Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
Тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері кетіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналық көрініс, анкеталық сұрақтар.
Барысы:
Мұғалім: Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.
Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.
Бұлар қандай әрекеттер?
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
І топ «Шылымқорлық»
Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».
ІІ топ «Ішімдік»
Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».
ІІІ топ «Нашақорлық»
Ұраны «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».
Мұғалім: Топтарға сөз бермес бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.
Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз жағдай.
2) Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы.
3) Мектептегі пәндерден үлгермеу.
4) Сабақтан тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.
5) Заңды бұзу.
6)Бөгде біреудің қысым көрсетуі.
7)Теледидар бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және фильмдер.
Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.
І – топ «Шылымқорлық»
1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.
3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.
Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:
- Не себептен балалар темекі шеге бастайды?
- Адам күніне бір қорап темекі шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?
Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.
ІІ — топ «Ішімдік»
1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:
- Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.
- Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.
- Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.
2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.
3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
1-оқушы: Кәпір ғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.
2-оқушы: Әзәзіл қоздырады, арақ тоздырады.
3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.
4-оқушы: Ішпесең-малын торысың,
Ішсең-елдің зорысың
Отбасының сорысың.
5-оқушы: Тазда бас бар, шаш жоқ
Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.
6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,
Күлдіріп отырып бүлдіреді.
Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.
ІІІ – топ «Нашақорлық»
1-оқушы: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
2-оқушы: Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
3-оқушы: Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.
4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.
Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, ессірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-бір жол.
Көрініс «У мен дерт».
Мұғалім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдер жарысы.
- Денсаулық – зор байлық.
- Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
- Шынықсаң – шымыр боласың.
- Ауруын жасырған өледі.
- Арақ – атаңның асы емес.
- Дені саудың – жаны сау.
- Ішің ауырса, аузыңды тый.
- Емнің алды – еңбек.
- Жарлының байлығы – денінің саулығы.
- Темекі – жау.
Мұғалім: Енді осы зиянды әрекеттер туралы мына анкета сұрақтарына жауап беріңдер.
Анкета
1.Зиянды әдеттердің адам денсаулығына зиянды екенін білесіз бе?
А) ия
ә) жоқ
б) күмәнім бар
2.Сіз зиянды әдеттерге бейімсіз бе?
А) жоқ
ә) көңілсіз болғанда
б) ия
3.Шылмның, ішімдіктің, есірткінің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?
А) ия
ә) көп әсері жоқ деп ойлаймын
б) білмеймін
4.Бұл заттарды сатуға тыйым салу жастардың қызығушылығын азайтады дегенге сенесіз бе?
А) ия
ә) жоқ
б) ішінара
5.Зиянды әдеттер туралы мағлұматтарды қайдан аласыз?
А) Ақпарат құралдарынан
ә) жолдастарымнан
б) ата-анамнан
Қорытынды.
Мұғалім: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ру-руға бөлініп, атыссын, шабыс-
сын демеген. Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бас-
тайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!