Қазақстан менің жүрегімде!
Тақырыбы: Қазақстан менің жүрегімде!
Мақсаты:Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Жүрегінде патриоттық сезімдерін ояту. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:инетерактивті тақта, айналмалы барабан, сыйлықтар, шарлар, таблолар
Тәрбие сағатының әдісі: 5-ші сынып оқушыларына арналған сайыс
Тәрбие сағатының түрі: таңғажайып алаңы
Өтетін орны: мәжіліс залы
Барысы:Сайыс үш айналымнан тұрады. Әр айналымға үш ойыншыдан шығады. Айналымның ойнышылары кезекпен толық жауапты тапқанша әріптерді айтады. Үш әріпті бірден шешкен ойыншыға екі сандықша әкелінеді. Ол сандықшаның бірінде бағалы сыйлық болады. Үш айналымның жеңімпаздары ақтық айналымға шығады. Одан шыққан жеңімпазға супер ойынды ойнауға таңдау еркі беріледі. Ал барлық айналым бойынша жинаған ұпайларына қарай сыйлықтар тізімінен өз қалағанын таңдап ала алады. Сайыс барысын қосалқы жеңілдіктер бар.
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және білім құштар оқушылар! Бүгінгі біздің«Қазақстан менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңына қош келдіңіздер!
Қазақ туған елін, жерін алтын бесігім деп, дүниедегі байлық атаулының бәрінен де жоғары бағалаған, елін адал перзенттік ыстық жүрекпен сүйген, жырақта жүрсе туған жердің топырағын бір иіскеуді, кең жазира төсінде белін шешіп, армансыз бір аунауды аңсайтын халық.
Кең дала, көресің ғой, анау жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол, анам еді мені тапқан! – деп туған жердің өзінің адал перзенті үшін қаншалықты қымбат, қандай ыстық екендігін ақын Мағжан Жұмабаевтың осы бір шумақ өлеңінен аңғарамыз. Олай болса ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, толыққанды ел қатарына қосылдық. Енді өзіміз шын қазақ екенімізді, туған Отанымыздың шын патриоты екенімізді сөзбен ғана емес, тындырымды ісімізбен, еселі еңбегімізбен көрсетейік. (С.Б. Дорженов «Инабаттылық иірімдері» 11-бет)
Ал ендеше ортаға бірінші айналымның ойыншыларын шақырайық. (үш ойыншы ойын алаңына жайғасады, таныстырылады)
Жүргізуші:
Барабанды айналдыруға рұқсат.барабан айналғанша бірінші айналымның сұрағымен таныс болыңыздар:
«Қазақстан» дейтін Отан – Анамыздың Елтаңбасының авторы кім? (Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота — Аман Уәлиханов)
Жүргізуші:
«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр», — деп елбасымыз айтқандай ортаға екінші айналымның ойыншыларын шақырайық.(«Орталық Қазақстан» №207-208 басылым 1-бет)
Екінші айнлымның сұрағы:
Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
Жүргізуші:
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып
( www.zharar.com/kz/tarbie/1017-strategiya_2050l)
Үшінші айналымның ойыншыларынойын алаңына қошеметпен шақырайық.
Үшінші айналымның сұрағы:
Елбасымыз еліміздегі қай селода дүниеге келген? (Шамалған)
Жүргізуші:
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін» және Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім – тасқа ойылған нақыш» деген екен. Сондықтан біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз.
Ал енді ортаға ақтық айналымныңойыншыларын шақырайық.
Ақтық айналының сұрағы:
1995 жылы 15-қараша айналымға енген теңгеміздің 50 теңгесінде кім бейнеленген еді? (Әбілқайыр хан)
Жүргізуші:
Супер ойын
Бұл ойыннаң ерекшелігі үш сұрақтан турады. Үш сұраққа да жауап берсе «супер ойын» жеңімпазы атанады және жүлделі сыйлыққа ие болады.
Супер ойынның сұрақтары:
Көлденең: Әлемдік сөзінің синонимі? (жаһандық)
Солдан оңға қарай: Ата-ана кімді тәрбиелейді? (бала)
Оңнан солға қарай:Тіл дамуы сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
Жүргізуші:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев :
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» — деп айтқандай,
Байтақ дала жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
Олай болса, бүгінгі «Қазақстан менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңын көріп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!