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?

Мыстан

-Жоқ, жібермеймін.Келесі шартым:Түйме қадау білесіңдерме?

Қыздар: Түйме қадайды.

 Қыздар:

-Апа, Кенжебекті енді жібересізбе?

Мыстан

-Жоқ, жібермеймін (айқайлап таяғымен жерді бір қояды, қыздар жиналып бір нәрсеге ақылдасады).

Бір қыз

-Апа, мынау ұялы телефон. Мұнымен барлық жерімен сөйлесе аласыз, кино да көруге болады, хат та жазуға болады, ойында ойнауға болады.

Мыстан.

-қане, әкелші, көрейін – деп, телефонды алып, бұрышқа қарай барып тұрғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді. Соңынан Мыстан айқайлайды:

-Әй, әй, тоқтаңдар! (Ұялы телефонмен)

-Алло, алло, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ қайдасыңдар, ұстаңдар ананы, — деп өзі де сахнадан шығып кетеді.

Жүргізуші:

-Сіздердің көріп тамашалағандарыңыз қазақтың «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Алтын оймақ» үйірмесінің өнері.