Ағаш желімдерінің түрлері.

   Қарағанды облысы

                           Сәтбаев қаласы                                

                           №7 Жалпы орта білім беретін мектебі

                           «Бейнелеу өнері, сызу және технология» пәнінің мұғалімі 

                           Жоғары санатты ұстаз

Жаманов Ербол Тұрарұлы

 

                                                         Технология

7 – сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Ағаш желімдерінің түрлері.

 

Сабақтың мақсаты:

                      Білімділік: желім түрлері және оның алынатын технологиясымен

                                          танысу.

                     Тәрбиелік: оқушылар тақырыпты тыңдар кезінде тұрақты зейінділікке,

                                         жұмысты орындау кезінде дәлдікке, желімдеп жасап отырған    

                                         бұйымға ілтипатпен қарауға тәрбиелеу.

                  Дамытушылық: желім түрлерін тани білу және желімді даярлау дағдысын 

                                         қалыптастыру, ойлау қабілетін қалыптастыру, ойлау 

                                         қабілетін дамыту.

Көрнекі құралдары:

  1. Сабақ жоспары жазылған плакат.
  2. Желім түрлері туралы плакат.
  3. Сөздік жазылған плакат.
  4. Желім жасауда падаланатын заттар.
  5. Желімдеу үшін, әкелінген заттар, оқушылар дайындаған бұйым бөлшектерінің заттары.

Пән аралық байланыс:

  1. Тарихпен (халқымыздың мал шаруашылығымен айналысуы).
  2. Биологиямен (мал туралы).
  3. Бейнелеу өнерімен (ою — өрнек).
  4. Химиямен (желімді жасау).
  5. Орыс тілі (казейн, синтетика т.б.).

 

Сабақтың әдісі: Түрлі плакаттармен түсіндіріп, сұрақ – жауап, бааяндау,  

                               шығармашылық жұмыс, үлестірмелер. (өз бетінше).

 

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

(оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, шеберхана тазалығын тексеру)

 

 

 

 

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

                                        

                                         Ағаш бөлшектерін желімдеу.

                                      (үлестірмелермен жұмыс істеу)

  1. Желіммен құрастырып бекіту қалай жүргізіледі ?
  2. Ағаш материалдарын қалай үнемдейді ?
  3. Бөлшектерді желімдеп құрастыру қалай болады ?
  4. Ағаш бөлшектерін құрастырып желімдеудің артықшылығы неде ?
  5. Ою — өрнектер неше түрге бөлінеді ?

 

ІІІ. Қорытынды:

                 Мұғалім: — Дұрыс балалар ағаш бөлшектерін желімдеу туралы тақырыпқа

                                     жақсы дайындалғансыңдар.

                                     Желіммен қалай құрастырып – бекіту керек екендігін, ағаштың    

                                     қысқа қиындылары мен қалдықтарын бір – біріне желімдеп

                                     жабыстыру арқылы материалдарды едәуір мөлшерде үнемдеуге 

                                     болатынын біз білдік. Енді бүгін жаңа сабағымызда осы желімге

                                     байланысты болады.

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:

 

  1. Ағаш бөлшектердің желімдеудің түрлері:

                               а). Мал өнімдерінен алынатын – табиғи желім.

                              ә). Синтетикалық яғни жасанды желім.

 

  1. Табиғи желім түрлері;

                             (шел желімі, мүйіз желімі).

 

  1. Желімдердің жасалуы;

 

  1. Синтетикалық яғни жасанды желімдер;

                                  (ПВА желімі, БФ – 2 желімі, нитро желімі).

 

  1. Синтетикалық желіммен жұмыс.

  

    Мұғалім: — Біз өткен сабақтан бастап желім, ағаш бөлшектерін желімдеу деп жатырмыз.  Желімді қалай жасайды, қандай түрлері бар деп тоқталмақпын. Біздің ата – бабамыз яғни, қазақ халқының өмірінде мал шаруашылығының пайдасы, маңызы бар. Ашыққанда ас болған да, шөлдегенде сусын болған да, тоңғанда киім болған да, үй болғанда да – бәрі малдың арқасы. Тіпті қазір сөз еткелі отырған желімнің өзінде халқымыз малдан алған.

 

Желімдер негізінен екі түрге бөлінеді;

            (плакаттан көрсету)

  1. Мал өнімінен алынған табиғи желімдер.
  2. Синтетикалық яғни жасанды желім.

 

  Бұрынғы ағаш шеберлері желімді өздері жасаған.  Ағаш бөлшектерін өңдеуге мал өнімдерінен жасалған ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казейн желімі қолданылады. Табиғи желім. Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Суға қоймалжың етіп қайнатылады. Қайнап жатқанда тұз қосуға, әк немесе бор қосуға болады. Бұл желім құрғақ түрінде болады, қыздыру арқылы дайындайды.

