Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан- Қасым Қайсенов.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан- Қасым Қайсенов.
Сабақтың мақсаты:
- Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов туралы мағлұмат беру, материалдар жинақтау және білімдерін тереңдету.
- Оқушылардың тілін, мәнерлеп айту,сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту
- Оқушыларды елін сүюге, мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың өмірі және партизандық өмірі жайлы слайдтар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру :
1 бастаушы: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздерді 2 сынып оқушыларының Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан- Қасым Қайсеновтың өмір жолына, Отаншылдық әрекетіне арналған сынып сағатын тамашалауға шақырамыз.
2 бастаушы:
Алтайдай алып тұлға – Қасым ағам,
Алмастай отқа салса жасымаған.
Бойында Бұқтырманың бұла күші
Болса да, арна теуіп тасымаған.
1 слайд.
- Оқушы:
Арайын арманымен астартырып.
Шашырап тұрар еді бақ шапағы…
Шаттанса, Қазақстан шаттансын де,
Дүниеде Қасекеңдей бар ақсақалы.
- Оқушы:
Белгілі кеңес жазушысы Қасым Қайсенов сәуірдің 23күні 1918жылы
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ аулында дүниеге
келді.
2 слайд.
- Оқушы:
Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1934 жылы Өскемен қаласында Саяси-ағарту техникумына түседі.
- 1935 жылы он жеті жасында техникумды жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған.
- Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегін шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі.
3слайд.
- Оқушы:
Одан кейін 1938 жылы облОНОда инспектор болып істейді, ал 1939жылы әскери барлау мектебіне қабылданды, оны 1941жылдың күзінде бітіреді.
- Оқушы:
1940-1941 жылы Қ.Қайсенов оңтүстік-Батыс майданның штабына жіберілген. Арнайы тапсырма бойынша ол жаудың қол астында қалған Украин жерінде жіберілді. Қасым Қайсенов Чапаев атындағы партизан байланысының үшінші отрядына жетекші етті. Молдавия,Карпат, Чехия және Румыния террияториясында шайқасты.
4 слайд.
- Оқушы:
Соғыстан кейін өз жеріне оралып, Қазақ ССР Жоғары Кеңес президиуымында, Жамбыл облысында атқару комитетінде қызмет атқарды.
- Оқушы:
Қ.Қайсенов ұзақ уақыт «Жазушы» және «Қайнар» баспасөзінде редактор, директор орынбасары болып жұмыс істейді.
5-8 слайд.
- Оқушы:
1954 жылы ол «Жас партизан»деген бірінші кітабын шығарады, өзінің шығармашылығын батырлық-патриоттық тақырыпқа арналған әдеби еңбегі басталды. Қазіргі оқырмандарға «Илько Ветряк», «Переяслав партизандары», «Өлім жазасынан», «Жау арасындағы ұл», «Днепрде», «Жау ішінде» кітаптары жақсы таныс. Ол шығармалары орыс және украйын тіліне аударылды.
Мұғалім:
Біздің жерлесіміз IIIдәрежедегі «Богдан Хмельницкий» орденімен, I дәрежедегі «Отан соғысы» орденімен, I дәрежедегі «Отан соғыс партизаны» екі медалімен, Кеңес өкіметінің 15 медалімен, үш мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған.
9 слайд.
- Оқушы:
Құдайдың берген мынау ғұмырында
Аңқылдап жүруші едің басың аман.
Жарқылдап заманыңда жақсы атағы,
Әркімнің дәл осылай атса таңы.
- Оқушы:
Жауласпай жауыменен жата алмадың,
Қазақтай қарапайым қатардағы.
Аттандық қасіреттің соғысына
Қай жерден бұйырады татар дәмің?
- Оқушы:
Еліңе зор даңқпен оралдың ба?
Атандың «Халық қаһарманы».
Халқымның ардақтысы – Қасым ата
Домалап тұрсын өрге тасың, ағам.
- Оқушы:
Жұлдызың жана берсін жоғарыда.
Жүз жасап жүре берші басың аман.
Алмастай тот баспайтын жарқырайды.
Алтайдың алтынындай-асыл Адам!
Мүғалім: Соғыс бұлты төнгенде, жаудың бетін қайтарған, елдің кегін қайтарған осы Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Сондықтан біздің міндетіміз елімізді, жерімізді, Отанымызды қорғау. Отанымызды қорғайтын, ардақтайтын азаматы ретінде біз өсіп келе жатырмыз.
Ән: «Ақ көгершін»