«Ақ қонжық» үлгісін жасау тәсілін меңгерту;

Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу.

Сәтбаев қаласы.

«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ

Технология пәнінің мұғалімі.

 Абишева Нұрсауле Ибрагимовна

 

Сабақтың мақсаты: «Ақ қонжық» үлгісін жасау тәсілін меңгерту;

Дамытушылық: қолөнер түрін толық меңгере отырып, үлгі бойынша жұмыс істей білуге үйрету;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шеберлікке, еңбек сүйгіштікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құралдар: қағаз, қайшы, бор, ине, моншақ, мақта, қатырма қағаз.

Сабақтың түрі: аралас сабақ сарамандық жұмыс.

Сабақтың әдісі: түсіндіру топпен жұмыс, сөзжұмбақ шешу.

Пәнаралық байланыс: сызу, биология, экономика, әдебиет.

Көрнекілігі: жұмсақ ойыншықтар, буклеттер, қонжық үлгі сызбасы, нүсқау карта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Оқушылардың білімін тексеру. Үй тапсырмасын сұрау, сұраққа жауап беру арқылы өтетін сабақты бекіту.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе сөзбен бастау.

Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын шығару.

Суретте жалпы ақ қонжықтың пішіні көрсетілген. Ақ қонжық – ақ аюдың қонжығы. Ақ аюдың майы мен еті шипалы. Табиғатты қорғауда осындай жыртқыш аңды қорғап,  атуға, аулауға тиым салынған. Аюдың сегіз түрі бар  ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю, үлкен панда. Ақ аю Солтүстік мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 метрдей, ал салмағы 400-700  кг.Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұзда таймайды. Итбалықпен қоректенеді. Ақ аю 2 жылда бір балалайды. Қонжықтары енесімен бір жарым жылдай бірге жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітабына енгізілген 1976 жылы. Қалдық матадан жасалған «ақ қонжық» жұмсақ ойыншық ретінде балалардың ойнауына арналған. Оны барлық балалар мен ересектерде ұнатады. Әдемі тартымды тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан бұл жолы ақ қонжықтың үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жасаймыз.

Техникалық сарамандық жұмыс. Сарамандық жұмысты бастамас бұрын  қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталаймыз. Ақ қонжықтың  денесін аяқ, қолдарын қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін үлгіні қалдық матаға салып жекелеген дене мүшелерін қиямыз.

Көлемін үлгідегі мөлшерден бірер есе үлкейтіңкіреп алу керек. Оларды бірін-біріне тіккенде, ішкі бетінен кішкене тығыздық салуға келетін тесік қалдырамыз.тығыздыққа мақта немесе паралон, салуға болады. Осылайша әрбір дене пішімін келтіріп аламыз. Енді ақ қонжықтың көздерін моншақпен қондырып немесе жылтыр түйме тағып сәндеуге болады.

Сабақты қорыту.

1.Ақ қонжық жасауға қандай материал қажет?

2.Негізгі әшекейлік бөлшектерді қалай дайындаймыз?

3.Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреміз?

4.жасалған ақ қонжықты не мақсатқа пайдаланамыз.

Бүгін біз сендермен қалдық маталарды пайдалана отырып «Ақ қонжық» үлгісін жасадық. «Көз қорқақ, қол батыр» — деген атамыз қазақ. Қашанда ерінбей еңбек етсе, әдемі, әсем зат жасауға болады.