Тілім менің-тірегім

Тілім менің-тірегім

Мақсаты: Білімділік:    Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы   қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына  көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Дамытушылық: Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алуға, еркін сөйлеуге баулу.

 

Тәрбиелік:      Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге және баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап өсуіне тәрбиелеу

 

Көрнекілік: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.

 

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:

Мұғалім:     Бүгін біздің осылай  мерекелі  кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт-тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз-туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,- деп өткізгелі отырған «Тілім менің-тірегім»  атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Ана тілін-туған тілін кім қалай ардақтайды, ол туралы қазір әрқайсыларың өз өнерлеріңді ортаға салыңдар.

 

  • жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз-жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

 

 

  • жүргізуші:

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырып,

Біз алаңсыз, балғын  шақты балалар.

  • жүргізуші:

Ал енді оқушылардың ана тілі туралы дайындаған өлеңдерін  тыңдап көрелік.

 

Сүйемін туған тілім-ана тілін,

Бесігімде жатқанда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

 

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

 

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

  • жүргізуші:

      1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Иә, қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Оны мойындап, мәртебесін көтеру-бізге міндет, ұрпаққа парыз!

 

 

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түнлігін.

Тіл туралы заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

 

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кіршіксіз қардай сақтаңдар.

Қазақтың тілін ғаламат,

Ана тілім арым, иманым

Аманат саған, аманат.

 

  • жүргізуші:

Елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. Қазір өзге ұлт өкілдерінің тілінде оқушылардың өлеңдеріне құлақ түрсек.(орыс және ағылшын тілінде өлеңдер оқылады)

 

 

1-жүргізуші:

«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» деп Мұхтар Әуезов айтқан екен. Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.Ендеше, ойланайық достар!

 

Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек.

Өзімізді-өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметтеп басқаны біз осыны жөн десек.

 

Бар қазағым орысшалап бастайды,

Екіншісі шатып-пұтып қоштайды.

Қайран қазақ «дәрежеге жеттік» деп,

Өз тілінде жағын мүлде ашпайды.

 

Тілімізге келеміз тұрақтамай,

Ана сүтін жүрміз ғой түк ақтамай.

Жиындарды бастасақ басқа тілде,

Балалардан туады сұрақ талай.

2- жүргізуші:

Ән салса,айтса таң қаларсың,

Ән өзін тоқсан тоғыз қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазағымды

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың,-деп кезекті әнге берсек.

 

1-жүргізуші:

Қазақ халқы ежелден-ақ тіл қадірін біліп,ақылын дұрыс сөзге  бағындыра білген.

Үш кемеңгер дүлдүлім,

Сақтаған ел бірлігін!-деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би,Қазыбек би, Әйтеке бидің сөз үлгілеріне зер салайық.

 

Төле би:  Уа,  халайық!

                  Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар.

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

 

Қазыбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз,

                        Бірақ ешкімге соқтықпай,

Жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

 

Әйтеке би:  Тамыры суда тұрса да,

                       Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалды,

Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей

Аңқылдап есіп тұрады.

Қазақ тілінің биязы үні

Домбыраның күмбір қаққан сазындай,

Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей.

 

Мұғалім: 

      Тіл құдіреті  ауыз толтырарлықтай өте күшті. Тіл киелі, қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп сүюіміз керек. Сабағымызды Б.Момышұлының мынадай сөзімен аяқтағым келеді:

 

       «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабаларымызды , тарихымызды ұмыту»