ХХI – ғасыр көшбасшысы
Сабақтың тақырыбы: ХХI – ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жыл бойы өткен білімдерін тиянақтау. Ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын арттыру. Өз Отан дарын қорғайтын,саналы азамат болуға тәрбиелеу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
«Өмір деген көк мұхиттың толқыны
Бір-бірімен жатқан шулап,жалғасып
Бір-бірімен жатқан тулап,арбасып
О,толқындар,арпалысып алға шық
Өмір деген мәңгі гүлдер жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі» — деп Төлеген Айбергенов ағамыз жыр лағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін біздің сыныбымызда «ХХІ – ғасыр көшбас шысы» сайысы өткелі отыр.
Шақырамыз,келіңдер жарысуға
Күш,өнер,білімменен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанеки,кім шығады сайысуға
Сайыскерлерді ортаға шақыру.
Сайысымыздың алғашқы бөлімі – «Бәйге».
Бұл бқлім бойынша сайысқа қатысушы оқушыларға сұрақтар қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І бөлім – Бәйге
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл
- Зат есім дегеніміз не?
- Әліппенің атасы кім?
- Президенттің тікелей қарамағындағы әскер тобы қалай аталады?
- «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы кім?
- Сан есім дегеніміз не?
- Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты?
- Сын есім дегеніміз не?
- Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
- Етістік дегеніміз не?
- Мәтін дегеніміз не?
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
- Топырақтың тау жыныстарынан айырмашылығы неде?
- Ең кіші үш таңбалы санды ата
- Екі тәулікте неше сағат бар?
І – бөлімді қорытындылай келе осы бөлім бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта кетейік.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, — дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл — өнер». Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе мақал – мәтелдерден сөз жасырылады.Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын дұрыс тауып,үш тілде айту керек. Жауабын дұрыс тауып,үш тілге аударса 30 ұпай,екі тілдегі аудар маға 20 ұпай,ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие боласыңдар.
ІІ бөлім – Тіл — өнер
- Жұт жеті ағайынды( жеті – семь – seven)
- Екі қолға бір күрек ( бір – один – one)
- Өнер алды – қызыл тіл ( қызыл – красный – red)
- Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді ( қалам – ручка – pen)
- Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады ( пияз – лук- onion)
- Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады ( қар – снег – snow)
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап тек отыру жараса ма?
Туыс,досқа,сыныптас,танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос,соға берме
Ойсыз,соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп,сұрақ – жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бар жеңіске , — дей отырып сайысымыздың келесі бөлі міне көшейік.Сайысымыздың келесі бөлімі «Қасиетті тоғыздық». Бұл бөлім де әр түрлі есептер беріледі.Осы бөлімнен кейін ұпайы аз оқушылармен қош тасамыз. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
ІІІ бөлім – Қасиетті тоғыздық
1.Шығармақ боп кеше есеп
Жиналғанды бес есек
Үшеуі ұйықтап отырды
Сонда естісі неше есек?
2.Он бір түйе,бес жылқы
Екі сиыр,бір ешкі
Екі қоян,үш түлкі
Таба алмасаң,бол күлкі
- Алшаға кеп күнара
Қонушы еді бір ара
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?
- Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане,кім тез шешеді?
- 4 жұмыртқа 4 минутта піседі
Әр жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
- Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ,қара қып бөлгенде
Бірін – бірі қуғындар
Ханы үшін де,жаны үшін де
Бермейді олар намысын
7.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса,бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
- Бір балық,екі ешкі,үш үкі,төрт түлкі,алты арғымақ.
Ауызша қосып шық.
9.Қырық күн тамақ ішпейтін кезең
ІҮ бөлім – Жанды сұрақтар
- Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
А) тұрлаусыз мүше
Ә)тұрлаулы мүше
Б) анықтауыш мүше
- Сөйлем нелерден құралады?
А) дыбыс
Ә) буын
Б) сөз
3.Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді?
А) дем алуымен
Ә) Ойлай,сөйлей алатындығымен
- Қағаз неден жасалады?
А) ағаштан
Ә) мақтадан
Б) ермексаздан
- Заттың салмағы немен өлшенеді?
А) сантиметрмен
Ә) килограммен
Б) метрмен
Ү бөлім – Жорға
- Зат есім сұрақтарын ата
- Әліппенің атасы кім?
- 1986 ж.құрбан болғанқазақтың батыр қызы кім?
- Қоректі тереңнен тартатын тамырды ата
- Ең үлкенүш таңбалы сан
- Каспий теңізінде не өндіріледі?
- Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры
- Бір ғасырда неше жыл бар?
- Адам денесінің негізгі тірегі
- Ең кіші үш таңбалы сан
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Шаршының ауданын қалай табамыз?
- Көкжиек тұсын анықтайтын құрал
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Еліміздің рәміздерін ата
- Болымсыз етістікке мысал келтір
- Түбір сөзге алдымен не жалғанады?
- Жалаң сөйлем дегеніміз не?
- Бір айда неше күн бар?
Қорытынды. Ең жоғары ұпай жинаған оқушыға «ХХІ – ғасыр көшбас шысы» атағын беріп,марапаттау.