Нашақорлық және құқық бұзушылық

Тақырыбы:  Нашақорлық  және  құқық  бұзушылық

Мақсаты  1. Есірткі  заттарының, ішімдік  ішу  мен  темекі  тартдың

жас  ағзаға  тигізер  зиянды  әсері, өкінішке  ұрындырар,

келешек  өмірлеріне  келтірер  кесапаты  туралы  түсінік

беру.

  1. Зиянды әдеттерден  аулақ  болып, өзін де, өзгені  де

зиянды  әдеттердің  қасіретінен  қорғай  білуге, салауатты

өмір   сүре  білуге  ат  салысуға тәрбиелеу

  1. Осы жаман  әдеттердің  зиянын  білімділікпен  түсініп,

өз  беттерінше  қортындылай  білуге, олардан  сақтану

жолдарын  дұрыс  таңдап, салауатты  өмір  құрудың

маңызын  түсіне  білуге  бағыттау

Ұраны:     «Ауырып  ем  іздегенше , ауырмайтын  жол  ізде»

«Есірткіден    есіруді  көздегенше, салауатты  салтымыздан

қол  үзбе»

Пәнаралық  байланыс: медицина, биология, құқық  негіздері, тарих

Көрнекілігі: ЭҚ «Есірткі -9»,суреттер, магнитафон, қоңырау,қанатты  сөздер

Түрі: брифинг

Әдісі: тренинг, пікірталас, кездесу

 

Жүру   барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушыларды   2  топқа  бөліп  отырғызу

 

1І.Ой  қозғау

Екі   топқа  да ортақ  бір  сұрақ  қою, оған  жауап  алу.

Салауатты  өмірге   қандай  әрекеттер  кері  ықпалын  тигізеді  деп  ойлайсыз?   (слайд №2)

Темекі
Нашақорлық

 

 

 

Ішімдік
Уақытты  тиімді  пайдаланбау
Күн  режимін  сақтамау

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Олай  болса, балалар   бүгінгі  ашық  тәрбие  сағатымыздың  тақырыбы: «Нашақорлық  және құқық  бұзушылық» . (слайд №4) Бүгінгі  айтарымыз да, тыңдарымыз да  осы  тақырып  төңірегінде   болмақ.  Қазір  барлығымыз  «Қазақстан  Республикасының  Президентінің  телерадиокомплексінде »  жасалған  «Ажал  транзит»  бейнефильімінен  үзінді  көрейік. (слайд №5)

 

ІV. Ал, жақсы  балалар  бұл  бейнефильм  не  жайында  екен?

(Фильм  наркобизнес   пен  наркомафияға  қарсы  күрес  жайында. ХХ  ғасырда  адам  баласының   басына  төнген  аса қауіпті  эпидемия – нашақорлық  қанатын  кең  жайды. Оның  ауқымды  мөлшері  әрлі – берлі  Қазақстан  арқылы  өтеді. Бұл  залалдан  құтылатын  ем, жол  қайды? )

  1. «Білгім келеді …» (слайд №6)

Осы  дерт  туралы, оның  келтірер  залалы, емделу  жолы  бар ма, апарар  жолы  қандай  деген  сауалдарға  жауап  алу  үшін  бүгін  сендерге  денсаулық  сақтау  орталығының  бас дәрігері  Досмұнанбетов  Ерсайын  мырза  мен  заңгер, адвокат, мектептің

ата – аналар  кеңесінің  төрайымы  Сапарова Ұлмекен  ханымды  кездесуге  шақырған  едік. «Алтын  уақыттарын»  бөліп, сендермен кездесуге   келгендеріне  көп – көп  рахмет  айта  отырып,ендігі  сөз  кезегі  өздеріңізге беріледі.

 

VІ. «Қоғамымыздың  дамуына  жат  қылықтар»  атты  оқушылардың  дайындаған  поэтикалық  қойылымын  тамашалайық. (слайд №7,8,9,10)

Х.Колумб

— 1496  жылы  мұхитан  өтіп, арал  жасғасына  шыққан  соң  жартылай  жалаңаш  адамдардың  қолдарына  жанған  шала  ұастап,  оны  мезгіл – мезгіл  түтіндетіп, жарқ – жұрқ еткізіп  келе  жатқанын  көрдік, ал  жақындағанда   олардың  екінші   қолдарында   бір  өсімдіктің  жапырағы  бар  екенін  байқадық та, елімізге  алып  келіп, ғажайып  өсімдікті  егуді  ұйғардық. Біздің  Испанияда  бұл өсімдік  әдемілікке, сәндікке өсірілсе,кейіннен  бүкіл   Европаны  оба  жайлағанда  халықтың  есін  жидырып, тыныштандыру  үшін дәрі – дәрмектің  жоғынан  осы  өсімдікті  дәрі   ретінде  пайдалана  бастады. Сол  алданыш  болған  өсімдік  осы   темекі   еді.