    Ал, малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін алуға болады. Бұны да,  алдымен минералды тұздарын жою үшін өңдеп алады. Содан кейін арнаулы ыдыста қайнатады. Осының нәтижесінде қоюланады. Оны қай-натқан кезде үнемі араластырып отыру керек. Бұл желім көбінесе ағаш шикі-затын желімдеуге арналған.

    Бұдан кейін тоқталатын табиғи желімнің түрі – казейн. Казейн желімі – сүт белоктарынан яғни, майы алынған сүзбеден жасалады. Әуелі сүтті ірітіп, оны қайнатып сүзбе алады, желімнің түсі ашық та, қошқыл да бола береді.

Оны сатуға ұнтақ түрінде беріледі. Сатып алғанда шірік иісі шықпау керек. Казейн желімінің бір кемшілігі онымен ағаш бұйымдарын жапсырғанда, түсін өзгертіп, қарайтып жібереді. Сондықтан казейн желімі шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды ғана желімдеу керек.

Казейн желімін жасау үшін, сүттен алынған минералды тұз керосин, тотияйын, цемент қоспасы, борды қосып араластырып белгілі бір ыдысқа суға араласты-рып қайнатылады. Содан пайда болған қоспаны құрғатып, кептіріп, үгіп – үгіп ұнтақ желім жасайды. Ал, пайдаланарда үй температурасындағыдай суға тұз  немесе мүсәтір спиртін қосып араластырады. Ешқандай түйіршік болмау керек, қаймақтың қоюлығындай – ақ, сұрғылттау, күлгіндеу болғанда пайдалануға болады, 3 – 7 сағатқа дейін тұрса пайдалануға жарамайды. Желімдейтін бұйымды алдын – ала дайындап бірден жағу керек.

Казейн желімі ағаштан жасалған бұйымды қарайтып, түсін өзгертіп жібереді, сондықтан шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды пайдалану керек. Өңдіріс те тақта түріндегі желімдерде кездеседі. Оны пайдаланғанда ұсақтап – ұнтақтап сумен араластыру арқылы пайдаланады.

    Ал, енді синтетикалық желімге тоқталатын болсақ, суға төзімді, қара күйе, микробтар бүлдіре алмайды.

    Синтетикалық желімдермен жұмыс жасағанда, оқтын – оқтын есік ашып отыру керек, дұрыс ашық алаңда жұмыс істеу керек.

   ПВА, нитрожелім, БФ-2, момент деген желімдер бар?

ПВА (Поливинилацетат желімі) ағашты, қағаз бұйымдарын, мақта т.б. шикізат-тарды желімдеуге пайдаланады. Сақтау мерзімі 6 ай.

Нитрожелім – дегеніміз нитроцеллюлоза мен шайырлардыдың органикалық еріткіштеріндегі ерітідісі. Ал, ағаш бөлшектерді бір – біріне жапыстыруға қолданыла қоймайды. Қайта ағашқа мата, тері жапсырғанда қолданады. Шайырлы желім қатарына МК-1, МК-60, МК-70, ВИАМ-6, ВИАМ-Ф-9, ВИАМ-3.

Ағашты жақсы желімдейді. «Марс»  желімімен ағашты, қағазды, тері, мата, металл, керамиканы желімдеуге болады.

«Феникс», «Момент» осы «Марс» желіміне ұқсас. БФ-2 сықпа түріндегісін пайдаланған дұрыс.

 

  1. Жаңа материалды пысықтау кезі:

 

  1. Желімнің қандай түрлері бар ? (табиғи, синететикалық желім).
  2. Мал өнімдерінен алынған желімді не дейді ? (табиғи).
  3. Табиғи желімдердің түрлері қандай ? (шел желім, сүйек желім, казейн).
  4. Сүйек желім қалай жасалады ?
  5. Шел желімі қалай болады ?
  6. Синтетикалық желім түрлерін ата ?
  7. Казейн қалай алынады?
  8. БФ – пен қалай, нені желімдеуге болады?               

   Сарамандық жұмыс.

   Ұлдар әкелген бұйымдарын желімдеу керек. Әр оқушы өз беттеріңше жұмыс 

   жасайды.

 

VІ. Жұмыс қорытындысын шығару:

 

VІІ. Оқушылардың жұмысын бағалау:

       (оқушыларға тиісті бағаларын қою).

 

 

VІІІ.Үйге тапсырма беру:

                                             «Желім түрлері»