Кене энцефалиті
Тақырыбы: Кене энцефалиті
Мақсаты: Өмір қауіпсіздігіне байланысты оқушыларды зиянды жәндіктерден, атап айтқанда, қырым қанды безгегінен сақтандыру, зиянды жақтарын, өорғану жолдарын түсіндіру.
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: әңгімелеу
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) түгелдеу
ә) сабаққа назар аударту
ІІ. Кіріспе
Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді.Қоздырушы тоговирус тобына жатады, өлшемі 45-40нм, құрамы антиген В, РНК бар. Көктем, жаз айларында табиғатта кездесетін кенелердің шаққанынан жұғады.Кене адамды шаққанда вирус ағзаға еніп, бірден нерв тінін-клеткасын зақымдайды.Содан ары орталық нерв жүйесіне үлкен өзгерістер туғызады.
Кене энцефалитінің белгілері, өрбуі. Жасырын кезеңі 8-23 күн (көбінесе 12 күн). Негізгі белгісі қызба, ми мен нерв жүйесінің шектелген бөлігін зақымдайды. Ауру жедел басталады. Кейде науқастың әлсізденіп, басы ауырып, лоқсып, ұйқысы қашып, мазасызданады. Ауру аяқ, мойын еттерінде әлсіздік сезініп, беті және мойны жансызданады.
Қызуы 39-40 градус көтеріліп, 2-10 күнге созылады. Мойын етінің қатаюы, Кернинг, Брудзинский белгілері айқындалады. Кейде ауру жеңіл де өтуі мүмкін.
Диагноз кененің шаққан орны немесе кенені теріден шығарып алынған белгілер бойынша қойылады. Зақымдану белгілері анықталады. Зертханада РСК, РПГА жасалынады, оның қорытындылары диагнозды толықтыра түседі. Кене энцефалиті қауіпті ауру, ұзақ емдеуді керек етеді. Алғаш науқасқа барлық жағдай жасап энцефалитке қарсы гамма-глобулин егіледі.Аурудың өрбуіне қарай барлық зақымданған органдарға ем қолданылады. Аурудың алдын алуда, шаққан кенені денеден алып, тіркеуге невропатолог маманына жіберіп, сонда кене энцефалитіне гамма-глобулин жасайды және бақылауда болады. Егер сіз табиғатта болсаңыз және үстіңізден кенені байқасаңыз, абыржымаңыз.
Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген. Кенеден келетін кеселден сақ болыңыз! Қызылорда облысында Қырым қанды қызбасынан екі кісі қайтыс болса, оңтүстікте санитар мамандардың жинаған 4329 кенесінің біреуі оң нәтеже көрсеткен. Бұл әлі де болса қауіп күшті екендігін көрсетеді. Оның үстіне биыл кене шаққан азаматтардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Ал ветеринар мамандар кенеге қарсы күресті биыл кеш бастапты.
ОҚО бойынша кенеге таланғандардан Шымкент қаласы көш басында. Бүгінге дейін 50 жерлесімізді кене шаққан. Ордабасы ауданында да кене шағу оқиғалары тым көбейіп кеткен.Мамандар Шымкенте кенелер белсенділігінің артуы қалада залалсыздандыру жүмыстарының кеш басталғанынан деп отыр.
Облыс аудандарында кенеменен күрес наурыздың 26 жұлдызында басталса, ауа райын желеу еткен шымкенттіктер сәуірді күтіп жүріп қалыпты.Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген. Өткен жылы ол 114 болған екен. Қазір мамандар жаппай кене теріп, қай ауданда ауру тарататын жәндіктердің таралғанын анықтап жатыр. Әзірге Жетісай қаласынан әкелінген кененің Қырым қанды безгегін таратушы екені анықталды.Дәрігерлер әр мал басын залалсыздандырудан өткізіп, аурудан аулақ болу керектігін ескертіп жүр.
Облыс бойынша ірі қараны бүрку 15 қораға іргелес аумақтар 20 пайызға орындалса, үсақ малдарды тоқыту бар болғаны бір пайыз. Ол дегеніміз әлі де болса кенеден қорғанудың қажеттігін көрсетеді.
Осы шараға 400 млн теңге бөлген үкіметтегілер қора-қопса мен оған жапсарлас аумақтардың көлемін де көбейткен. Мақсат қауіпті кеселден қорғану.
Оңтүстік Қазақстанда 168 адамды кене шаққан. Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өңірдегі департаменті ұсынған мәліметтерге сәйкес, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен үш есе артық көрінеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кенелердің көп тарау кезеңі сәуір-мамыр айларына тұспа-тұс келеді. Ал биыл облыста кенеден залалсыздандыру жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 15 күнге кеш басталғалы отыр.
Естеріңізде болса, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан үш адам көз жұмған болатын.
Сыр бойындағы Конго-Қырым қанды безгегі шығуы ықтимал елді мекендер саны 98-ге жетті
Қызылорда облысында да Конго-Қырым қанды безгегі тағы да бұрқ ете қалатын түрі бар. Қазір аймақта аталмыш індеттің табиғи ошағы көбейе түсті.
Былтыр Сыр бойындағы 73 елді мекен осындай қауіптің ошағы саналса, биыл мұндай аумақтардың саны 98-ге жетіп жығылып отыр. Облыстағы Шиелі, Жаңақорған және Арал аудандарында осы аса қауіпті қансорғыш жәндік тұқымы ертеден көптеп таралғаны айғақ болып келеді.Биыл сонымен бірге Қырым қанды безгегін тасымалдайтын кенелер саны 30 пайызға күрт өскені
Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегіне шалдығу оқиғасы тіркелді.
Ауру белгісі байқалған Жаңақорған ауданы Жайылма ауылының 44 жасар тұрғыны дереу оқшауландырылды. Дәрігерлер науқастың жағдайын орта деңгйде екендігін айтуда. Қанды безгек жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған 18 адам медицина мамандарының бақылауына алынды. Олардың қатарында 5 бала бар.