Михаил  Романов

  • Ал 1634  жылы  шылым  шегушілердің  кеселінен  бүкіл  Москваның  өрт құшағында, ұмытылмас қайғыға  ұшырағандығынан  мен  үкім  шығардым.

Екатерина 

— Ал  мен  орыс   жерінде  бұл  өсімдіктің  өсуіне  келісім  бердім, әуелі  әдейі  өсірілуін  қадағалап  отырдым. Сөйтіп, Ресей  елі  де  көңіл  ашар  тауып, рақат  сезімге  бөленді.

Петр І

— Қайдағы  зиян ! Темекі  деген  халқының  қиын   тұрмысын  ұмыттыратын, жайбарақат  бір  сезімге  бөлейтін  ерекше  зат  қой  шіркін?!

Сот:

Тынышталыңдар! (қоңырау  қағып).Сот  алқасы   кеңесуге  шақырады.

Автор:

Ал,қымбатты  бүгінгі  сот  сабағының  куәсі   болып  отырған патша  ағзамдардың   білместігінің    кеселі  бүгінгі  өз   ұрпағымыздың  да  бітпес  бітеу жарасы  болып  отырғаннан  сіздерді   хабардар  етейік.

Анау  тұрған   есірткілерді  темекіге  қосып  сатқан  өзбек ; келесі  екеуі  есірткінің  кесірінен  анаға  деген   аяулы  сезімінен  айырылған  ұл  мен  зар  еңіреп   жалғыз   ұлын  көргісі де  келмейтіндей   аңырап  қалған  байғұс  ана;ал  анау  шетте  тұрған  өгей  әке   екі  баласын  бірдей  өзімен  бірге   үйінен бастап, бүкіл  ауылды  өртеп   жіберген  арақтан  азған  азғын.

Хатшы:   — Тұрыңыздар,  сот  келеді.

Сот

  • Ал, қымбатты патша  ағзамдар! Кінәлі  болсаңыздар да , болмасаңыздар да   өздеріңіз бастаған  істің  жалғасының  бүкіл  дүниежүзілік  мәселелерге  айналып  кеткендігін  түсінсеңіздер екен.

Өзбек:

Тек  қана  шындықты, шындықтан  басқаны  айтпауға  ант  етемін.

Сараптаушы:

Адамның  сатқан  темекісінің   құрамын  зерттей  келе , анаша  қосылған  деген  қорытындыға  келдік.

Айыптаушы:

Сіздің  кәмелетке  толмаған  балаға  көшеде  темекі  сатқаныңыз  рас  болса,  оған  есірткі  қосылғанын  да   білдіңіз, сонда  да  бір  емес  бірнеше  рет  саттыңыз.

Өзбек:

Иә, білдім , бірақ  маған  тезірек  көп  ақша  қажет  болды.

Айыптаушы:

Сол  баланың   сіздің  темекілеріңізден  кейін  есірткісіз  тұра  алмайтын, атақты  нашақор  болып,  өз  туған  анасынан  қорқытып  ақша  сұрап, таппасаң  өлтіремін  деп  қуғанын, сол баланың   нашақорлармен  бірге  қосылып  алып,  бірнеше  үйге  тонауға  түскенін, бүкіл  бір  отбасының  6  бірдей  адамын  айуандықпен  өлтіріскенін , тіпті  бензин  құйып  өртеп  жібергендерінен  де  хабардар  боларсыз. Сөйтіп, өз  өмірін де , өзгенің  өмірін  де  құртқанын  білетін  боларсыз.

Өзбек:

Жоқ  білмеймін, білгім де  келмейді.

Айыптаушы:

Сот  алқасы , айыпталушының  осы  сөздерін  ескерсеңіздер  екен.

Сот:

Ескеріледі! Айыпталушы  келтірілсін!

