Тәуелсіздік белгілері
Тәуелсіздік белгілері
Тәрбие сағатының мақсаты:
оқушыларды Отанды сүюге,жерін,тарихын, тілін,дәстүрін жетік білу арқылы қастерлеуге,бәсекеге қабілетті, сауатты, егеменді елдің жастары болуға икемдеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:
- Компьютер, дербес теледидар, ДVД, ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті
- Слайдтар
- Кітаптар көрмесі
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері:
әңгімелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс, ой-пікір алмасу.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік белгілері» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық жүйеге ашық қарсылық көрсетті. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 24 жылдан асты. Сол үш күнде, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет тұтамыз. «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылады ғой елдікке»- деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.
16 декабря 1991 года был принят и в этот же день вступил в силу Конституционный Закон «О государственный независимости РК» В статье 1 Конституции РК Казахстан провозглашался независимым, демократическим и правовым государством. Территория Казахстана объявлялась целостной, неделимой и неприкосновенной. Сегодняшний Казахстан признал весь мир. Этот праздник считается символом свободы и независимости нашего государства.
1-оқушы:
Егемен болмай ел болмас,
Етек-жеңі кең болмас
Терезесі кең болмас,
Енді қазақ тең болмас.
Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығы
Есте қалар балдырған
Мұғалімнің сөзі: слайд «Қазақстан»
Ата-бабам арман еткен ежелден
Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен
Қазақстан тәуелсіз ел атанды,
Бірден оңай келмегенін білем мен- дегендей міне енді біздің Қазақстан тәуелсіз, егеменді, демократиялы,құқықты,әлеуметті,зайырлы, көп ұлтты, біртұтас, әлем таныған ел болды.
Отан, Отан сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем
1-оқушы:
Отан-тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан- өлең, Отан-жыр,
Көтер көкке ел даңқын.
2-оқушы:
Отан осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өсіп жас жалын
Оны ардақтап сүйе біл.
3-оқушы:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан-аудан, ауылың
Отан-өлкең астанаң
4-оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Жасыл жайлау, жаңа жолдар, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйімнен басталады
Мұғалімнің сөзі:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада әкем қолға ту алған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
«Менің елім» екі тілде (Қазақстан туралы баяндама)
Оқитын: Жевтнева Анна -11 сынып оқушысы
Мұғалімнің сөзі:Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
У каждого суверенного государства есть государственные символы. К ним относятся Флаг, Герб, Гимн. Граждане РК, живущие на территории Казахстана, должны уважать и почитать государственные символы.
1-оқушы:
Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
2- оқушы:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Слайд: ҚР елтаңбасы
3-оқушы:
Өзіңдікі- Туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да
Слайд: ҚР туы
Мұғалімнің сөзі:
Қазақстан,
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранмен айбатты.
«Мемлекеттік рәміздер» туралы шағын баяндама. Глазунова Анна-11 сынып
Мұғалімнің сөзі: ҚР Конституциясының 3 бабында биліктің бірден бір бастауы-халық деген.
3 статья Конституции РК гласит о том, что единственным источником государственной власти является народ.
Ең бірінші бақытым- Халқым менің,
Саған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтынан нарқым менің
«Көп ұлтты Қазақстан» (шағын баяндама)
Оқитын: Алехина Любовь 10 сынып
Мұғалімнің сөзі:
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.
Одним из символов суверинетета является язык. 7 статья в Конституции РК гласит о том,что казахский язык является государственным языком.
Ал екінші бақытым-Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілемдедім
Кей кезде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім
Слайд: Конституцияның- 7 бабы.
«Тіл туралы Заңның- 4 бабынан үзінді»
«Менің тілім» (Қазақ тілі туралы қысқаша баяндама)
Оқитын: Тиышбаев Райымбек 7 сынып
Мұғалімнің сөзі: Қазақстан халқын ортақ тарихи тағдыр біріктірген, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұратттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жауапкершілік сезіммен Конституция қабылданды.
Народ Казахстана, созидая государственность на исконно казахской земле, провозглашая себя миролюбивым гражданским обществом, исходя из своего права на суверенитет, приняли Конституцию. Главный Закон страны -Конституция Республики Казахстан
Елдің бас заңы-ҚР Конституциясы
Ата Заң………(Конституция туралы қысқаша баяндама)
Оқитын: Құсайнова Алмагүл 10 сынып
Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі күні Қазақстанымыздың беделі өскен ел деп мақтанышпен айтуға болады. «Ел-Елбасына тірек, Елбасы-елге қалқан». Қазақстан бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарқынды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тағдырын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тұғыры. Тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н.Ә. Назарбаев осындай тұлға.
