«Дарабоз» атты зияткерлік ойыны (3,4-сынып оқушылары арасында өткізілген сайыс)
«Дарабоз» атты зияткерлік ойыны
(3,4-сынып оқушылары арасында өткізілген сайыс)
Мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, қазақ тілі мен ана тілі пәндері бойынша танымдарын арттыруға жағдай жасау. Оқушының өзіндік ізденісін дамыту.Табандылыққа, тез ойлауға тәрбиелеу.
Әдісі: викториналық сұрақтар.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, көрме
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Көңілді кеш жасайық.
Жүргізуші:
Сіздерді алдымен «Дарабоз» зияткерлік ойынының шартымен таныстырып өтейік.Ойын төрт бөлімнен тұрады. Ойынға 2 топ қатысады. Әр бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қай топ көп сұраққа дұрыс жауабын айтса, сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші:
Сондықтан, осы сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылыр алқасымен таныстырайық.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Серігің болсын бойыңда.
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар, сайыс жолында!-дей келе ортаға «Көмбе» ойынының қатысушыларын шақырамыз.
І. Екі топ өздерін таныстырады.
І топ. «Алғырлар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
ІІ топ. «Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Жүргізуші:
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Келесі сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең– дей отырып, ойынымыздың «Асық иіру» бөлімінен бастаймыз.
ІІ. «Асық иіру» сайысында 4 тапсырма бар.
«Алшы» сұрағы: Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа айт.
«Тәйкі» сұрағы: Берілген сурет бойынша өз ойларын білдіру керек.
«Бүк» сұрағы: Мақалды жалғастыр.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
«Шік» сұрағы: Сурет бойынша өз ойларын білдіру керек.
Жүргізуші:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – дей келе «Шаршы иіру» бөліміндегі сұрақтарға жауап береміз.
ІІІ. «Шаршы иіру» бөлімінде 6 сұрақ болады.
- Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
- Тұрлаусыз мүшелерді ата?
- А.Байтұрсынов кім?
Жұмбақ : Қанатты бір тышқан,
Жасырынып күндіз,
Қараңғыда ұшқан.
(Жапалақ)
Жүргізуші:
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Жазып, біліп, асыл сөз термек үшін
Көрсетіп сұрақтардың жолын қалай
Келдім оларды айтып бермек үшін – деп, ойынымыздың «Мергендік» деп аталатын бөлімін бастайық.
ІV.«Мергендік» бөлімінде 8 сұрақ қойылады.
- Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас)
- Өнер алды – қызыл ……… (тіл)
- Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ……. боларсың (шешен)
- Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea)
- Денсаулық – зор …….. (байлық)
- Ашу — дұшпан, ақыл — ……. (дос)
- ….. оттан да ыстық (отан)
- Отансыз ……. , ормансыз бұлбұл (адам)
Жүргізуші:
Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді,
Дұрыс, әділ шешімін
Ұпай санағанша көрермендерге қызықты сұрақтар қойылады. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіп шыққан топ марапатталады.