Айыптаушы:

Бұл  мырза   үйіндегі   екі  өгей  балаларын  да  ішкізіп, өзі  де  мас  күйінде  ұйықтап  қалып, өз  үйлерін де, бүкіл  көршілерінің  үйлерін  де  өртеп  жібергендерін  байқамай  қалған!

Сараптаушы:

Иә, ішімдік  мөлшерінің  шамадан  артық  екендігі  медициналық  сараптамамен  дәлелденді.

Айыпталушы:

Ішекенімізді  мойындаймыз.

Хатшы:

Сот  алқасы  үкім шығарды. Сот  алқасы

Сот:

Кәмелетке  толмаған  балаларын  жаман  әдеттерге  тартып, оларды  күнә  жасауға  итермелегендері  үшін, саудагер  мен  ішкіш  екеуі  де  тиісті  жазаларын  алсын! Нашақор  жазасының  ауырлығына  жеңілдік  жасап 15  жылға, ал  ішкіш  мырза  көршілерінің  шығындарын  қалпына  келтіріп, 3 жылға  бас  бостандығынан   айырылсын!

Ал  арақ  пен  есірткіге , темікіге  үйір  болған  балалар  наркологтардың  тізіміне  жазылып, қатаң  тәртіпке  алынсын.

Автор:

Міне, өз  құлқындарының  құлы, аз  уақыттық  тойымсыз  құмарлықтың  құрбандары  болып  отырған  осы  адамдардың  бүгінгі  соттағы   шешіліп  жатқан  тағдырлары   басқалардың  өміріне сабақ  болсын .

Сот:

Алло, Білім  Денсаулық  сақтау және  Мәдениет  министрлігінен  дейсіз  бе? Иә, тыңдап  тұрмыз. «Қоғамымыздың   дамуына  жат   қылықтар»  туралы  сот  процесін  жаңа  аяқтап  отырмыз. Иә, жастар да, дәрігер де, құқық  қорғау  қызметкері де, ұстаздар  да  бәрі  де  осында, тыңдап  тұрмыз.

Магинитафондағы   жазылып  алынған  таспаны  қосамыз. «Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлының  2030 жылға  дейінгі   кезеңге   арналған  Даму  Стратегиясы  туралы  жолдауындағы  Қазақстанның  болашағы   сіздердің  қолдарыңызда» деп  артқан  сеніміне  үндеу  қосуға   дайын  екендеріңізді  білдіріп, «Денсаулық   салауатты  өмір  кепілі»  атты  аттестациялық

анкета  тапсыруларыңызды   өтінеміз.

Автор:  Сонымен  балалар, мынаны  үнемі  есте  ұстайық.

Арақ  аздырады,

Темекі  тоздырады.

Есірткімен  қосылып,

Наркологтың  тізіміне  жаздырады

Есірткіден  есіру  бар да,

Қылмыс  жасап  келісу  де  бар! …

«Жақсыдан  үйрен , жаманнан  жирен » деп  халқымыз  бекер  айтпаған. Жақсыны  көріп , тыңдап , соған  ұқсау  керек. Жаманды  көріп, зардабын   сезіп, бойыңды  аулақ  ұстау  білімділіктің, көрегенділіктің  белгісі. Өсер  елдің  баласына  салмақты, сабырлы , білімді, жат  қылықтан  аулақ, елдің  ертеңгі  азаматы  болып  өсе  берейік.

 

VІІ. Ендеше  барлығымызда    «Денсаулық  — салауатты  өмір  кепілі» атты  аттестациялық  анкета  тапсыруымыз керек.  Бұл  анкетаны  тренинг  түрінде  өткізейік.  (слайд № 11,12)

Нарколог:

Ал  ендеше  халайық  осы отырған  барлығымыз  анкета  жазуға  дайындалайық.

  1. Наша,нашақор,нашақорлық дегенді қалай түсінесің?
  2. Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстарының 1 млн. Гектар  жеріне  егілген  аждаһадан қалай  құтылу  керек  екендігі  туралы  қандай  кеңес  берер едің?

3.Қандай  наркотикалық  заттарды  білесің? (топтастыру)

Есірткі  бизнесінің  әлемдегі, Қазақстандағы  ірі  орталықтары (топтастыру)

4.Есірткіге  байланысты  туындайтын  қылмыс  түрлері. (топтастыру)

 

5.”Есірткі – жас  өмірді  улаушы” бұл  туралы  пікіріңіз.