Смысл термина «Елбасы» многогранен. Это значит, что он является не просто руководителем страны, предводителем общества, а основателем страны и Первым Президентом. В историй казахстанской земли понятие «Елбасы» вечно созвучно с именем великого сына нации, Первого Президента Казахстана Н.А.Назарбаева. Н.А.Назарбаев – национальный лидер.
Слайд: Н.Ә. Назарбаев «Менің Президентім» (Елбасының өмірбаянын баяндау)
Оқитын: Қарсақбаев Елдар 11- сынып
Мұғалімнің сөзі: Тәуелсіз Қазақстан айбары барша Қазақстандықтар айбынына айналған. ҚР астанасы-Астана қаласы. Қай елдің болса да, астанасының аты оны мемлекеттік рәмізі сияқты. Астана-XXI ғасырдың қаласы. Астана-жас қала. Астана –бас қала.
Суверенный Казахстан буквально с первых шагов своей независимости основал новую столицу, и это стало реальностью. Астана- город XXI века. Астана- молодой город. Астана- главный город страны. Сегодня весь мир говорит об Астане.
Слайд: Астана-символы Бәйтерек. «Астана тарихы» (шағын баяндама)
Оқитын: Қайыргелді Айжан 9 сынып
Мұғалімнің сөзі: Тәуелсіздік алғаннан кейін, Отан тәуелсіздігін, бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтау, егемендігін нығайту үшін Қазақстан өзінің Қарулы Күштерін құрды. «Ер елдің қалқаны» деген мақал бар. Біздің Қарулы Күштің сарбаздарының ұлттық рухы күшті, Отансүйгіш, Отанға адал, Қазақстандық патриотизмі берік.
После принятия независимости для сохранения мира и согласия и укрепления суверенитета Казахстан создал свои Вооруженные Силы. Наши воины сильны национальным духом, они патриоты своей Родины.
Слайд: «Отанға ант беру» «ҚР Қарулы Күштері» «Ұлттық ұлан» (шағын баяндама)
Оқитын: Попов Игорь 8 сынып
Мұғалімнің сөзі: Әрбір мемлекеттің өзіндік атрибуткасы болады. Сол атрибуткалардың бірі- ұлттық валюта. Тәуелсіз елдің экономикасын тұрақтандыру, экономикалық өсу мен экономикалық- қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз ету ұлттық валюта-Теңгенің рөлі айтарлықтай.
За 19 лет суверенности Казахстана Тенге стало одним из символов независимости государства, своебразной визитной карточкой страны.
Слайд: «Ұлттық теңге» «Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы» (қысқаша баяндама)
Оқитын: Мақұлбекова Ұлдана 10 сынып
Мұғалімнің сөзі: Балалар! «Тәуелсіздіктің белгісі» атты сабағымызға қорытынды жасайық. Қазақстан қандай мемлекет?
Слайд: Қазақстан қандай ел?
Қ- тәуелсіз-независимый
А-егеменді-суверенный
З-демократиялық-демократический
А-құқықты-прававое
Қ-әлеуметті- социальный
С-зайырлы- светское общество
Т- көп ұлтты- многонациональный
А-бір тұтас- унитарное
Н – бай-богатое
Әлем таныған
2) Қазақстанның астанасы қай қала?
3) Елбасы кім?
4) Қазақстанның рәміздерін ата?
5) Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?
6) Қазақстан ненің құрамына кіреді?
7) Қазақстан қандай ұйымға мүше болды?
8) Қазақстанда неше облыс бар?
9) Ел қорғаны кімдер?
10) Ұлттық валютаның туған күні?
11) ҚР әнұранының авторлары кім?
12) ҚР әнұранының мәтінінің әнін кім жазды?
13) ҚР туының авторы кім?
14) ҚР елтаңбасының авторы кім?
15) Мемлекеттік ресми белгілеріне не жатады?
Мұғалімнің сөзі: Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік
- Ел іші-алтын бесік
- Туған жердің ауасы да шипа
- Отаның берік болса, жауың алмайды.
- Отанды сүю- отбасынан басталады.
- Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің.
Қорытынды: Слайд «Қазақстан-2030»
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар!Елбасының «Қазақстан 2030» жолдауында «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында»,- деген. Ел ертеңгі-жастар. Яғни сіздер. XXI ғасыр Қазақстан жастарына үлкен талап қояды. Жоғарғы оқу орнын бітіру өте жауапкершілік. Бірақ ең бастысы- әр адам өз ісінің шебері болуы керек.Нарық экономикасы жастарды білікті маман болуды талап етеді. Мемлекеттік тілді жақсы білу керек, сондай-ақ өзіңнің туған халқының тарихы мен мәдениетін, салт- дәстүрін біліп, құрмет тұтуың керек. Қазіргі жастар бірнеше шет тілін үйренуде.Әрбір жас адам бірнеше мамандық игеру керек. Қазіргі нарық заңы осындай. Ендеше Қазақстан болашағы сіздердің қолыңызда!