Жануарлардан алынатын табиғи талшықтар. Жүн және жібек маталар. Маталардың қасиеттері.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардан алынатын табиғи талшықтар. Жүн және жібек маталар. Маталардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік :       Оқушыларға жібек және жүн маталары туралы түсінік беру,талшықтардың

құрамына   тоқталу, құрылымын    салыстыруға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік :   Шеберлікке, ептілікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: СТО жобасы,интерактивті тақта

Сабақтың көрнекілігі : плакаттар, маталар

Пән аралық байланыс: биология, химия,физика .

Сабақтың құрылымы:

          І.Қызығушылықты  ояту. Ассоцация  және топтастыру стратегияларын қолдану .Мақсаты: Өткенді еске алу.Ойлауды белсендіру,жаңа мәліметті игеруге дайындық.

 

 

 

табиғи                         жасанды                         зығыр

 

 

 

 

 

 

 

мақта                            жүн                               синтетика

 

 

            ІІ.  Мағынаны  ашу. ЖИГСО   стратегиясын  қолданудағы  мақсат : білімді кеңейту, ойымызды жүйелеу.

Класты 4-ке бөлемін.

І топ    жүн.

            ІІ топ     жібек.

           ІІІ топ талшықтың   құрамы.

           ІV топ  талшықтың   қасиеттері.

Оқушылар 4 топқа жетон арқылы бөлінеді.Топтарын  тауып болған соң, мәтін таратылады.Мәтінді оқуға 7 мин. беріледі . Оқығанда  мән беріп оқуы  ескертіледі .

        1-топ:     Табиғи  жүн  талшықтарын  алу үшін бұрын   мал -шаруашылығымен   шұғылданатын   Орта Азия, Закавказье, Украина, Сібір және Волга жағалауы  негізгі өңірлері саналатын.

Бұрынғы одақта  пайдаланылатын  жүннің  95-97%-і қойдың жүні.

Табиғи жүн қой ,ешкі, түйеден алынады. Жүн матаны көбінесе қой жүнінен жасайды,өйткені еліміздің  барлық бөлігі қой шаруашылығымен шұғылданады.

Қой жүнін арнайы қайшымен немесе машинкамен қырқады.Мұндай жүн алғашында өте қатты,кір,ұйпалақтанған  болады .Тоқыма  фабрикасына жөнелтпей тұрып,жүнді алғашқы өңдеуден өткізеді.Өңдеу жұмыстары  мыналардан тұрады: жүнді  сорттайды- талшықтарды асапасы бойынша іріктейді; қоқымдарынан тазалап ,түтеді, қопсытады,ыстық сабын сумен  жуады;арнайы машиналарда кептіреді.

Иіру фабрикаларында жүн  талшықтарынан жіп иіреді.

Талшықтарды өңдеп , мата алу үшін,механикаландырылған жабдықтар ,автоматтандырылған  станоктар мен машиналар қолданылады. Онда  тегістеуші, иіруші,  айналдырушы , ораушы, тоқымашы жұмыс істейді.

 

2-топ:  Табиғи жібектің –тұт, не еменнің жібек құртынан оралатын аса жіңішке жіп екендігі, бұл жіптердің ұзындығы 700-800 м,бірақ өте жіңішке болғандықтан 3-тен 8-ге дейін қабатталатыны ,қабатталған жіп «аршылмаған жібек »деп аталатыны түсіндіріледі. Мұнда да мүмкіншілігінше ,егер болса жібек құрты көрсетіледі, жібек те алғашқы өңдеуден өтеді, ерекшелігі, жібек құртының арам шөптерін өлтіру үшін жібек құрты буланады,ылғалын кетіру үшін ыстық ауадан өткізіліп,жібек  желімін кетіру үшін және буланады. Бірнеше қабат жібі бірге қабатталып,жібек орайтын фабрикада оралады.

 

 3-топ:Талшықтардың құрамы.

 

Матаның  сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты. Матаның сапасына талшықтың ұзындығы , жуандығы(жіңішкелігі), мықтылығы, жұмсақтығы, иірілуі секілді қасиеттері әсер етеді.Ұзын және жіңішке талшықтан жіңішке ,мықты,біркелкі жіп алады. Мұндай жіптен тоқылған мата  да жұқа , берік, тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді.