 

1 оқушы

Қазіргі  нашаның  көп тарағаны – героин, яғни  ақ  ұнтақ. Одан адам  санасы  тез  уланады. Бірінші  рет  көргенде  ләззат  алады, сол  ләззатті  өмір  бойы  іздеумен  өтеді. Бір  рет  иіскеп  көр, одан  ештеңе  болмайды  деген  сөзге  ерсек, ол адам  организімін  тез  улап, жүйке  жүйесін  тез улайды.Одан  адам  тез  өліп  кеткенін  білмей  қалады.

2 оқушы:

Адамның  өзінен -өзі  бұзылып кетпейтіні  түсінікті  ғой. Біреуге – біреу ықпал  етеді. Жастардың  арасында  мода  деген  түсінік  қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі  артық  болып  көрінгісі   келеді. Қазір  оның  үстіне  не көп  түнгі  клубтар  көп. Нашаның  басты  таратылатын  орны – осы  түнгі  клубтардағы  дискотекалардан басталады. Сондықтан  жас ұрпақ  буыныңды  үсікке  шалдыра  көрме.

3  оқушы:

Нашақорлықты  басқаша  «мидың  қатерлі  рагі» деу  керек. Егер  ол  асқынып  кетсе  дағдарысқа  ұшырайды. Онда «мен» деген  нәрсе  болмайды, «әке  шешем  мен  үшін  жүгіріп  жүр ау, ертең  ел – жұртқа  қалай  қараймын», яғни  болашағына  есеп бермейді. Мақсаты  тек  біреу – «қайда  бар, кімде  бар, қалай  ақша  тапсам, қалай  алсам!» деп, есірткіні  ойлаумен  болады. Тіршіліктің  бар  мәні  осы  ғана деп  түсінеді.

 

4 оқушы:

Соңғы  мәліметке  сүйенсек, 13-15  жас   аралығында  жасөспірімдер  айықпас  удың  тұтқынына  айналуда.Нашақорлықтың  орташа  жасы 30-дан  да  төмендеп  кеткен. Соның  салдарынан  қылмыс  көбейе  түскен. Осындай  ауыр  апаттан  жастарды  арашалап  қалу  мақсатымен  тиісті  мекемелер  ғана  емес , бүкілхалықтық  іс  екенін ,бірігіп  жұмыс  істеу  керектігін  әрқайсымыз  жетік  түсінуіміз керек.

  • оқушы

Бүгінгі  жастардың  ой  арманы, мақсат – мүддесі, тілегі  тіршілік  тынысы   біздің  халықтың  ХХІ  ғасырдағы  бет  — бейнесін  көп  жағдаяттан  анықтап  берері  даусыз. Сол  себептен  жастарды  тұрмыс – салты  орнықты, күш  — қуаты  тасыған, денсаулығы  мықты, еліміздің нағыз  патриоттары қатарында  көруіміз  керек. Есірткіні  алғаш  қолданар  алдында  ең  алдымен  ойлан.  Ол  ешқандай  жақсылық  әкелмейтінін  ұмытпа.

  • оқушы

 

Егер  сен  қызық  ретінде  есірткі  сатып  алған  болсаң, онда  тез  құтылуға асық.     Танысың  қанша  жерден  үгіттесе  де  қарсылық  таныт!

 

  1. Мына мақал – мәтелдің, сөздің мағынасын   қалай  түсінесің?
  2. Шылымды  әр  тартқаның ,

Табытыңа  темір  шеге  қаққаның

  1.    Тамырын  умен  суарып,

Денсаулық    деген   егістің,

Шірітіп  апсың  біразын .

  1. Ұрпағымыздың зиянды әдеттерден  қорғана  білуі  үшін  қандай   кеңес   және  көмек  беруге  болады  деп   ойлайсың?

 

Жарайсыңдар, барлығыңда  аттестациялық  анкетадан  өттіңдер.

Сонымен  балалар  сөзімізді  қорытындылай  келе ,

“Жақсыдан  үйрен, жаманнан   жирен” деп  халқымыз  бекер айтпаған. Жақсыны  көріп, тыңдап, соған ұқсау  керек. Жаманды  көріп, зардабын  сезіп, бойыңды  аулақ  ұстау  білімділіктің, көрегенділіктің  белгісі. Өсер  елдің  баласына  лайық  салмақты, сабырлы, білімді, жат  қылықтан  аулақ, елдің ертеңгі  азаматы  болып  өсе  берейік!  дегім  келеді. ( слайд№13)