Ойма – нақыш әдісімен (инкрустация) бұйым жасау
Сабақтың тақырыбы: Ойма – нақыш әдісімен
(инкрустация) бұйым жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың теориялық және сарамандық білімін қорытынды-
лау. Бастаған бұйымды талғамға сай аяқтау.
Дамытушылық: Ұмыт бола бастаған халқымыздың қолөнерін, ойма нақыш
әдісін жандандыру, оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей
білуге, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс тудыратын бұйым
жасап шығаруға үйрету.
Тәрбиелік: Жинақылыққа, икемділікке, әсемдікке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: жеке жұмыс, топпен жұмыс, интерактивті әдіс,
INSERT әдісі.
Сабақтың түрі: Сарамандық.және жинақтап-қорытындылау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Ойма-нақыш әдісімен жасалған бұйымдар, суреттер,
нұсқау картасы, тест, тірек сызбалар.
Құрал-жабдықтар: компьютер, магнитофон, мата, қайшы, ине, жіп,оймақ.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу,сызу, тарих, геометрия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылықты ояту).
- Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін.
«Сиқырлы саусақ»; «Алтын оймақ»; «Шеберлер»
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты халқымыздың қолөнерін, ойма-нақыш әдісімен бұйым жасауға байланысты теориялық және «Талаппен бастап, талғаммен аяқта» ұранымен бастаған жұмысымызды қорытындылау. Осыған байланысты сендерге бірнеше бағытта тапсырма беріледі.
а) Ойма –нақыш әдісі;
б) Сырмақ;
в) Сырмақ жасау технологиясы;
г) Ою- өрнектер.
(тапсыпмаларды үш топқа таратып беремін,)
ІІ. Білім –білікті қорытындылау (оқушы жауаптары)
- Ойма- нақыш әдісі – «Алтын оймақ» тобы
- Сырмақ – «Шеберлер» тобы
- Ою-өрнектер — «Сиқырлы саусақ» тобы
— Компьютерде COREL DRAW бағдарламасы бойынша ою
құрастырып шығару — (әр топ )
— Сырмақ жасау технологиясы — (бірнеше оқушы талдау жасайды.)
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
а) Нұсқау картасының мазмұнымен таныстыру, тарапып беру, тігу жолын
көрсетемін..
б) Қауіпсіздік ережесі
«Ою таңдау»
(Компьютерден ою таңдау, оюдың екінші бетінде не ине, не қайшының суреттері жасырылған, қайсысы ашылады соған байланысты ереже қайталанады).
(Сарамандық жұмыс кезінде музыка баяу ойнап тұрады).
Ү. Қорытынды
а) Тест
- Мата, киіз, терібетін жіппен, зермен, маржанмен әшекейлейтін қолданбалы өнер.
а) тоқу б) кесте в) зергерлік
- Алмаши қай елдің ғалымы?
а) Англия б) Белгия в) Венгрия
- Бұрын ойма-нақыш әдісімен қандай бұйым жасалған?
а) сырмақ б) алаша в) қоржын
- Көлемі жағынан сырмақ нешеге бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 4
- «Мүйіз», «табан» оюы ою-өрнектің қай тобына жатады?
а) космогиялық б) зооморфтық в) геометриялық
- Сырмақ сыруда жиі қолданылатын ою?
а) қошқар мүйіз б) сынық мүйіз в) сыңар мүйіз
- Ақмола облысында сырмақты қалай атайды?
а) «сырдақ» б) «бітпес» в) «откиіз»
- Ою шетіне жиек бастыру жолымен жасалған сырмақ қалай аталады?
а) төсеніш сырмақ б) оталды сырмақ в) дебіске сырмақ
- Инкрустация техникасын қазақша қалай атайды?
а) ойма-нақыш әдісі б) ою-өрнек әдісі в) сырып тігу әдісі
- Сырмақты жасау үшін не қажет?
а) тері б) киіз в) былғары.
Дұрыс жауаптар: 1-б; 2-в; 3-а; 4-в; 5-б; 6-а; 7- б; 8-в; 9-а; 10- б
б) INSERT әдісі:
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді.
Сырмақ түрлері, Ойма-нақыш әдісімен Киіз басу техникасын,
ою-өрнек туралы, бұйым жасау, жүн бояу жолдарын,
киізді неден сырмақ тігу, боялған жүннің
жасайтынын ою оюды үйрендік қасиеттерін
ҮІ. Бағалау
а) Топ жетекшілері бағалау парағына өз тобындағы балаларды бағалап
бағасын хабарлайды.
б) Сарамандық жұмыстарды, топ жетекшілерінің бағаларына талдау жасап
қорытынды баға шығару салыстырып бағалау.
Бағалау парағы
Пәні__________ Сынып _________ Күні__________
Жұмыс мазмұны
Оқушының аты жөні | Теориялық білім | Сарамандық жұмыс | Тест сұрақтары | Ұпай саны | Баға |
ҮІІ. Үйге тапсырма.