Матаның құрамы талшықтардың құрылысына, жіптерінің айқасуына және сәндік ерекшелігіне (бояу) байланысты.

 4-топ:Матаның қасиеттері

Матаның негізгі құрамына  физикалық-механикалық, гигениеналық және технологиялық қасиеттері кіреді.Бұл құрамдар бұйымның сәнін таңдағанда,өңдеуде ескеріледі.

Физикалық-механикалық құрамына  мықтылығы,қыртыстануы,төзімділігі жатады.

Матаның беріктігі талшықтың  мықтылығына , жіптің иірілуі мен тоқылуына байланысты.

Матаның қыртыстануы талшықтың серпімділігіне, саозылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты.

Матаның гигиеналық құрамы ауа өткізгіштігімен, жылу сақтағыштығымен,ылғал мен шаң өткізгіштігімен  ерекшеленеді. Мата қолдауына қарай тұрақты гигиеналық құрамдарға жауап беру керек.Мысалы,сырт киімге арналған маталардың әсіресе қыс мезгіліне жылу сақтағыш қасиеті жоғары болу керек.Іш киімдерге арналған маталар ауа мен ылғалды жақсы өткізеді.

Ылғал өткізгіштік –матаның қоршаған ортадан ылғалды   қабылдау   қабілеті.

Жылу сақтағыштық-адам денесінен бөлінген тұрақты жылуды сақтау,

Шаң өткізгіштік –матаның шаңды тез қабылдауы. Бұл қасиет көбінесе матаның оң бетінің тығыздығына байланысты. Егер матаның беті тегіс, тығыс болса, онда ол аз кірлейді. Неғұрлым бос,тесіктері көп болса, керісінше , кірлегіш келеді.

Матаның технологиялық құрамы тігін бұйымдарын дайындау кезінде байқалады.Ол матаның отыруы, тез сетінгіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы және ылғалды-жылумен өңдеуде пішінінің өзгеруі арқылы білінеді.

Матаның отыруы (шууы) –ылғалды-жылу өңдеуде, жуған кезде матаның өлшемі кішірейеді.

Матаның сетінеуі мен жіптің ыдырауы- жіптің серпімділігі  мен тегістігіне, жіптердің айқасуына байланысты. Мұндай қасиеттерді көбінесе денеге жабыстыра тігілетін киімдерде ескеру қажет.

Матаның құрылымын салыстыру

 

   Матаның құрылымы                    Маталар
         Жүн                        Жібек
1. Физикалық-механикалық қасиеті  

    Беріктігі

 

    Қыртыстануы

 

Мақта матадан     жоғары

 төмен                    

орташа                    жоғары

2. Гигиеналық қасиеті

   Ылғал өткізгіштігі

   Шаң өткізгіштігі

  Жылу сақтағыштығы

 

айтарлықтай                 айтарлықтай

жоғары                         төмен

жоғары                          мақта матадан сәл   

                                                жоғары

3. Технологиялық қасиеті

   Отыруы (шууы)

   Сетінеуі

    Жіптердің тігістер ыдырауы

 

айтарлықтан                     айтарлықтай

орташа                                орташа

орташа                             орташа

 

Уақыты болған соң, жанұяларына таратып, әр оқушы өздерінің оқып келген ақпараттарын жұппен — 2минут , топпен –5 минут ақпарат   алмастырады,талдайды.

Дәптерлеріне кесте толтырады

 

Негізгі түсінікҚосымша түсінік

 

Негізгі түсінікке — өздері алған білімдерінің негізгілерін жазады.Қосымшаға – топтан алған  ақпараттарын жазады.

Ортадан 1 оқушы шығып түсіндіреді.Алған мәліметтерін бекіту негізінде  төрт  топ бір-біріне жіңішке ( оңай), жуан ( қиын )сұрақтар қояды.

    Келесі « Ой толғаныс» этапында « Кластер»  стратегиясын  қолданудағы мақсат , жаңа сабақты бекіту.

Түрлері                                                                                   Құрамы

 

 

 

 

 

 

 

Қасиеттері                                                                                                   Құрылымы

Оқушыларды бағалап ,үйге тапсырма беру.Сабақ аяқталды.