Параллелограмның белгілері

 

Тақырыбы: Параллелограмның белгілері

Мақсаты:     Есеп шығарғанда  параллелограмның  белгілерін орынды қолдана білу.

 

Сабақтың типі : білімді қайталау , бекіту сабағы.

           

   Оқытудың әдіс-тәсілі : жеке-дара , топпен жұмыс.

 

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: оқулық , кестелер.

 

Сабақтың барысы

І.   Ұйымдастыру кезеңі

а) сабақтың мақсатын қою

ә)оқушылардың білім,білігі

Оқушыларды топқа бөлу.

Төртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция фигураларын таңдап алып, оқушылар  4 топқа бөлінеді.

 

ІІ.   Өткенді қайталау  және оны бекіту.

Сұрақ-жауап, параллелограмның негізгі қасиеттерін қайталау, еске түсіру. Әр оқушы жауаптарын айтады.

 

ІІІ.  Бекіту жаттығулары

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды, жұппен ақылдасады,  кейін топ арасында талдайды.

 

1. Параллелограмның  бір бұрышы 350 . Қалған бұрыштарын есептеңдер.

2. АВСД   параллелограмында А бұрышының биссектрисасы ВС қабырғасын О нүктесінде қиып өтеді. АВ  13 дм.  және АД   17 дм.  деп алып, ВО және ОС кесінділерінің ұзындықтарын есептеңдер.

3. Параллелограмның  бір бұрышы 350 . Қалған бұрыштарын есептеңдер.

4. Параллелограмның екі қабырғасының қосындысы 15 см. , ал олардың қатынасы 3:2 . Параллелограмның қабырғалары неге тең?

Қосымша тапсырма:

5. Параллелограмның бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны 10 см   және 4см  кесінділерге бөледі. Параллелограмның периметрін табыңдар.

Әр топ өз жұмыстарының қорытындысын плакатқа ортақ шешімін шығарып, тақтада түсіндіріп, қорғайды.

ІV.  Өтілген сабақты қорытындылау

Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

V.   Үйге тапсырма,бағалау

п.2 , 8-10бет оқу. № 21,22

VІ.  Рефлексия(ой елегінен өткізу)

Стикерлерге өз ойларын білдіріп, тақтадағы  «ағашқа» жапсыру.